Ќр іім аќтґбе заѕ институты



бет5/8
Дата18.10.2022
өлшемі100,5 Kb.
#153684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
хаттама
Педагогика дайындық үшін-1
Науқастығына байланысты
А.С.Абилова - АҚП кафедрасының оқытушысы полиция капитаны; С.Р.Калипова - АҚП кафедрасының оқытушысы полиция капитаны;
Күн тәртібі:
Аазаматтық- құқықтық пәндер кафедрасына ауыстырылған Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры З.Нұрышпен
«ҚР Жер құқығы» пәнінен
№ 3 «Жер құқығы қатынастары» тақырыбы бойынша
301-307 оқу топтарында өткізілген байқау дәріс сабағын талқылау


Сөз алғандар:
Л. Жұбандықова.:
– Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, бүгін МҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры З.Нұрышпен байқау дәріс сабағы өткізілді, осыған байланысты талқылауға белсенді қатысып, сабақ өткізу сапасына жан-жақты талдау жүргізіп, өз пікірлеріңізді беруіңізді сұраймын. Алдымен кафедра бастығы полиция подполковнигі С.Н.Николаеваға сөз берейік.


С.Л. Николаева.:
– Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Нұрыш Зина Зинелқызы педагогикалық әрекетін 2011 жылдың қараша айынын бастаған, «Мемлекеттік- құқықтық пәндер кафедрасынан» 2013 жылдың маусым айынан бастап «Азаматтық- құқықтық пәндер» кафедрасына ауыстырылды.
Алдымен, оқытушы полиция майоры З.Нұрыштың байқау дәріс сабағы әдістемелік деңгейде және аудиторияның дайындығы қамтамасыз етіліп өткізілгеніне байланысты құттықтаймын.
Дәріс сабағына техникалық құралдардың қолданылуы да оң нәтиже береді, яғни оқытушының үнемі дидактикалық материалды қолданылуы өз бетінше дайындалғанын көрсетеді. Сабақ уақытында басталды. Ұйымдастыру уақытында сабақтың жоспары айтылды, сонымен қатар сабақ жоспары көрнекі слайдта да ұсынылды. Оқу журналдары толтырылды. Тақырыптың атауы, осы тақырыпқа берілген аудиториялық сағат уақыты, тақырыптың өзектілігі және басқа да құқықтық пәндермен байланысы айтылды.
Оқытушымен кіріспе сөзінде тақырыптың қайнар көздері, атап айтатын болсақ сабаққа қолданылатын әдебиеттер, кодекс, нормативтік –құқықтық актілер және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы берілді.
Тағы бір айтатын жағдай, оқытушы оқу материалын толық меңгерген. Сабақты талқылау барысында экрандағы слайдтар түрінде берілген материал бір қарағанда қарапайым көрінгенмен, қолдану барысы кезінде яғни слайдтың құрастырылу техникасының өзгеріп, әр түрлі бағытта көрсетілуі өте жақсы әсер береді. Осындай слайттарды қолдану кез келген қатысушының назарын аударады. Әр сұрақ бойынша тұжырымдамасы айтылды. Осыған байланысты дәрісті визуалды түрде өткізілді деп есептеймін. Себебі сабақтың көп бөлігі слайд түрінде көрсетілді. Алайда оқытушы көрінбей қалған сияқты болып білінді. Бұл бір жағынан оқытушының сабақ өткізудегі өзінше әдістемесі шығар деп ойлаймын. Менің ойымша аудиториямен байланыс болмағандығын көрсетеді. Бірақ үшінші сұрақты қарастырған кезде аудиториямен байланыс орнатылды. Осы мезгілде аудиториядан да сабаққа деген қызығушылық қозғалыстары басталды. Негізгі бағыттары бойынша дәріс жазу түрінде берілді, сырттай қараған кезде тыңдаушылар тарапынан барлығы жазылып отырды.
Дәрістің оқылу барысында Жер кодексіне сілтемелер жасалды. Сабақ уақытында аяқталды.
Ескерту ретінде айтатын болсақ, оқытушы көп жағдайда аудиторияның арасында жүру арқылы аудиторияны көз алдында ұстау қажет, оқытушымен ондай болған жоқ, бұл менің пікірім, себебі дәрістің соңғы жағында тыңдаушылар тарапынан үлгере алмаушылықтары жөнінде сұрақтар туындады, сондықтан тыңдаушылар тарапынан қандай сұрақтар қойылып, аталған тақырыпқа байланысты болмаса да жауап берілу қажет. Қорытындылай келе, сабақ жетістіктері жақсы деңгейде өткізілді, оқу –әдістемелік талаптар сақталды деп есептеймін. Сабақ соңында семинар сұрақтары, қосымша өзіндік дайындық жұмысына тапсырмалар берілді.
Оқу әдістемелік өңдеу талаптары байланысты барлық сұрақ көлемдері сақталды. Жалпы сабақ уақытында басталды, уақытында аяқталды.
Ескерту ретінде айтатын болсақ, ұйымдастырушылық бөлім менің сағатым бойынша 3-минут көлемінде қарастырылды, менің ойымша бұл ұйымдастыру бөлімі үшін аз деп санаймын. Бірақ бірақ оқытушының уақыты сақталып отыр, барлық сұрақтар бойынша берілген уақыт хронометражы қамтылды. Полиция майоры Нұрышпен өткізілген байқау дәріс сабағы оқу – әдістемелік деңгейде өткізілді деп есептемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет