Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет165/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Пасько В. Access 2000, К: BHV,1999г.

  2. Информатика.Учебник.-2-е изд. перераб. и доп.-М.: ИНФРА-М,2001г.

  3. Общая информатика/Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. – М.:Аст-Пресс.

Зертханалық жұмыс № 15
Тақырып: Жергілікті және ауқымды желі. Интернет. Электрондық почта.
Мақсаты: Желілік технологияларды қолдану, Интернетпен жұмыс жасай білу, қарапайым Web-парақша құруды үйрену.


Қарастырылатын негізгі мәселелер:
1. Жергілікті және ауқымды желі.
2. Интернет.
3. Электрондық почта.


Негізгі ұғымдар.
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net-желі, work- жұмыс) – берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
Компьютер құрылғыларының арасындағы мәлімет алмасу ережелері.
Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механикалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір – біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модел Халықаралық стандарттар жасау ұйымының – OSI (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.
Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әр түрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шеиін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы- қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі – физикалық деңгей болып табылады.
Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәліметтердің бір – біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол ( хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.
Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN – Ljcal Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бөлінеді.
Жергілікті желі – бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) ролін атқарады. Жергілікті компьютерлік желіге қосылған әр түрлі ЭЕМ – дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәләметті пайдалану өз компьютерінде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   167




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет