Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы


Қос жарнақтылар класы (Magnoliopsida немесе Dicotyledones)



бет65/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
hologram, 0011481f-f144d001

Қос жарнақтылар класы (Magnoliopsida немесе Dicotyledones)


Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қос жарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қос жарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қос жарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады.[4][5]
Қос жарнақтылар класы 6 класс тармағына, 128 қатарға, 418 тұқымдасқа бөлінеді.
Класс тармақтары:

  • лат. Magnoliidae - Магнолидтер

  • лат. Hamamelididae - Гамамелидидтер

  • лат. Caryophyllidae - Кариофиллидтер

  • лат. Dilleniidae - Диллениидтер

  • лат. Rosidae - Розидтер

  • лат. Asteridae - Астеридтер

Дара жарнақтылар класы (Liliopsida немесе Monocotyledones)


Дара жарнақтылар класына 5 класс тармағы, 37 қатар, 125 тұқымдас, 3000-нан астам тек және 59 000-дай өсімдік түрлері жатады[6].
Класс тармақтары:

  • лат. Alismatidae - Алисматидтер

  • лат. Liliidae - Лилиидтер

  • лат. Commelinidae - Коммелинидтер

  • лат. Arecidae - Арецидтер

  • лат. Zingiberidae - Зингиберидтер

Педагогика және биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша қорытынды аттестацияның сұрақтары


1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және ағартушылық іс-әрекеті.


2. Педагогикалық процестің заңдылықтары.
3. Этнопедагогика мағынасы, маңызы.
4. Педагогикалық процестің принциптері.
5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі және оның болашақ даму жолдары.
6. Жалпы білім беру мектептерде лабораториялық-тәжірибелік жұмыстарды өткізудің жалпы әдістемесі және ұйымдастыруы
7. Мектеп жұмысын жоспарлау.
8. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің, түрлерінің, құралдарының жүйесі.
9. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
10. Биологиядан алынған білімді қайталау және жүйелеу сабағы.
11. Мінез-құлыққа және іс-әрекетке жағдай жасау ынталандыру әдістері.
12. Педагогикалық технологиялар.
13. Биологиядан сыныптан тыс сағаттар. Олардың білім алушылардың біліктілігін белсендірудегі ролі.
14. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері.
15. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері
16. Биологиялық топсеруендерді (экскурсия) ұйымдастыру және өткізудің жалпы әдістемесі.
17. Сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
18. Отбасы тәрбиесінің негіздері.
19. Оқытудың сөздік әдістері.
20. Оқытудың көрнекілік әдістері.
21. Оқытудың практикалық әдістері.
22. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.
23. Оқытуды ұйымдастырудың формалары.
24. Қазіргі биология сабағы.
25. Биологияны оқытуда жобалау әдісін пайдалану.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет