Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата10.11.2022
өлшемі360,59 Kb.
#157420
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
2-рк физиология

33.Оттегінің 
қан 
арқылы 
тасымалдануы. 
Қанның 
оттегіне 
сыйымдылығы. 
Газдардың қанмен тасымалдануы Газдардың қанмен тасымалдану түрлері: 
1. Физикалық еріген түрде. 2. Химиялық қосылыстар түрінде. Оттегінің 
қанмен тасымалдануы Физикалық еріген жағдайда оттегінің ~1%-ы 
тасымалданады. О 2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде 
тасымалданады. 1 г Hb 1, 34 -1, 36 мл О 2 -ні байланыстыра алады. Hb-нің 
оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және 
Hb. О 2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген 
Қанның оттегіге сыйымдылығы О 2 -нің 100 қанмен байланыса алатын ең 
үлкен мөлшері, 18 -20 мл немесе 180 -200 мл/л. Оттегінің қан арқылы 
тасымалдануы.Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин 
түрінде та-сымалданады.Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың 
жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. 
Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген 
оттегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні 
белгілі, осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті 
медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық 
оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегіне толы 
қысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де оттегінің қандағы 
меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин 
оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналады, еріген 
оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. 
Гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы 
оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның оттегіне қанығу 
сыйымдылығы деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген 
сыйымдылығы 180-200 мл. Мұны қандағы гемоглобин мөлшеріне қарап 
есептеп білуге болады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттегімен 
әрекеттесетіні белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы 
санды 1,34-ке көбейтіп, қанда қанша оттегі бар екенін анықтауға болады, 
ол 140,0x1,34=187,6 мл/л тең.Оттегінің артерия қанынан тінге келіп сіңген 
бөлігін оттегін сіңіру (пайдалану) коэффициент деп атайды. Мұны білу 
үшін артерия қанындағы оттегі мен вена қанындағы оттегі сыйымдылығы 
арасындағы айырмашылық есептеп шығарылады да, бұл артерия қанының 
оттегі сыйымдылығына бөлініп, 100-ге көбейтіледі. Осылай шығару арқылы 
оттегінің сыйымдылығы артерия қанында 200 мл/л-ге, венада 120 мл/л-ге 
тең екені анықталды. Демек, оттегін сіңіру коэффициент (200-
120):200х100=40%. Әдетте тыныш отырған адамда ол 30-40%; қара 
жұмыс істеп көп күш жұмсаған адамда 50-60%-ке жетеді. 
 
Көмір 
қышқыл 
газының 
тасымалдануы.Қан 
айналысының 
үлкен 
шеңберіндегі капиллярларын жайлаған көмір қышқыл газы тіннен қанға 
өтеді. Оның көлемі артерия қанында 52%, венада 58%-ке жетеді. Мұның 
4,5%-і карбогемоглобин, 2,5%-і жәй еріген газ, 51%-і химиялық қосынды 
(көмір кышқылы, оның тұздары - NaHCO3KHCO3). 


 
Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ 
(6%) альвеолаға өтіп, ондағы ауамен бірге сыртқа шығады. Вена қаны 
артерия қанына айналады. Көмір кышқыл газдың қан арқылы 
тасымалдануы, қызыл қан түйіршіктері - эритроциттерден қан 
плазмасына ауысуы сол қандағы оттегінің алмасуымен тығыз 
байланысты.Жасушада үздіксіз түзілетін көмір қышқыл газ алдымен 
плазмаға, одан әрі эритроциттерге өтіп, осмостық қысымын 
жоғарылатады да плазмадан оған су өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет