Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»



Дата14.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#168695
түріСабақ
Байланысты:
Сыныптан тыс іс-шара 6 г сынып
5h7AksbPjeKu6lEnUvfNCRtXZFayTY, Презентация Ағылшын Мухадил, А.Байтұрсынұлы өмірі мен шығ. ҚМЖ (копия) (копия) (копия) (копия) (копия), сынып сағаты Наурыз 6 сынып, етістік

«№188 мектеп-гимназия» КММ

«Информатика дарабозы» интеллектуалды ойын

Информатика пәнінің мұғалімдері:


Хамитова А.С
Нурмухан Г.С

2022-2023 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру. Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар, слайд, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.


Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 6 - сынып оқушыларын ортаға шақырамын.

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.


Жарыс кезеңдері:
1. «Кім жылдам?» әр дұрыс жауапқа 10 балл
2. «Суреттер сөйлейді» әр дұрыс жауапқа 10 балл
3. «Ойлы болсаң тауып көр» әр дұрыс жауапқа 10 балл
4. «Көкпар» әр дұрыс жауапқа 10 балл


І кезең «Кім жылдам?» Бұл сайыс кезеңінде 2 топқа сұрақ қойылады. Сұрақ жауабын қима қағаздарда жазылған әріптерді түтікше арқылы орналастыру қажет.

1 сұрақ. Есепшот құрылғысын Батыс Еуропада не деп атаған? (Абак)


2 сұрақ. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, пернетақта және ... (монитор)
3 сұрақ. Интернет қызметін пайдалану кезінде сымды қолданбайтын желі түрі? (Сымсыз)
4 сұрақ. Сурет салуға арналған графикалық редактор? (Paint)
5 сұрақ. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
6 сұрақ. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)


ІІ кезең. «4 сурет, 1 сөз». Оқушылар экрандағы суреттерді қарай отырып, сөзді тауып айту қажет.
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң тауып көр». Бұл кезеңде топ басшасы ортаға шығып құлаққаппен музыка тыңдайды. Топ мүшелерінің бірі тақтада көрсетілген сөз бойынша ымдап айтады.



1 топ
Тышқан
Принтер
Монитор
Программа
Ақпарат

2 топ
Информатика
Интернет
Графика
Сақтау
Пернетақта




ІV кезең «Көкпар». 2 топ оқушылары кезекпен тұрып, стаканға шарды үрлей отырып бір бағыттан екінші бағытқа жинай отырып, сұраққа жауап беру қажет.


1.Төртбұрышты әйнек,


Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Бұтақ орнында мың бір инесі,


Компьютер жаны мекені (кактус)

3. Тетігін бассаң алаңсыз,


Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

4. Батырмасын басасың


Қажетті файлды ашасың (тышқан)

2 топтың 4 кезең бойынша жинаған баллдарын есептей отырып, жоғары жинаған топ оқушыларына сыйлықтарын беру.


Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Информатика дарабозы» сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)


2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Терезенің орысша атауы? (Окно)
5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
8. Бір байтта неше бит бар? (8)
9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)
10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)
11 ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)
12. «Paint» қандай редактор? (графиктік)
13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
14. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
15. Дүние жүзілік желі? (Интернет)
16. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (Caps Lock)
17. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)
18. Компьютердің миы (Процессор)
19. Вирусты жоятын программа (антивирус)
20. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет