Нуклеин қышқылдары – көмірсулардан және фосфор қышқылынан тұратын жоғарғы молекулалы заттар.Алғашқы рет 1868 жылы швейцарияның ғалымы И.Ф.Мишер нуклейн қышқылдарын клеткалардың ядросынан тапқан.
Нуклейн қышқылдарының түрлері:
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы)
РНҚ(рибонуклеин қышқылы)
Нуклеин қышқылы – белоктармен комплекс құрып нуклеопротеидтер түзеді.
Нуклеин қышқылы – белоктармен комплекс құрып нуклеопротеидтер түзеді.
ДНҚ және РНҚ молекуласында 4 түрлі нуклеотид болады.
ДНҚ құрамы:
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін нуклеотидтер өзара жалғасып ұзын тізбек түзеді. 0,5 см-ге дейін жететін жағдайлар кездеседі. Әрбір табиғи ДНҚ-ның құрамына 4-5 түрлі нуклеотидтер кіреді.Полимерлік тізбекті дезоксирибоза мен фосфор қышқылы түзеді.
ДНҚ мен РНҚ макромолекулаларындағы нуклеотидтердің қатал тәртіптегі тізбектілігі олардың біріншілік құрылымын сипаттайды.
Нуклеотидтердің құрамына қарай ДНҚ мен РНҚ-ның атқаратын қызметі әр түрлі. ДНҚ-ның негізгі міндеті тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, РНҚ-ныкі белоктарды синтездеу.