Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


ІІІ-Үғғ. қоғамдық және мемлекеттік құрылысы



Pdf көрінісі
бет4/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
ІІІ-Үғғ. қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. 
Рим 
империясының бұл салаларында дағдарыс терең орын алды. 235 


12 
және 284 жылдардың аралығында 26 император ауысып, оның 
тек біреуі ғана өз ажалынан қайтыс болған. Император 
Диоклетиан (284-305)
кезінде Рим империясының мемлекеттік 
құрылысы өзгеріске ұшырады. Ол өзінің үстемдігін ашық 
орнатуға кірісті. Император бұдан былай 
принцепс
емес (яғни 
азаматтардың ішіндегі ең жақсысы, тең құқықтылар ішіндегі 
біріншісі ғана емес ) д
омину
с-мырза, билеуші, оның еркі жоғар-
ғы заң болып табылады. Империя 
принципаттан
яғни респуб-
ликалық дәстүрлердің кейбірін сақтаған биліктен д
оминатқа
шексіз биліктің түріне өтті. Сөйтіп, «
республикадан
» деспотияға 
айналды. Мемлекетті басқару қызметін икемсіз , сатылы бюро-
кратиялық аппарат атқарды. Сенат іс жүзінде маңызынан айры-
лып, өз орнын 
консистория
деп аталатын императорлық кеңеске 
берді. 
Доминат дәуірінде жаңа әлеуметтік бөлу қалыптасып: 
«
лайықтылар
» мен «
мүсәпірле
р» деп аталды. Лайықтылар ара-
сынан «
ғизатты
» топ бөлініп шықты. Оның өзі үш топқа бө-
лінді. Мүсәпірлерге ерікті туған плейбейлермен қатар колондар, 
еркіндікке жіберілген құлдар жатқызылды. Императордың ор-
дасы енді көбіне Римде емес, Константинопольде, Равеннада, 
және басқа қалаларда орналаса бастады. 
Диоклетиан империяны төртке бөлді: 
1) 
Шығыс
, оған Кіші Азия, Египет, Фракия қарады
2) 
Иллирияға 
- Македония, Грекия кірді; 
3) 
Италиғая
Италия, Балқан түбегінің сол-батыс бөлігі, 
Африка қарасты болды; 
4) 
Галлияға 
Галлия, Испания, Британия және Мавретания 
(Африканың батысы) енді. 
Константин кезінде билік императордың қолында шоғыр-
ланып, төрт бөлігі 
префектура деп аталды.
Олардың әр қайсы-
сы 12 (кейіннен 14) диоцездерден тұрды. Диоцездерді 
викарий-
лер
басқарып, тікелей императорға бағынды. 
Диоклетиан мен Константин (306-337) империяның әкім-
шілік-қаржы аппаратын нығайту үшін 
реформалар
жүргізді. Бұл 
реформалардың басты міндеті жергілікті билеушілердің рөлін 
әлсірету еді. Азаматтық билікті әскери биліктен бөлу де осы 


13 
мақсаттан туындаған болатын. Провинциялар мен префектура-
ларда әскери басшының қызметі енгізілді. 
Диоклетиан реформасында әскерге көп көңіл бөлінді. Әс-
кердің таңдаулы топтары елдің ішінде орналастырылып, билікке 
қарсы түрлі бүліктерді басуға пайдаланылды. Ал, қалған топта-
ры шекаралық обылыстарда әскери-қоныстанушылар ретінде 
жерге отырғызылған. Сонымен бірге осы кезеңде варарлардан 
(Рим империясымен көршілес тайпалардың адамдарын осылай 
атаған) құрылған қосымша әскери топтардың маңызы артты.
ІҮ ғ. империя варварлардан, солардың өздерінен құрылған әске-
ри топтардың көмегімен қорғанды. Әскерге варварлар мынадай 
жолдармен алынды: ең алдымен, империяның федераттары және 
одақтастарымен әскери жасақ жіберу туралы келісім жасалып, 
жіберілген жасақтар империя аумағына орналастырылып, тұрақ 
жаймен, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Содан кейін, импе-
рияға бағынғандарға шекаралық облыстардан жер беріліп, со-
лардан әскерге адам алынды. Әскери реформа алғашқыда та-
бысты болғанымен, империяның соңғы дәуірінде варварлардың 
империя шекарасын қорғауы, оның құлауының себептерінің бі-
ріне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет