Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет3/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы
ИКТ Е.Мади Реферат, 3-4 апта
 
 



 
Алғы сөз 
Мәдениеттану
 
пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік дәрістер 
жинағы. 
Мәдениеттану 
— мәдениет
 
туралы ғылым әрі философиялық ілім. 
Жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. 
Мәдениеттау пәні жергілікті және а
ймақтық мәдениеттердің сапалық 
ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа 
түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттеу. 
Мәдениеттану курсының мақсаты- қоғамдық-гуманитарлық пәндердің 
бірі болып, студенттік жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, яғни 
бүгінгі 
заман 
сабақтастығының 
талабымен 
түсінуге 
мүмкіндік 
береді.Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін 
заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық 
бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта 
жаңғырып, өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің, 
парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру. 
Пәннің міндеті: 
- гуманитарлық пән ретінде мәдениеттануды ашу;
Мәдениеттің мазмұны мен мәнін түсіну;
- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше 
пайдалану;
- болашақ практикалық іс-әрекетінде мәдениеттану білімдерді қолдану. 
Мәдениттану - пән аралықбайланыстармен, яғни философиямен, 
тарихпен педагогиканың басқа да салаларымен тығыз байланысып жатады.
Мәдениеттану пәні - өзінің даму тарихы, зерттеу әдістері бар. Жалпы 
ғылымдарының әдіснамалық мәселелері, оның өз құрылғылары мен пән 
аралық байланыстары да кіреді.
 
Психология курсының мақсаты: болашақ мамандардың негізгі 
психологиялық ұғымдар бойынша ғылыми-теориялық көзқарастарын 
қалыптастыру; психологиялық ғылыми туралы түсініктерді дамыту.
Пәннің міндеті: 
- гуманитарлық пән ретінде психологияны ашу;
- субъектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды 
психологиялық тұрғыдан талдау; 
- негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру 
және олардың мазмұны мен мәнін түсіну;
- оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді өз бетінше 
пайдалану; 
- болашақ практикалық іс-әрекетте психологиялық білімдерді қолдану. 
«Психология» пәнін оқу орта мектепте жантану, әдептану сабақтары 
бойынша 
алған 
білімдерге 
негізделеді. 
Психология 
пән 
аралық 



байланыстармен, яғни философиямен, педагогикамен, психологияның басқа 
да салаларымен тығыз байланысып жатады.
Психология пәні - өзінің даму тарихы, зерттеу әдістері бар. Жалпы 
психологияның пәніне сондай-ақ психология ғылымдарының әдіснамалық 
мәселелері, оның өз құралдары мен пән аралық байланыстары да кіреді.
Дәрістер жинағында оқытудың жаңа әдістерін жасау жеке басының 
мәдени дамуын, қоғамда, қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттейтін 
құрылымдарының заңдылықтарын табу. Табиғи және жасанды жағдайларда 
адамның психикалық процестерінің дамуы мен іс-әрекетін: қоғамдық мінез-
құлықтың және тіршіліктің субъектісі болып табылатын адамның жеке 
басының дамуын, мәдениеттану, психология ғылымдарының теориялық және 
фактілер қорын жалпылау жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет