ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев



Дата12.10.2022
өлшемі26,72 Kb.
#152793
Байланысты:
баяндама химия
Сабақта «табысты оқушы» жағдаятын құрудың әдіс – тәсілдері. (БиС технологиясы бойынша), Сабақта «табысты оқушы» жағдаятын құрудың әдіс – тәсілдері. (БиС технологиясы бойынша), 1 каза, tarsia 6 сынып, Презентация Ждановская ОШ

Баяндаманың негізгі мазмұнында ауыл мектебі жағдайында химия пәні мұғалімінің күнделікті іс-тәжірибесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың артықшылығы мен тиімділігі айқындағым келеді.
«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгелі 30 жыл  болды.Осы уақыт аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты,  қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің  белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында АКТ –ны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.Оқытудың жаңа ақпараттық –коммуникативтік  технологияларын меңгеру- қазіргі заман талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11- бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын,оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік,қашықтан оқыту,ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
2014-2015 оқу жылы біздің мектебімізі күрделі жөндеуден өтті.Білім беру үрдісінің негізгі талаптарына сай мектебіміз толықтай жаңарып,кабинеттер жаңадан жасақталды. Химия кабинеті де қажетті оқу-әдістемелік, көрнекілік, техникалық және химиялық құралдармен толықтай жабдықталды. Ауыл мектебі бола тұра оқыту процесін ұйымдастыруға барлық жағдайдың жасалуы, әрбір ұстазға іс-тәжірибесін шыңдап,оқушыларға сапалы білім беруге ынталандырары сөзсіз.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық блім дағдыларын қалыптастырумен бірге, өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуіне назар аудару.
Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердіңзаңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс.
Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта );
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер
барысында анықтайды.
7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі –
оқушылардың білім деңгейі анықталып, зерттеу жасалып, түзету
жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды
талап етеді. 
Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулаларды, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны сабақ үрдісінің барлық барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Педагогикалық өтілім барысында 2012 жылы Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында химия пәнін оқытуды ұйымдастыру» курсына қатыстым. Курс барысында білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік негіздері мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар модулі бойынша дәріс тыңдадым. Алған теориялық білімді жетілдіріп, шыңдау мақсатында күнделікті сабақта компьютер көмегімен слайдтар мен презентацияларды жиі қолдандым.Сабақ барысында оқушылар алдын-ала құрылған,дайын түрдегі материалмен танысып, айтылған ақпаратты көзбен көру арқылы білімдерін нақтылай түсті.
Сарамандық және зертханалық жұмыстар барысында интербелсенді тақта көмегімен көрсетілген видеороликтер тәжірибені мультимедиалық түрде орындауға және оқушыға өз бетінше орындалған тәжірибеден қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,зерттеу сабақтарында оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізгенде смарт телефондарын қолданып ғаламтор арқылы керекті ақпаратты тез және үлкен көлемде алуға мүмкіншілік береді.
2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткізілген «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» курсына қатысып, электронды оқыту жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстым.Оқытуды ұйымдастыру және басқару кезіндегі жеңілдіктердің ,әсіресе Aktivstudio бағдарламасы арқылы Флипчартта тест тапсырмаларын құрып,орындалғаннан кейін тексерудің көп уақыт алмайтындығы қуантады.Химия сабағында тарауларды қорытындылау немесе қайталау кезінде осындай тест тапсырмаларын орындау сабақ барысындағы ұстаз бен оқушының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
2014 жылы «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығына қатысып,оқыту жаңа технологиясы мен ақпараттық технологияны өзара ұштастырып,тиімді пайдалану арқылы сабақ беру процесін жеңілдетуге болатындығына тағы бір мәрте көз жеткіздім.
Қосымша материалдарды іздеп,электрондық оқулықтарды,интерактивті тақтаны,интернетті пайдалану арқылы оқушы танымын кеңейтіп,дүниеге деген ғылыми-материалистік көзқарастарын тереңдету мақсатымен ұйымдастырылған сабақтарда үлкен нәтижеге қол жеткізуге болатындығы айқындала түсті.
8-ші сынып оқушылары бейорганикалық химия курсын бастап, «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауымен танысу кезінде кең ауқымды мәліметтерді оқулықтан бөлек, слайд-презентация немесе бейнероликтер арқылы таныса алады.Сонымен қатар, «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары», «Органикалық қосылыстардың жіктелуі» тарауларын өткен кезде химиялық айналымды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазуға берілетін тапсырмаларды оқушылар интерактивті тақтаға орындайды.Осылайша үлгерімі төмен оқушылардың да тапсырманы орындауға қызығушылығы артады.
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп,еңбектері үстем болсын.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, химия сабағында АКТ қолданудың тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, ақпараттық технология оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен, әрі сапалы қолдануға мүмкіндік беретін құрал.
Алайда, сабақ үрдісінде АКТ-ны қолданудың талаптарына сай салауаттылықты сақтау мақсатында 15 минуттан артық қолдануға болмайтындығын ескерген жөн.Әр ұстаздың алдында тұрған мақсат тек білімді,жан-жақты дамыған, заманауи техниканы жақсы меңгерген шәкірт тәрбиелеу емес, ең басты рухани және физикалық тұрғыда сау азаматтарды тәрбиелеу екенін естен шығармайық.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. С.Т.Мұхамбетжанова,М.Т. Мелдебекова «Педагогтардың ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі» Алматы «ДайырБаспа» ЖШС, 2010

  3. 3. «Химия пәнін оқытуда АКТ пайдаланудың тиімділігі» Н.Т.Кожбанова

  4. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011

«Химия мектепте» Ғылыми-әдістемелік журнал (№1 2010 жыл)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет