Рабочая учебная программа Мамандық : 5В071200 «Машинажасау»



бет2/2
Дата25.03.2017
өлшемі381,03 Kb.
#12282
түріРабочая учебная программа
1   2

2 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


Бакалавр деңгейіндегі студенттерді дайындауда «Қазақ тілі» пәні міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған силлабус қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне сәйкес, орташа (А1, А2, В1, В2) деңгей бойынша оқитын орыс бөлімі 5В071200 «Машинажасау», 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар», 5В072200 «Полиграфия», 5В072300 «Техникалық физика», 5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 5В080600 «Аграрлық техника және технология», 5В090100 «Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бакалаврларына арналған. Курстың мазмұны қазақ тілін мәдениаралық, болашақ кәсіптік қызметінде кәсіби-іскерлік қатынас құралы ретінде игеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
2.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі пәні жалпы білім беру пәндерінің ішінде міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларын байытады. Оқытуда студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын дамыту, жетілдіру негізгі мақсат болып табылады.
2.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану; қоғамдық саяси, әлеуметтік, кәсіби-іскерлік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; кәсіби бағдарлы мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрену.

Қазақ тілін үйрену нәтижесiнде типтік бағдарламада қарастырылғандай, орташа ( А1, А2, В1, В2 ) деңгей көлемінде студенттер:

1 Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін меңгерулері;

2 Типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына қажетті минимумды меңгерулері: а) оқылымның барлық түрлерін игеруі; б) диалог, монолог, полилог түріндегі баяндалған мәтіннің мазмұның түсініп тыңдауы, сондай-ақ тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруі; в) қатысымдық міндеттерді орындауда типтік бағдарламада көрсетілгендей тіл дамытуға қажетті минимумды (сұхбат құра білуді, пікірталас жүргізе білуді, сипаттама, хабарлама жасай білуді) игеруі; г) фонетика, орфография, грамматика, лексика тұғысынан типтік бағдарламада көрсетілген минимум көлемінде сауатын жетілдіруі қажет.


2.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі:

Білім алушылар білуге тиіс:



  • грамматикалық білімдерін, жазбаша сауаттылықтарын арттыру;

  • терминдерді меңгерту;

  • студенттердің сөздік қорларын жетілдіру.

Дағдылары:

-қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

- қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


  • теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

  • қазақ тіліндегі әр түрлі мәліметтерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:



  • сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру;

  • студенттердің білімдерін практикалық жолмен меңгерту;

  • ақпараттарды саралауға, оларды орнымен қолдана алу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау.


2.4 Пререквизиттер
Қазақ тілі пәнін оқу үшін студентке келесі пәндер бойынша білім қажет: қазақ тілінен орта мектеп бағдарламасы бойынша алынған білімі, орыс және шет тілінен, мамандықтану пәнінен.
2.5 Постреквизиттер
Қазақ тілі бойынша алған білімі өзге тілдерді үйренуде, мамандық бойынша пәндерді, «Кеңселік және құжаттамалық жұмыс негіздері», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерін оқытуда қажет болады.

3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


3.1 Оқу жұмысының жоспары


Тақырып атаулары

Көп еңбекті қажет ететін пән,сағат

Оқу түрі

күндізгі

Күндізгі қысқ.

Сырттай

Сырттай қысқ.

1

2

3

4

5

Семинарлық (тәжірибелік) сабақ

1 семестр

А1 - А2 деңгейлер



Тақырып 1

Мен және қоршаған орта


Мақсаты: Аталған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасай білуі, қызмет бабындағы қалыптасқан этикет формаларын қолдана білуі қажет.

Лексикалық минимум: Әдеп ережелері. Танысу. Өтініш. Кешірім сұрау. Амандасу, қоштасу рәсімі. Қазақ салтындағы амандасу үлгілері. Амандасудағы жас ерекшеліктері. Қызмет бабындағы қалыптасқан этикет формалары. Отбасы. Жеке ақпараттық мәлімет (ұлты, жас мөлшері, лауазымы, мамандығы, мекенжайы, телефон нөмірі, отбасы жағдайы). Студент өмірі. Күн тәртібі. Университет.

Грамматикалық минимум: Үндестік заңы (буын үндестігі, дыбыс үндестігі). Буын, оның түрлері. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.

Жұмыс түрлері: Анықтау тестін өткізу. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс. Лексика-грамматикалық жаттығулар, қатысымдық тапсырмалар.

Ағымдағы тест.

Студенттердің тақырып бойынша өздік жұмыстарының қорытындысы.





+

-

-

-

Тақырып 2

Бос уақыт және қызығушылық



Мақсаты: Бос уақытты тиімді пайдалану, әуестік, қызығушылық тақырыбына қатысты өз ойын жеткізе білу.

Лексикалық минимум. Мезгіл. Уақыт. Демалыста. Әуестік.

Грамматикалық минимум: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Омонимдер. Антонимдер. Синонимдер. Тұрақты сөз тіркестері,

жасалуы. Қанатты сөздер.

Жұмыс түрлері: «Уақыт алтыннан да қымбат» атты т.б. мәтіндермен

жұмыс. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Студенттердің тақырып бойынша өздік жұмыстарының қорытындысы.


+

-

-

-

1

2

3

4

5

Тақырып 3

Мінез және келбет



Лексикалық минимум: Адамның сыртқы келбеті. Мінез. Досым. (Шағын шығарма. Досын сипаттау).

Грамматикалық минимум: Зат есім, түрлері. Көмекші есімдер. Зат есімнің жалғаулары. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.

Жұмыс түрлері: Лексика-грамматикалық жаттығулар. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. «Менің досым (әріптесім)», т.о.с. тақырыптарға сұхбат жүргізу.

Ағымдағы тест.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.


+

-

-

-

Тақырып 4

Саяхат


Лексикалық минимум: Жазғы саяхат. Қазақстан көне қалаларына саяхат. Автомобильмен саяхат.

Грамматикалық минимум: Сын есім және оның мағыналық

түрлері.



Жұмыс түрлері: Лексика-грамматилық жаттығулар. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс. «Автобекетте», ”Жол үстінде” т.о.с. тақырыптарға диалог жүргізу.

+

-

-

-

Тақырып 5

Денсаулық – зор байлық



Лексикалық минимум: Дәрігердің қабылдауында. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік бағадарлама.

Грамматикалық минимум: Сын есімнің шырайлары.

Жұмыс түрлері: Лексика-грамматилық жаттығулар. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс. «Дәрігердің қабыдауында»,”Дәрігер кеңесі” т.о.с. тақырыптарға диалог жүргізу.

+

-

-

-

Тақырып 6

Тәуелсіз Қазақстан



Лексикалық минимум. Қазақстан Республикасы. Қазақстан – 2030. Қазақстандағы ұлы мерекелер. Қазақстан қалалары.

Грамматикалық минимум:Сан есім, оның түрлері.

Жұмыс түрлері. «Астана – Қазақстанның астанасы», «Қазақстан Республикасы» атты мәтіндермен жұмыс: мәтінге дейінгі, мәтіннен кейінгі деңгейлік тапсырмалар. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Студенттердің «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыбы бойынша өздік жұмыстарының қорытындысы.



+

-

-

-

Тақырып 7

Қоғам және жастар



Лексикалық минимум: Негізгі сұрақтары. Қазақстан болашағы жастарға байланысты. Студент болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Президенттің жолдауы. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңартпашылық пен оқу-білімді жетілдіру арқылы білімді экономикаға” 26 мамыр 2006ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия


+

-

-

-

1

2

3

4

5

ұлттық университеті оқытушылары мен студенттері алдындағы оқыған дәрісі. Жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Грамматикалық минимум: Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің септелуі.

Жұмыс түрлері. „Қ.Сәтбаев” (Н.Оралбай, К.Құрманәлиев 334б), “Жаңартпашылық пен оқу-білімді жетілдіру арқылы білімді экономикаға” (газет, журнал), «Басшы келбеті» (З.С. Күзекова. Қазақ тілінің практ. курсы, 129-130 б.) т.б. атты мәтіндермен жұмыс: мәтін бойынша жаңа сөздер сөздігін жасау, мәтінге жоспар құру, сұрақ қою, мәтін мазмұнын айта білу.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы: «Қазақстан болашағы бізге байланысты» - дөңгелек үстел (пікірталас, конференция т.б. түрлері).

Ағымдағы тест.














Тақырып 8

Қазақтың өнері мен мәдениеті



Лексикалық минимум. Қазақтың қолөнері. Діни мерекелер. Қазақтың туыстығы. Қонақты қарсы алу, күту рәсімі. Ұлттық музыкалық аспаптар.

Грамматикалық минимум: Етістік, оның түрлері.

Тұйық етістік. Терминдердің жасалу жолдары.Осы шақ, түрлері.

Келер шақ, түрлері.

Жұмыс түрлері: Лексика-грамматикалық жаттығулар. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.




+

-

-

-

Тақырып 9

Адам және табиғат



Лексикалық минимум: Жер - ана. Асыл топырақ. Су - әлемдік маңызы бар мәселе.

Грамматикалық минимум: Өткен шақ түрлері. Есімше, оның

сөйлемдегі қызметі, жасалуы мен түрлері.



Жұмыс түрлері. «Асыл топырақ», (З.С. Күзекова. Қазақ тілінің

практ. курсы, 63-67 б), «Туған жердің сұлу табиғаты»

(Н.Оралбай, К.Құрманәлиев. Қазақ тілі, 182-183 б.),

«Бурабай көлі», «Жер мен тіл» т.б. (Н.Оралбай, К.Құрманәлиев.

Қазақ тілі, 192-193 б) атты мәтіндермен жұмыс: мәтінге дейінгі,

мәтіннен кейінгі деңгейлік тапсырмалар. Тақырып көлемінде

қарым-қатынас жасауға жаттықтыру.

Аралық тест. Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы: дөңгелек үстел.



Қорытынды бақылау.


+

-

-

-

2 семестр В1 – В2 деңгейлер

Тақырып 1

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор


Лексикалық минимум: Қоғам және тіл. Қазақстан Республикасының тіл


+

-

-

-

1

2

3

4

5

саясаты. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы.

Грамматикалық минимум: Етістіктің райлары. Көсемше, көсемшенің сөйлемдегі қызметі, жасалуы мен түрлері.

Жұмыс түрлері: Лексика-грамматикалық жаттығулар. Мәтінмен жұмыс: (Н.Оралбай, К.Құрманәлиев. Қазақ тілі, 145б.-151б.), «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл», «Қазақ тілі –қазақ халқының рухани байлығы»атты мәтіндер тыңдалым әрекеті арқылы меңгеріледі. Тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Ағымдағы тест.


Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы: «Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» тақырыбына арналған сабақ-конференция.













Тақырып 2

Менің мамандығым.


Лексикалық минимум: Болашақ мамандығым. Жұмыс орны. Жұмысты жоспарлау. Жұмыс барысы.

Терминдік минимум. Қызмет бабындағы қалыптасқан этикет формалары.

Грамматикалық минимум: Етістер (өзгелік, өздік, ырықсыз, ортақ).

Жұмыс түрлері. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Жұмысқа орналасу», «Танысу», «Байқауға қатысыңыз» т.б. атты рөлдік ойын не диалог. «Менің мамандығым», «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі ЖШС (Маселова К. «Қазақ тілі» механика факультетінің студенттеріне арналған нұсқаулар 12-15 б., А.Қонарбаева, К.Маселова Қазақ тілі мәтіндер жинағы) атты мәтіндермен жұмыс. Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтыру.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.



+

-

-

-

Тақырып 3

Мамандық тарихы.


Лексикалық минимум: Қазақстан энергетикасының даму жолдары. Өскемен су электр стансасы. Тақырыпқа байланысты терминдерді игеру.

Грамматикалық минимум: Үстеу, мағыналық түрлері.

Ағымдағы бақылау жұмысы (тест).

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.


+

-

-

-

Тақырып 4


Білім де бәсекеге түседі

Лексикалық минимум: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім ордасында. ШҚМТУ тарихы. Білім - байлығымыз. Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі. Ел болашағы – білікті маман қолында. Ұлттық рухы күшті адам. Тақырыптық лексика.

Грамматикалық минимум: Шылау сөздер туралы түсінік. Септеулік шылаулар.Жалғаулықтар. Демеулік шылаулар. Шылаулардың емлесі.

Жұмыс түрлері. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Даму тетігі ғылымда” (Г. Әлмұрзина, А. Мұратбекова. Қазақ тілі, 51б.), “Жаңартпашылық пен оқу-білімді жетілдіру арқылы білімді экономикаға” (газет, жұрнал), «Үлкен үміт күтеміз» атты мәтіндермен жұмыс. Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.





+

-

-

-

1

2

3

4

5

Тақырып 5


Қазақстан әлемдік кеңістікте

Лексикалық минимум: Қазақстан – Азия барысы. Қазақстан жаһандану дәуірінде. Тақырыптық лексика.

Грамматикалық минимум: Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер.

Жұмыс түрлері. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс. Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.



+

-

-

-

Тақырып 6


Халықаралық қатынастар

Лексикалық минимум: Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық. Халықаралық ұйымдар. Қазақстан экономикалық, мәдени, халықаралық қарым-қатынастары. Тақырыптық лексика.

Грамматикалық минимум: Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер. Сөйлем мүшелері.

Жұмыс түрлері. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс: «Өскемен теникалық жастар орталығы». Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттығу.

Студенттердің өздік жұмыстарының қорытындысы.




+

-

-

-

Тақырып 7


Ғылым мен техника.

Лексикалық минимум Қоғам және ғылым. Өндірістің дамуы мен ғылымның байланысы. Терминдік минимум.

Грамматикалық минимум: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Жұмыс түрлері. Лексика грамматикалық жаттығулар. «Ғылыми-техникалық жетістіктер», «Отандық өндірісті көтеру – бәріміздің парызымыз» (Н.Оралбай, К,Құрманәлиев, газет материалдары). Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтығу. Ағымдағы тест.


+

-

-

-

Тақырып 9

Ғылым мен техника



Лексикалық минимум: Қоғам және ғылым. Өндірістің дамуы мен ғылымның байланысы. Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы. Терминдік минимум.

Грамматикалық минимум: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Жұмыс түрлері. Лексика грамматикалық жаттығулар. «Ғылыми-техникалық жетістіктер», «Отандық өндірісті көтеру – бәріміздің парызымыз» (Н.Оралбай, К,Құрманәлиев, газет материалдары). Ұсынылған тақырып көлемінде қарым-қатынас жасауға жаттықтығу.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Мәтінмен жұмыс.

3. Аралық қорытынды бақылау.




+

-

-

-

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

1 семестр



Тақырып 1

Мен және қоршаған орта

Кеңес алу. Жаттығу.


+

-

-

-

Тақырып 2

Бос уақыт және қызығушылық

Кеңес алу. Жаттығу. Тілдік және қатысымдық жаттығулар. Мәтіндермен жұмыс.


+

-

-

-

Тақырып 3

Мінез және келбет

Тілдік және қатысымдық жаттығулар. Мәтіндерге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Тақырып 4

Саяхат


Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

+

-

-

-

Тақырып 5

Денсаулық-зор байлық

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.


+

-

-

-

Тақырып 6

Тәуелсіз Қазақстан

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Жоба: “Менің Отаным - Қазақстан".



+

-

-

-

Тақырып 7

Қоғам және жастар

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.


+

-

-

-

Тақырып 8

Қазақтың өнері мен мәдениеті

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.



+

-

-

-

Тақырып 9

Адам және табиғат

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.



+

-

-

-

2 семестр В1 – В2 деңгей

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Менің мамандығым

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Мамандық тарихы

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Білім де бәсекеге түседі

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

1

2

3

4

5

Қазақстан әлемдік кеңістікте

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Халықаралық қатынастар

Тілдік және қатысымдық жаттығулар.

Мәтінге берілген тапсырмалар.


+

-

-

-

Ғылым мен техника

Тілдік және қатысымдық жаттығулар. Мәтінге берілген тапсырмалар.

Жоба: Ғылым мен техника. Бақылау түрі: «Ғылымының отандық өндірісті көтерудугі рөлі » атты дөңгелек үстел/сабақ-конференция/.


+

-

-

-

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ




Тақырып 1

Мен және қоршаған орта. Отбасы.

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

3. Коммуникативтік тапсырмалар.


+

-

-

-

Тақырып 2

Бос уақыт және қызығушылық

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

3. Жоба: «Бос уақытымыз және біз».


+

-

-

-

Тақырып 3

Мінез және келбет

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Коммуникативтік тапсырмалар.



+

-

-

-

Тақырып 4

Саяхат


1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Коммуникативтік тапсармалар.



+

-

-

-

Тақырып 5

Денсаулық-зор байлық

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Коммуникативтік тапсырмалар.



+

-

-

-

Тақырып 6

Тәуелсіз Қазақстан

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар

2. Коммуникативтік тапсырмалар.

3. Жоба: “Менің Отаным - Қазақстан".


+

-

-

-

Тақырып 7

Қоғам және жастар

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар тапсырмалар.

2. Жоба: Қоғам және жастар. Бақылау түрі: «Қазақстан болашағы





+

-

-

-

1

2

3

4

5

бізге байланысты» - дөңгелек үстел /пікірталас, конференция т.б. түрлері/.













Тақырып 8

Қазақтың өнері мен мәдениеті

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс.

3. «Қазақтың қолөнері», “Қазіргі қазақ кино өнері”, «Қонақты қарсы алу, күту рәсімі», «Ұлттық музыкалық аспаптар» тақырыптарына реферат.


+

-

-

-

Тақырып 9

Адам және табиғат

1. «Асыл топырақ», (З.С. Күзекова. Қазақ тілінің практ. курсы, 63-67 б), Сусыз тіршілік жоқ», «Балқаш» (З.С. Күзекова. Қазақ тілінің практ. курсы, 76,80-81 б), Жер ананы аяла», «Жер мен тіл» т.б. (З.С. Күзекова. Қазақ тілінің практ курсы, 94, 98, 107 б) атты мәтіндер негізінде баяндама жасау.

2. Адам және табиғат тақырыбына дөңгелек үстел.



+

-

-

-

2 семестр В1 – В2 деңгей




Тақырып 1

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор

1. Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс.

2. «Қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік рөлі», «Қазақстан Республикасының тіл саясаты» т.б. атты реферат немесе шығарма, баяндама, стенд түріндегі баяндама.



+

-

-

-

Тақырып 2

Менің мамандығым

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2.Тақырыпқа байланысты мәтіндермен жұмыс.



+

-

-

-

Тақырып 3

Мамандық тарихы

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Жоба: “Мамандығым”.



+

-

-

-

Тақырып 4

Білім де бәсекеге түседі

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Жоба: Білім - байлығымыз. Іскерлік ойын “Білім - байлығымыз” тақырыбындағы конференция.



+

-

-

-

Тақырып 5

Қазақстан әлемдік кеңістікте

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2.Коммуникативтік тапсырмалар.



+

-

-

-

Тақырып 6

Халықаралық қатынастар

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Коммуниативтік тапсырмалар.




+

-

-

-

1

2

3

4

5

Тақырып 7

Ғылым мен техника

1. Лексика-грамматикалық жаттығулар.

2. Коммуникативтік тапсырмалар.

3. Жоба: Ғылым мен техника.

4. «Ғылымының отандық өндірісті көтерудегі рөлі» атты дөңгелек үстел/сабақ-конференция/.



+

-

-

-

4 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ




  1. Қазіргі кездегі кірме сөздердің қазақ тіліне әсері.

  2. Жаргон сөздер.

  3. Шығыс говоры.

  4. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.

  5. «Сан есім – зат есім»типті сөз тіркестері.

  6. Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.

  7. Абайдың ақындық мектебі.

  8. Интернет басылымдарындағы тіл мәдениеті.

  9. Интернеттегі қазақ тілі.

  10. Лингвомәдениет – жаңа бағыт.

  11. Ахмет Байтұрсынұлы – тілші.

  12. Мемлекеттік тіл – татулық тірегі.

  13. Сөздік қорды байыту әдістері.

  14. Ана тілім – ардағым.

  15. Жер, су атауларының тарихи көрінісі.

  16. Сапалы білім – бәсеге қабілетті қоғамға негіз.

  17. ҚР тіл саясаты.

  18. Шығыс Қазақстан облысындағы танымал тұлғалар.

  19. Жастар және қоғам.

  20. Айналайын атажұртым.

  21. БАҚ және тіл мәдениеті.

  22. Еліміздің батыр қыздары.

  23. Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктері.

  24. Тәуелсіздік – берік тұғырым.

  25. Қазақ тілі – Қазақстанның болашағы.

  26. Термин сөздерді қолданудың ғылыми негіздері.

  27. Қазақ әлемінің жеті кереметі.

  28. Қазақ елінің тұңғыш президенті.

  29. Кірме сөздердің қазіргі ауызекі сөйлеу стиліндегі қолданысы.

  30. Көпмағыналы сөздер және омонимдер.

  31. Жаргондық лексика және әдеби тіл.

  32. Қазақ тіліндегі терминжасау ерекшеліктері.

  33. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің түрлілігі.

  34. Техникалық терминдерді аудару мәселесі.

  35. Ұлт татулығы – мемлекеттің беріктігі.

  36. Мақал – сөз мәйегі.

  37. Қазақстандық ғарышкерлер.

  38. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

  39. Абай Құнанбайұлының тәрбиелік көзқарасы.

  40. Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі диалект сөздер.

5 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5.1Негізгі әдебиеттер

  1. А.Қонарбаева Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, рәміздері Өскемен-2010

  2. А.Қонарбаева. Қазақ тілінің практикалық курсы: оқулық.- Алматы, 2002

  3. Ә.К.Бельгинова, Б,Қ.Оқасова Қазақ тілі.-Өскемен, 2009.

  4. Г. Әлмұрзина, А. Мұратбекова «Қазақ тілі». - Өскемен: ШҚМТУ, 2005

  5. К.М.Маселова, А.К.Қонарбаева Қазақ тілі Агроинженерия, тау машинасы, полиграфия т.б мамандықтарға арналған Өскемен, 2011

  6. К.М.Маселова, Ж.Назбиев және басқалар. Қазақ тілі. Өскемен, 1998, 109 б.

  7. К.Маселова «Қазақ тілі», «Машина жасау және көлік факультетінің студенттеріне арналған нұсқаулар, Өскемен, 2010»

  8. К.Маселова, А.Жылқыбаева Сан есімді тиімді оқыту жолдары Өскемен 1999, 30 бет

  9. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев Қазақ тілі. Алматы, Арыс, 2007, 454б.

  10. С.М. Мусинов «Қазақ тілі». – Алматы: Қайнар,1995

  11. Іскер адамның орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Инкор, Тұлға, 1993


5.2 Қосымша әдебиеттер

1 Ұ. Салиева Қазақша сөйлеп үйренейік. – Алматы,Рауан, 1995 –142б.

2 Қ. Молдабеков. Говорим по-казахски. – Алматы, Ана тілі, 1992 – 142б.

3 Г. Әлмұрзина, Ж. Назбиев. Көрме-жәрмеңке тақырыбына арналған әдістемелік құрал. -Өскемен, 1998 – 23б.



4 К. Мәселова, Ж. Назбиев, Г. Оқышева. Қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізу.- Өскемен, 2001.-126 б.
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет