ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман



бет6/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос
1310 9 кл 1, ОСӨЖ10 Адилов Айдос, Progress test 4 key, IMG-20220613-WA0002, АҚС1, СЛАЙДЫ АЗА ША 22.09.2014-1
Заңға мойынұсынушылық 

Заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жетiлдiруге және шынайы құқықтық мемлекет құруға қабiлеттi екенi айқын. Заңды бұлжытпай орындау жастардың өмiрлiк дағдыларына айналуы керек. Бұл өсiп келе жатқан буында әсiресе, «ересек» өмiрдiң дағдылары жаңа қалыптаса бастаған кезеңiнде маңызды болып табылады. Құқықтық сананың өсуi, белгiленген тәртiп ережелерi мен қағидаларын құрметтеудi қалыптастыру барлық әлеуметтiк институттардың ерекше назар аударатын нысанасына айналуға тиiс. Заңның беделдi болуы қазақстандық жастардың санасында қазiргi кезеңнiң дамуының базалық құндылығы ретiнде мығым орнығуы қажет. 



Бiлiм 

Жастардың дәстүрлi құндылықтары — бiлiм мен мансап бiлiм беру жүйесiнiң еңбек нарығына айқын бейiмделудi, анықталған қажеттiлiктер мен технологиялық жаңалықтарды ескере отырып, бiлiм беру мен кәсiптiк даярлау жүйесiнiң экономикалық, әлеуметтiк және кәсiпкерлiк болмысқа сәйкестiгiн қамтамасыз етудi назарға ала отырып, қайта қаралуға тиiс. Жастар арасында ғылымның мәртебесiн арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзiрлеуге тарту жастар саясатының негiзгi бағыттарының бiрiне айналуы қажет. 



Еңбекқорлық 

Жалпыға ортақ еңбек қоғамында жастардың аса маңызды негiзгi құндылықтары жастарды экономикалық-еңбек қызметiне тартуға негiзделген еңбексүйгiштiк пен ерекше еңбек этикасы болуы керек. Осыған байланысты, «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын жастарға өздерiн көрсетуге айрықша мүмкiндiк беру үшiн ұсынады. 

Жастардың iске жұмыла бiлуiнiң экономикалық құндылығы аса жоғары. Зерттеулерге сәйкес жастардың үштен бiрi жұмыс үшiн елдiң кез келген өңiрiне баруға әзiр. Кез келген жағдайда әлеуметтiк бейiмделуге әзiрлiк, жастардың өз iсiнiң дұрыстығын дәлелдеп беруге табиғи ұмтылысы өсу нүктелерi — Астанада, Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде, Ақтауда iшкi көшi-қон мәселесiн шеше алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет