Рахимбаева Гаухар Кинаятовна филология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
Дата01.05.2022
өлшемі301,23 Kb.
#141616
Байланысты:
адамгершилик



SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
402 
Рахимбаева Гаухар Кинаятовна 
филология ғылымдарының кандидаты, 
«Тұран-Астана» университетінің доценті 
Қазақстан Республикасы 
 
Нүсіпбек Ризабек 
«Тұран-Астана» университеті
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс магистранты 
Қазақстан Республикасы 
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
АДАМГЕРШІЛІК, АР-ҰЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Халқымызда «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» 
деген сөз бар. Ұят – адамзат бойындағы ең асыл қасиет. Ұлтымыз ар-ұят 
ұғымының қасиетін «Өлімнен ұят күшті» деп, біра-ақ ауыз сөзбен түйіндеген. 
Қазақ жазушылары өз шығармаларында ар-ұят мәселесін үнемі биік қояды. 
Хакім Абай атамыз отыз алтыншы қара сөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның 
иманы да жоқ» деп жазады [1,72-б.] .
Ә.Нұршайықов бір сөзінде «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. 
Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, 
уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты 
жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан 
шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар» [2,1-б.] деп түйіндеп 
көрсеткен болатын. Жазушыны еске алғанда біздің көз алдымызға бірден адал 
махаббат пен адал сезімді ту еткен «Махаббат қызық мол жылдар» романы, 
қазақ қызына тән ұяң да инабатты Меңтай мен талантты да тәрбиелі, мейірімді 
Ерболдың образы келеді. Жазушы кейіпкерлердің арасындағы адамгершілік 
пен ар-ұятқа құрылған адал махабатты жан тебірентерлік оқиғалар арқылы 
суреттейді. Жазушы кітаптарындағы хаттар, диалогтар арқылы оқырманды 
адамгершілікке жетелейді. Бүгінде бұл ой-толғамдар қанатты сөздерге 
айналып кетті. «Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | №
51
403 
өз жақсылығы болады» дейді жазушы [2,13-б.]. Әзілхан Нұршайықов, әсіресе, 
қыз тәрбиесіне ерекше көп тоқталады. 
«Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың 
жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін 
қымтап ұстар” деген мақал бар.Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын 
қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан 
төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып 
кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді 
көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға 
дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел 
алаңдамайды, адалдық бұзылмайды»,- деп түйіндеген [3,14-б.]. 
Автордың «Махаббат қызық мол жылдар» романында кездесетін 
тәрбиелік маңызға ие адамдарды ізгілікке шақыратын нақыл сөздер, ақыл-
өсиеттер жазушының ішкі жан дүниесінен туындағаны белгілі. Сондықтан да 
автор орайы келген тұста оқырманына адамгершiлiктi, жақсы әдет, озық 
дәстүр, жоғары мәдениеттiлiктi дәрiптеуге тырысқан. Оны жазушы Ербол, 
Меңтай, Майраның анасы тағы да басқа басты кейiпкерлердiң сөздерi, ой-
тебiренiстерi арқылы жүзеге асырған. Мысалы, Ерболдың дәптеріндегі 
махаббат жайындағы ұлағатты сөздер. Меңтайдың Ерболға жазған хаттары, 
Майра мен Меңтай анасының айтқан ақыл-кеңестері арасынан тәлiм-тәрбие 
аларлық көп ұлағатты сөздерді көреміз. Сондықтан бұны жастар тәрбиесi үшін 
табылмас құнды шығарма деп айтуға болады. Биыл осы шығарма желісінде 
«Қазақстан» ұлттық телеларнасы «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериал 
түсіріп, көрермен қауымға ұсына бастады. Кітапты жата-жастана оқитын 
адамдар азайып бара жатқан бүгінгі таңда бұл жоба жастардың осы 
туындының көтерген тәрбиелік маңызын түсінуге жақындастыра түседі деп 
ойлаймын. Меңтай мен Ерболға еліктеп өсетін жастар көп болса деп тілеймін! 
Өйткені өз басым осы романды оқығаннан бастап, Ерболдай білімді болуға 
талпындым, Меңтайтай ақылды жар кездестіруге ниет еттім. Романда, 
Меңтайдың анасы түрткен нақылдар арасында жастарды салиқалылыққа, 
әдептiлiкке, сабырлылыққа, iзеттiлiкке, саналылыққа шақыратын өсиеттер 


SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
404 
көп. Мысалы: «Шошаңдаған қыз шешесiнiң атына кiр келтiредi», «Қыздың 
жақсы жiгiтке шығуы, жiгiттiң жақсы жар таңдап алуы жеңiспен пара-пар. 
Алдымен жеңiске жету қымбат, ал жеткен жеңiстi баянды ету – одан да 
қымбат», «Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы 
қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік 
тапса ғана бақытты», «Қызға қатты күлудiң қажетi жоқ, жiгiттерге оның 
жымиғаны да жетiп жатыр», «Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді», «Маскүнем 
жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді», «Күшті махаббат 
қана күйеудің бойындағы кінәратты жеңеді», «Күшті махаббаты бар ақылды, 
сабырлы әйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің 
айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату-тәтті өмірді бастарынан кешіреді. 
Бұл жолда әйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан 
соң барып табады. Адам бойындағы, әсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген 
тәрбиеден ғой» сияқты мейірімге толы ана жүрегiнен шыққан тәрбиелі нақыл 
сөздер көңілден бірден орын алады [3, 25 б.].
Жазушы жастардың бойынан үнемi көрiнуге тиiс әдеп-ибаны, 
адамгершлікті басты назарда ұстайды. Кейiпкердiң әдеп қасиеттерiн шым-
шытырық оқиғалар арқылы, күнделiктi жай тiршiлiк ағымындағы қақтығыс, 
пiкiр талас, диалог барысында көрсетуге тырысады. Айталық, қыздардың әр 
алуан іс-әрекеттерiн, мiнез-қылықтарын, пiкiр қайшылықтарын, сөз 
саптастарын сипаттау арқылы-ақ оқырманға ой түйетiн, тәлiм алатын көп 
нәрселердi жеткізеді. Әрi бүгiнгi күнi де көңiл қоярлық мәселелердiң пернесiн 
дөп басып әдептiлiкке, арлылыққа шақырады. Ізгілік пен адамгершілікке 
шақыратын ар-намысты бәрінен биік қоятын қазақтың кешегі аналарының ақ 
жүрегін Майраның анасы айтқан мына сөздер арқылы білеміз: «Жалғыздың 
жан жолдасы – ары мен жары», «... жарыңды жаныңмен тең ұста, жаныңды 
арыңмен тең ұста», «Ақылды қызға ана көп, аяулы жанға пана көп», «Ана 
болған – дана болады» [3, 32-б.]. Осындай керемет нақыл сөздер бүгінгі 
аналарымыздың да көкейінде сайрап тұрса екен дейміз. Автор ой толғамдары 
арасында махаббат деген ұлы сезімнің не адамгершілік пен ар-ұятқа 
байланғанда ғана мәңгілік болатынын қадап айтады. «Махаббат барша 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | №
51
405 
байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін 
байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады. Махаббат мәңгілік болуы 
үшін, оның оты өшпеуі үшін оған жұп боп қосылған екі жақ кезек «тамызық» 
тастап отыруы парыз. Мұның өзге ешбір математикалық формуласы 
жоқ. Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық.Махаббаттың да досы 
мен қасы бар. Досы: ұят, ар, борыш. Қасы:ашу, қызғаныш, кикілжің, қоржаң, 
осылардың әзәзілі-арақ. Жас жұбайлардың бірін-бірі сүйіп қосылуымен іс 
бітпейді. Олар қосылғаннан кейін де өз махаббатын гүлдей мәпелей беруі 
тиіс.Сайып келгенде әр адам-өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін 
қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетінбағбан тәрізді, адам да өз 
махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыруы 
тиіс» [3, 45-б.] дейді жазушы. Романда автор адамдар арасындағы 
адамгершлік, өзара көмектесу, мейірімділік қасиеттерін ерекше жылы 
суреттейді. Тағы да Майраның анасы қамқор болар туысы жоқ Меңтай мен 
Ербол қосылмақ болып шешкенде, мал сойдырып той жасап, екi жастың 
қуанышына ортақтасып, өз баласындай жақын көредi. Адамды елжіретерлік 
осы көрністер жаны кең пейiлдi, үлкен жүректi ананың образын ел есінде 
қалдырады. Автор осылай бiрi – оқыған, бiрi – оқымаған қос ананың ғажап 
бейнелерiн жасайды. Олардың философтар трактаттарымен теңдес сөздерiн 
оқыған тұста, осындай аналардан тәлiм алған Меңтай мен Майрадай естi 
қыздарға оқырман iлтипаты арта түскендей болады. 
Жазушы бұл нақыл сөздерді жайдан-жай роман көлемiн арттыру үшiн 
келтiрiп отырмаса керек. Басты мақсаты оқырман ойын бiр сәт әдептiлiкке 
аударып, тәлiм айтса, екiншiден, оны кейiпкерлердiң iшкi сырларын 
жеткiзудiң, рухани байлығын көрсетудiң тәсiлi ете бiлген. Романда 
Меңтайдың көрiнiс берер сәттерiнiң бәрi әдептiлiктi, инабаттылықты 
насихаттағандай. Бұдан бiз автордың әдеп мәселесiне аса ден қойғандығын 
аңғарамыз. Эмоциялық жылылығы мол, эстетикалық талғаммен жасалған 
Меңтай – жазушының биiк мұратынан туған басты кейiпкердiң бiрi. Ол – 
көркiне мiнезi сай, әдептi қыз Меңтай. Меңтайға берiлетiн алғашқы портреттiк 
сипаттаманың өзiнен-ақ автор оның жан тазалығын сездiрiп, оқырманды осы 


SCIENCE AND PRACTICE: IMPLEMENTATION TO MODERN SOCIETY
406 
кейiпкерге ынтықтырғандай болады. Меңтай, М.Әлiмбай айтқандай: 
«Ақылды, ұстамды, бiлiмдар, жан сұлулығы жарқырап көрiнген қазақи мiнез 
бен жаңа дәуiр қызы психологиясының қосындысы – синтезi» [4, 15-б.]. Оның 
жүрiс-тұрысы, көркi, мiнез-құлқы, дүниетанымы жарасымдылықпен үйлескен 
адам болмысын танытады. Әрi ол сыпайы да инабатты, сезiмтал да 
қайырымды. Меңтай бойына сiңген бұл қасиеттердi автор жалаң сөзбен емес, 
iс-қимылмен сипаттауға көбiрек ұмтылған. Жазушының жүрегінде барлық 
қазақ қызы Меңтайдай болса деген үлкен арман жатыр. Меңтайдың қағазға 
түсiрген «Өз ойларым» атты қолжазбасын оқи отырып, оның жан сарайымен 
танысамыз. Қабiлет-қарымы мен түйсiк-түсiнiгiн пайымдап, аппақ жанының 
астарын көремiз. Әрi адамгершiлiгi мол, жаны сұлу, ажарына ақылы сай қыз 
екендiгiн мойындаймыз. Оның үлкен тебiренiспен жазылған: «Әйел 
махаббаты – ең күштi махаббат. Еркектер әлiмен күштi болса, әйелдер 
махаббатымен мықты. Әйел махаббаты – әлемнiң тұтқасы», «Мен Отанымды 
сүйемiн. Өз мемлекетiмдi өз үйiмдей көремiн. Егер мен соғыста болсам сүйiктi 
Отаным үшiн Зоя Космедемьянская, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова 
сияқты қасықтай қанымды, шыбындай жанымды аямас едiм. Бiрақ менiң 
үлесiме соғысқа бару тиген жоқ. Мен бұл соғыста талай адамның қаны төгiлiп 
қорғалған қасиеттi мемлекетiмнiң моральдық негiздерi одан сайын берiк бола 
беруiн мұрат тұтамын...» [3, 56-б.] деген сияқты үздiк-үздiк ойлары 
отаншылдығын, ерлiк пен өрлiктiң жақтаушысы екендiгiн айғақтайды. 
Әдептiлiк пен арлылықтың әдемi үлгiсiн танытатын Меңтай образы қазақтың 
әдепті де арлы қыздарының бейнесiн толықтыра түсетiн кейiпкер екенiн 
мойындайсың. Шығармада автор көптеген кейіпкерлердің әртүрлі мінездері 
арқылы адамгершіліктің асыл қасиетін онан әрі биіктете түскен. Кiтапта 
Зайгүлдiң ұнамсыз жақтарымен жанастырыла жақсы қасиеттерi де қамтылған. 
Оның ойындағысын бүкпей ашық айта салатыны, артында арамдығы жоқ 
турашыл, ақ көңiл қыз екендiгi Меңтайдың оған берген мiнездемесiнде 
айтылған. Әсiресе, Заман мен Тана жағдайын естiген Меңтай құрбыларын 
Тананың жолына қаражат жинастырып беруге көмектесуге шақырғанда 
мойнындағы бағалы түлкi жағасын сатып қаржыға беруге ұсынуы Зайгүлдiң 


SCIENTIFIC COLLECTION «INTERCONF» | №
51
407 
шешушi сәттерде адамгершiлiк жағынан табылатындығын байқатады. Ербол 
мен Меңтай маңын қоршаған Майра, Жомартбек, Зайгүл, Қанипалар әзiлдесе 
де, күле де, күңiрене де, көмектесе де бiлетiн ақ-жарқын жандар. Олардың 
жарастықты жастық өмiрiн, достық, жолдастық қарым-қатынасын сөз ету 
арқылы автор студенттер қауымының ұйымшыл ортасын бiркелкi тәуiр 
сипатта көрсете алған. Бұл бүгінгі жастарға үлгі боларлық көріністер еді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Абай. Қара сөздер.- Алматы: Өнер, 2006.-214 бет 
2.
https://vk.com/wall335799156_407 
3.
Нұршайықов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы: Роман, повесть және әңгiмелер.-
Алматы: Жазушы, 1992.-Т.1.-432 б. 
4.
Әлімбай М. https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/42783/ 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет