ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман



бет14/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос
1310 9 кл 1, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, Progress test 4 key, IMG-20220613-WA0002, АҚС1, СЛАЙДЫ АЗА ША 22.09.2014-1
Қорытынды ережелер 

Қоғамды жаңарту және адами капиталға қойылатын талаптардың өсуi жағдайларында мемлекеттiк жастар саясаты елдi дамыту және қайта жаңарту құралына айналуға тиiс. 

Бұл жастардың әлеуметтiк қалыптасу процесiне қатысушылардың бәрiнен жастарды өз проблемалары мен жалпы ұлттық мiндеттердi шешуге тiкелей тартуға бағытталған тәсiлдердi әзiрлеудi және оны дәйектi iске асыруды талап етедi. 

Мұндай ауқымдағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндетiн жастардың ойдағыдай әлеуметтенуiне, мемлекеттiлiктi дамыту басымдықтарына қол жеткiзуге бағдарланған жобалық тәсiлдi қолдану арқылы ғана шешуге болады. Мұның бәрi, сайып келгенде, жастар мен бүкiл халықтың өзiндiк ұйымдасуы, Қазақстанның алдында тұрған мiндеттердiң ауқымына сай келетiн бастамаларды дамыту — азаматтардың әл-ауқатының өсуi және қоғамдық қатынастарды жетiлдiру үшiн орнықты шарттарды қалыптастырады. 

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев бiздiң буынның сүйiп оқитын кiтабына айналған «Қазақстан жолы» атты өз еңбегiнде атап айтқандай, «Егер де жастар гуманизмдi, бiлiмдi, жауапкершiлiктi, әдiлдiктi таңдап алса және өзiмшiл болмаса, онда олармен бiрге табыс та iлесiп жүредi». 

Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол — БIЗДIҢ ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚОЛЫНДА! 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет