Рапилбекова Акмарал «Тарих жән дінтану»



бет2/2
Дата27.04.2020
өлшемі39,97 Kb.
#64910
1   2
Байланысты:
akmaral makala
pedagogika-ekzamen, С ответами. История-1
Ключевые слова: Конституция , светское государство , религиозное объединение , религия , общество .

Abstract: In the article, being a member of the UN, OSCE and other international organizations through the establishment of democracy, market economy, civil society, the Republic of Kazakhstan recognizes itself as an independent, secular, and social state, recognizing the common democratic standards of human rights, , this article discusses the commitment to respect the right to freedom of thought and everywhere.

Keywords : Constitution, secular state, religious association, religion, society .

 Дін қоғамның ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сондықтан тарихтағы дінге қарсы күресуге жасалынған мүмкіндіктердің барлығы сәтсіз аяқталды деп айтсақ болады. Салыстырмалы түрде жақын арада біздің елде қоғамдық жүйе шеңберінде дінге орын жоқ деген пікір қалыптасты. Барлығына белгілі марксизм дінге қарсы болды.



Осыған байланысты саясат пен діннің өзара байланысы, оны зерттеу мәселелері ғылыми сараптаманың пәні болмады. Қазіргі күннің өзінде мемлекеттік билік пен діни институттар арасындағы қатынастар аясындағы ішкі заңдылықтарды анықтауға бағытталған зерттеулер аз болып отыр.

 

Ең алдымен, мемлекеттегі діни жағдайдың жалпы бейнесін алып қарастырайық. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің экономикалық дамуындағы емес, сонымен қатар, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі басымдықтарды күрделі өзгертті. Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев конфессионалдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатта ойланған бағытты таңдап алды.

 

Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастар мемлекеттің этникалық және конфессионалдық салаларындағы саясатпен нығайтылды. Өз кезегінде ол қоғамдық сананың радикализмге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырды. Либералды заңдар, діни толеранттылық және плюрализм осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің конституциясында елдің зайырлы екендігі, азаматтардың ар-ождан бостандығы құқықтарына кепілдік, қандай да бір дінге қатысты протекционизмнің болмауы, конфессияларға байланысты толерантты қатынастар бекітілген.

 

Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы конституциямен мойындалған адам құқықтарының ең маңызыдларының бірі.

 

Қазақстан Республикасының 22-бабында былай деп жазылған:

1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

 

Сондай-ақ конституцияда келесі құқықтар көрсетілген:

- тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-бап);

- әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (19-бап);

- республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді (20-бап) .

 

Қазіргі таңда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың үлгілері көп емес. Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап өтетін болсақ, оларға келесілері жатады:

 

Біріншіден, елдегі барлық конфессиялардың теңдігі үлгісі. Мән берілуі керек мәселе ол конфессиялардың заңды және іс жүзіндегі теңдігі.

Екіншіден, оның негізіне бір діннің мемлекеттік болып танылуы салынған үлгі. Мемлекеттік болып танылған дін елдегі басқа да діндердің алдында артықшылықтарға ие болады. Артықшылықтар заң жүзінде және де-факто болуы мүмкін. Бұл үлгінің басқа да нұсқалары бар: мемлекеттік дін ресми мемлекеттік болып танылуы мүмкін, сондай-ақ, қарапайым мемлекетітк мәртебеге ие бола алады.

Үшіншіден, мемлекет бір немесе екі ресми дінге бағдар ұстайтын мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың үлгісі құрылады. Мысалы, Германияда мемлекеттік қолдауға, дін қызметшілеріне қаржылай көмек беруге және т.с.с. байланысты басқалардан жоғары деңгейде екі конфессия тұрады – католицизм және протестантизм.

Төртіншіден, мемлекет барлығына (немесе конфессиялардың көпшілігіне) тең заңдық мәртебе береді, бірақ салықтық жеңілдіктер діни бірлестіктердің барлығына бірдей көрсетілмей, тек мемлекеттік тіркеуден өткен және заңды тұлға мәртебесіне ие болғандарға беріледі.

Бесіншіден, шаруашылық және білім беру қызметтерінің құқықтары мәртебесі тек өмір сүру ұзақтығымен және елдің тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесімен мақұлданған конфессияларға рұқсат берілетін үлгіні айтуға болады.

Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың әр түрлі үлгілері бірден пайда болмады. Олар мемлекет пен діни қауымдар арасындағы ұзақ уақыт бойғы өзара қатынастардың дамуының нәтижесі болды. Қазіргі таңда осы үлгілер кеңінен таралған, бірақ жоғарыда көрсетілгендері ең жиі кездесетіндері.

 

Қазіргі заманғы зайырлы мемлекет үлгісінің негізінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты құқықтық мәселелерді теократикалық мемлекеттердегіден өзгеше түсіну бар. Бұл жердегі ең бастысы – шіркеудің мемлекеттен ажыратылу қағидаты. Осы үлгідегі саяси-құқықтық мағына мынаны білдіреді:

  •    ар-ождан бостандығы – ол тек діни таңдау бостандығы емес, одан кеңірек – дүниетанымдық, соның ішінде діни емес таңдау. Осы таңдау құқығын мемлекет адамға (азаматқа) қалдырады және оның шешімін қабылдауға, оны қорғауға міндеттенеді;

  •      мемлекет азаматтармен қарым-қатынастарда олардың діни көзқарастарына емес, оның азаматтық-құқықтық жағдайына сүйенеді. Осылайша, азаматтық қағидатты бәрінен де жоғары қояды.

  •      мемлекет іс жүзінде барлық діндер мен азаматтардың құқықтық теңдігін жүзеге асыруға ұмтылады. Осы қағидат дүниетанымдық бірлік негізінде азаматтармен құрылған қоғамдық бірлестіктерге де таралады.

  •      діндер (әлеуметтік институттар, көпшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде) мемлекеттік саясатты (діни нанымдарына байланысты емес барлық азаматтарға қатысты саясат) жасау мен жүргізу барысынан аластатылады. «Діни мәселе» саясидан қоғамдық өмір, азаматтардың жеке өмірі салаларына өтеді.

  •      мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатындағы тұжырымдамалық негіздерде діни-теологиялық қағидаттарға сүйенбейді және олармен басшылық жасамайды.

  •      мемлекеттік және шіркеулік құқықтар бір-бірінен ажыратылады. Қоғамдық-құқытық және азаматтық салалардағы мәселелерді шешуде біріншінің үстемдігі жарияланады. Шіркеулік құқықтың әрекет ету аясы негізінен шіркеулік институпен шектеледі.

  •      діни бірлестіктерге мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтері мен міндеттері жүктелмейді. Мемлекеттік құрылудың зайырлы бейнесі қамтамасыз етіледі.

Осы маңызды принциптер қазіргі заманғы мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың негізінде жатыр және олардың реттеуші рөлін ойнауда.

 

Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісінің негізіндегі маңызды қағидат болып діни толеранттылық табылады. Нақты осы қағидат Қазақстанға тұрақты және дамушы ел болуға көмектесті және көмектесіп жатыр, сонымен қатар, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың тиімді үлгісі ізделіп жатқан шетелдік мемлекеттерге мысал болуға мүмкіндік беруде.

 

Бірақ, Қазақстанда басқа елдердегідей діни-саяси экстремизмнің қаупі бар екендігін ескерген жөн. Тәуелсіздік алғаннан кейін және 1992 жылдың қаңтарында діни бостандық жөніндегі заң қабылданған соң мемлекет аумағына осыған дейін ел тұрғындарына беймәлім болып келген жаңа дәстүрлі емес діндер ене бастады. Олардың кейбіреулері деструктивті мақсаттарды көздейді. Заңнаманың жеңілдігі және жергілікті халықтың мейірімділігі радикалды діни және экстремистік идеялардың таралуының жақсы негізі бола алады.

 

Қазақстанда мемлекет пен діни бірлестіктер арасында қарым-қатынастардың өзіндік үлгісі қалыптасып жатыр деп айтсақ болады. Жалпы, ол әлеуметтік әріптестік тарапына жылжуда.

Осындай қарым-қатынастың бағыттары:

- қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қолдау, дінге әлеуметтік қызмет көрсету;

- қоғамдағы адамгершілік қасиеттерді қолдау және дамыту, жанұяны қамқорлыққа алу (қарым-қатынастың өте маңызды бағыты, себебі жанұя бір уақытта қоғамның бөлшегі және «кішігірім шіркеу» бола алады);

- мәдениеттің сақталуы мен дамуы, мемлекет пен дін арасындағы диалог, діндер арасындағы диалог. Осы бағыттардың бірқатары бойынша мемлекет ислам және православие секілді діндермен белсенді ынтымақтастық жасауда. Ол түсінікті де: бұл діндер Қазақстандағы оған сенушілер саны бойынша да ең ірісі болып табылады (өз кезегінде бұл жағдай осы діндердің көрсетілген ынтымақтастықтың барлық түрлерінде көбірек қатысуын талап етеді) және олар Қазақстанның қоғамдық, мәдени өміріне тарихи ендірілген .

 

 Соңғы кездері елде орын алған қауіп-қатерлерге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше қадамдар жасалды. Оның қатарына дін істері агентттігінің құрылуын жатқызуға болады. Осы агенттік енді тікелей діни мәселелермен айналасатын болады. Оның ең алғашқы қолға алған қадамдарының бірі діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу болды. Осы арқылы сенушілер саны өте аз немесе тіпті жұмыс істемейтін діни бірлестіктер тіркеуден өткізілмеді.

 

2011 жылдың 1 қаңтарына мемлекетте 4551 діни бірлестік жұмыс жасаған болатын. 2012 жылдың 25 қазанында аяқталған қайта тіркеуден кейін олардың саны 3088-ге дейін қысқарды. Агенттік төрағасы Кайрат Лама Шарифтің айтуынша, қысқару негізінен жаңа занда көрсетілген сенушілер санының талаптарын орындай алмаған діни бірлестіктердің жұмыстарын тоқтатумен байланысты. Осының алдында жұмыс жасаған кейбір діни бірлестіктер құжаттарға байланысты діни сараптамада жағымсыз қорытынды алды. Қайта тіркеу діни бірлестіктердің діни нанымдарын анықтауға мүмкіндік берді. Осыған дейін елде 46 конфессия болса, енді оның саны 17-ге дейін кеміді. Агенттік төрағасының пайымдауынша, «Мемлекет пен қоғамның діни бірлестіктердің жұмыстарына жоғары талаптар қоюға құқығы бар екендігіне сенімдімін. Олардың бірқатарының қаржылық ашықтығы күмән тудырады. Заңға сәйкес барлық діни бірлестіктер бейкоммерциялық ұйымдар болып табылады. Сондықтан олардың табыс құрылымдары, мүліктің көлемі мен құрамы, шығындар, жұмысшылардың саны мен құрамы, жалақы мәселелері құпия бола алмайды». Сондай-ақ, Қазақстандағы экстремистік, деструктивтік ұйымдардың жұмысы қауіп төндіруде. Олардың арбауларына ілігіп жатқан негізінен жастар болып отыр. Сондай топтардың жұмыстарына тосқауыл қою мемлекет алдындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

 

Қазақстан елдің ішіндегі конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті орнатуға деген өз үлесін қосып отыр. Оған осыған дейін төрт рет Астанада өткізілген дүниежүзілік дәстүрлі діндер басшыларының съезі мысал бола алады. Соңғы рет 2012 жылы өткен осы жиын көптеген әлемдік дінбасшыларының басын қосты. Әлемдегі мұсылман мен христиан қауымдары өкілдерінің көп жағдайда шиеленісті қарым-қатынастарда екендігін ескерсек,Қазақстандағы осы екі конфессияның тату өмір сүруі бүгінгі таңда мән берілуі тиіс мәселе.

 

Қазіргі таңда конфессионалдық мәселелерді шешуде біздің мемлекет әлемдік қауымдастыққа өз ұсыныстарын жасай алады. Болашақта да тиімді жасалынып отырған саясаттың арқасында Қазақстан осы саладағы көшбасшылардың бірі болып қалу ықтималдығы көп.

   

 

Пайдаланылған әдебиеттер:    



 

1. Қазақстан Республикасының конституциясы – Алматы 2009.

2. Актуальные вопросы государственно-конфессиональных отношений в Республике Казахстан: сборник материалов – Алматы: Институт философии и политологии КН МОН РК, 2012.

3. Нысанбаев А. Малинин Г. – Нурсултан Назарбаев: Казахстан – территория мира и согласия. – Алматы 2005.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет