Құрастырған: Жақсыбаева Ж. Б. Тойжанов Б.Қ Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді



бет6/8
Дата24.04.2017
өлшемі1,32 Mb.
#14651
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

Алиментарлы аурулар дегеніміз не?

Алиментарлы аурулардың даму себебі?

Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулар?

Тамақтың бірлі-жарым жетіспеушілігінен туындайтын аурулар?

Гиподәруменділік дегеніміз не?

Гипердәруменділік дегеніміз не?

Тағамдық уланулар дегеніміз не?

Тағамнан уланулардың қандай түрлері бар?

11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру 5 мин (6%)
11- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға балалар мен жасөспірімдердің ағзасына қоршаған ортаның тигізетін әсерімен, таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы. Ол балалардың өсу кезіне, тәрбиеленуіне, өмір сүруіне қоршаған ортаның әсерін зерттеп, олардың денсаулығының жақсы болып, физикалық және рухани жағынан жақсы дамып, жетілуі үшін шаралар ұсынады.

Біздің елімізде жастардың денсаулығына, тәрбиесіне, білім алуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Балаларға қызмет ететін нысандарға мыналар жатады: балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, мектеп - интернаттар, кәсіби - техникалық училищелер, балаларға арналған спорт мектептері, пионерлер үйі және т.б.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы және дене дамуы

Балалалық кезді шартты түрде үш негізгі кезеңге бөледі: туылғаннан 3 жасқа дейін – сәбилік кезең, екіншісі – мектепке дейінгі кезең 3 - 7 жас аралығында, мектеп кезеңі 7 - 18 жасқа дейін. Олардың арасындағы шекара шартты түрде болғандықтан, бір кезеңнен екінші кезеңге өту байқаусыз жүреді.



Сәбилік кезең – сәбидің өмірге келіп, бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады. Сәбидің ағзасында жаңа қоршаған ортаға бейімделу механизмі жетіле бастайды, сондықтан олардың микроклиматқа және басқа да қоршаған орта факторларының әсеріне қорғаныс реакциясы дамымаған.

Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша (сүт асханасында дайындалған, балаларға сүт тағамдарын дайындайтын жерде дайындалған) тамақтармен қамтамасыз ету жатады.



Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғары жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне қарағанда басым болады. Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап, сабаққа деген қабілеттілігі нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де, сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады, сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс. Баланың көру қабілеті бұл жаста жақсы жетілген, бірақ қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте сезімтал болады. Сондықтан балабақшада сурет сабақтары, еңбек сабақтары, жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болу керек. Бұл жастағы балалардың 80-85 % -ында көздің жақыннан нашар көретіндігі байқалады, сондықтан балалар қарайтын заттар баланың көзінен кемінде 35-40 см қашықтықта болу керек. Бұл жағдайлар орындалмаған кезде балаларда көздің ақилығы пайда болуы мүмкін. Сондықтан осы жастағы балаларды профилактикалық мақсатта көз дәрігері міндетті түрде тексеріп, көру қабілетінің мүкістігін ертерек анықтап, оны емдеу арқылы тоқтату керек.

Мектеп жасындағы кезең. 6 - 7 жастағы баланың ми ұлпасының құрылысы үлкен адамдардікіндей болады. Ішкі тежеу процесі күшейеді, бала зейін қойып тыңдауды, көңіл аударуды үйренеді және тәртіпке көне бастайды. Қимыл үйлесілімділігі жақсарады, жүйке - бұлшық ет аппаратының және қол сүйектері жақсы дамығандықтан, оларға жазуды үйретуге болады. Омыртқа сүйегі және арқа бұлшық еттері жақсы жетіліп, ыңғайлы жиһазда 20-25 минутқа дейін тіке отыра алады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, жақсы дамып - жетілген 6-7 жасар баланы мектепте оқытуға болатындығын көрсетеді. Соңғы кездері оқушыларды 11 жылдық оқыту енгізілген, ал келешекте 12 жылдық оқыту енгізілмекші. Ол оқушыларда абстрактивті ойлану және шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған. Жаңа жоспармен оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің қарқындылығына байланысты болады.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттеу

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық жетілуін қадағалау үшін оларға жылда медициналық тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде денсаулық жағдайына баға беру үшін қарапайым клиникалық әдістер (антропометриялық және физиометриялық ) қолданылады.

Антропометриялық әдіс кезінде баланың денесінің параметрлерін өлшейді: бойын, салмағын, дене қуысының шеңберін, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, арқаның және қолдың бұлшық еттерінің күшін, жетілу сатысын және әр түрлі аномалияларды, мысалы, омыртқаның қисаюы және түйетабандылықтың ерте белгілерін анықтайды. Ал физиометриялық әдіс кезінде кейбір функционалды пробалар жасап, жүрек - қан тамыр жүйесіне және басқа да жүйелердің жұмысына баға береді. Антропометриялық және физиометриялық көрсеткіштердің қорытындылары бойынша баланың физикалық жетілуіне объективті баға береді.

Белгілі бір балалар мекемесінде ( 150 адамнан кем емес жерде ) антропометриялық өлшеу жүргізіп, әр жас және жыныс үшін бойдың, салмақтың және басқа да көрсеткіштердің орташа мөлшерін анықтап, олардың физикалық жетілуіне баға береді. Ол көрсеткішті сол аймақтың орташа көрсеткіштерімен салыстырады. Әр баланы медициналық тексеруден кейін төмендегі топтардың біреуіне жатқызады:

1 - топ – сау балалар;

2 - топ – сау балалар, бірақ аурудан кейін функционалды өзгерістері бар, жедел аурулармен жиі ауыратын, көру қабілеті орташа дәрежеде бұзылған балалар;

3 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, физикалық жетіспеушіліктері бар, бірақ оқуға, өмір сүруге және еңбек етуге бейімделген балалар;

4 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, субкомпенсациялық жағдайда, өмір сүру және еңбек етуге бейімділігі жоқ балалар;

5 - топ - декомпенсация, яғни ағза қызметінің бұзылуы анықталған ауру балалар, 1 - және 2 - топтағы мүгедектер.

Балалардың денсаулықтарын жақсарту бойынша әр топқа жеке - жеке профилактикалық, емдік, сауықтыру жұмыстары және денсаулықты нығайту бойынша шаралар жоспары дайындалады.

Соңғы 100 жылдықта балалардың өсу және даму процесі жылдамырақ жүре бастады. Мұны акселерация деп атайды. Ол бір жағынан жақсы болса, балалардың жасына байланысты қимылдау мүмкіншілігі артады, екінші жағынан олардың арасында көру қабілетінің нашарлауы (миопия), жасөспірімдер гипертензиясы ауруы көбейіп отырғандығын көрсетеді. Осыған байланысты акселерация гигиеналық қамтамасыз ету бойынша бірсыпыра өзекті мәселелерді алға қойды.

10. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 минут (22%)

1. Балала мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеті?

2. Балала мен жасөспірімдердің мектепке дейінгі кезеңі?

3. Мектеп жасындағы кезең?

4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары?

11. Сабақты қорытындылау 5 минут (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру 5 минут (6%)
12- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Еңбек гигиенасы. Өндірістік зияндылық түсінігі, жіктелуі. Кәсіптік аурулар. Кәсіптік аурулардың алдын-алу шаралары. Еңбек физиологиясының негіздері. Еңбек үрдісіне байланысты қажу мен аурулардың алдын алу.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға өндірістік зияндылық түсінігі, жіктелуі. Кәсіптік аурулар. Кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары. Еңбек физиологиясының негіздері. Еңбек үрдісіне байланысты қажу мен аурулардың алдын алу шараларын таныстыру және оқыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Еңбек гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы, адамның атқаратын еңбегіне байланысты жұмыстың зиянды әсерін, мамандыққа байланысты аурудың алдын алу, жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тәжірибелік шаралар дайындайды.

Еңбек – адамның қалыптасуының, дамуының және өзіне материалдық жағдай жасаудың негізі болып табылады.

Еңбек адам ағзасында биологиялық процестердің қалыпты жағдайда жүруі үшін және әлеуметтік қызмет атқару үшін қажет.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек адамдардың физикалық, интеллектуалдық және рухани жағынан жақсы жетілуіне ықпал етеді.

Қоғамның дамуы, еңбек түрінің көбеюіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде өнеркәсіптерде, ауылшаруашылығында, көлікте және т.б. салаларда мамандық түрі өте көп.

Қандай да болмасын мамандық өзіне тән белгілі бір білімді және біліктілікті талап етеді.

Егер еңбек түрі немесе өндірістік жағдай адам денсаулығына немесе жұмыс қабілетіне теріс әсер ететін болса, ол өндірісте мамандыққа байланысты зияндылық бар екенін көрсетеді.

Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану тудыратын, жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.

Адамның мамандыққа байланысты аурулары еңбек дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, жарақат алу қауіптілігі, жұмыс орнының жайсыздығы, физикалық - химиялық, биологиялық өндірістік ортаның факторларының әсерінен болады.


Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі

Орталардың факторлары және жұмыс түрі

Кездесетін жұмыс түрі және өндірістер




  1. Психофизиологиялық факторлар




  1. Физикалық ( статикалық және динамикалық ) қозғалу аппараттарының зорығуы: ауыр жүкті көтеру және бір орыннан екінші орынға жылжыту, дененің жұмыс кезінде ыңғайсыз тұруы, терінің, буынның, бұлшық еттің, сүйектің ұзақ уақыт жаншылуы.

  2. Физиологиялық жылжу белсенділігінің жетіспеушілігі

( гиподинамия)

  1. Қан айналу, тыныс алу, дауыс шығару органдарының физиологиялық зорығуы




  1. Жүйке психикасының зорығуы: мидың қатты күштенуі, эмоциялық зорығу, анализаторлардың зорығуы, еңбектің бір сарындылығы (монотондылығы)



Механизацияланбаған еңбек: жүкті тиеу- түсіру, жөндеу жұмыстары, шахтерлердің және кеншілердің жұмысы, тігін машинасында жұмыс жасау және т.б.

Оймен істейтін жұмыстардың көп түрі: ғалымдардың , педагогтардың және бухгалтерлердің және т.б. жұмыстары.

Өндірістің әр түрлі саласындағы ауыр жұмыс түрлері, үрмелі инструменттерде ойнайтын музыканттардың жұмысы, әншілер, шыны шығаратындар.

Операторлардың, диспетчерлердің, көлік жүргізушілерінің,хирургтардың жұмысы, конвейерде істейтіндердің жұмысы және т.б.






  1. Физикалық факторлар




  1. Жұмыс орнының жоғары немесе төменгі температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы.




  1. Инфрақызыл сәулелердің жоғары деңгейі.




  1. Ультракүлгін сәулелердің жоғары деңгейі.




  1. Лазерлі сәулелердің жоғары деңгейі




  1. Ионды сәулелердің жоғары деңгейі




  1. Электромагнитті сәулелердің жоғары деңгейі, электрлік және магниттік өрістердің жоғары кернеулігі.

  2. Статикалық электрдің жоғары деңгейі




  1. Жұмыс орнының жоғары деңгейде шаңдануы ( токсикалық емес фиброгенді шаңдар).

  2. Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың жоғары деңгейі.



  1. Жұмыс орнының жеткіліксіз немесе жүйелі емес жарықтануы: табиғи жарықтанудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы, жасанды жарықтанудың жеткіліксіздігі, жоғары деңгейде жарықтану, жарық ағынының пульсациясы.




  1. Жоғары немесе төменгі атмосфералық қысым.



Машина жасау және металлургия зауыттары, сырлау цехтары, мұздатқышта жұмыс істейтіндер және ашық аспан астында жұмыс істейтін құрылысшылар.

Металлургия зауыттары, шыны өндірісі және т.б.


Дәнекерлеу жұмыстары, металды электр көмегімен еріту және басқа да жұмыс түрлері.

Зерттеу жұмыстары, аспап құрастырушылардың еңбегі, медицина.

Атомды электростансалар, гамма және рентгенді дефектоскопия.

Генераторларды өндіру және қолдану, радиолокация.


Жасанды тері шығару, мата өндірісі және т.б.
Шахта, кен орны, машина жасайтын зауыттар және т.б.
Машина жасау зауыттарында және шахталарда механизацияланған құралдармен қолмен атқарылатын жұмыс, комбайнерлер мен трактористердің еңбегі.

Шахталар, аспаптар құрастыратын жерлер, машина жасау зауыттары, тоқыма және басқа да цехтар.


Көпірлер, туннель құрылысы, әуе көлігі және т.б.




  1. Химиялық факторлар



Ағзаға жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогенді, мутагенді, репродуктивті функциясына әсер ететін газдар, сұйықтар, булар, аэрозольдер.



Химиялық зауыт, гальваникалық, темір балқыту, машина жасау зауыттарының сырлау цехтары, ауылшаруашылығында улы химикаттарды қолдану.








  1. Биологиялық факторлар







  1. Микро- және макроорганизмдер – жұқпалы аурулар, инвазиялар және саңырауқұлақ ауруларының көздері.

  2. Витаминдер, гормондар, антибиотиктер, ақуызды заттар.


Ауру малға қараушылар мен теріні өңдеумен айналысатындар.


Фармацевтикалық зауыттар, ет комбинаттары, жасанды жем және қоректік заттар дайындайтындар.





  1. Өндірістік жарақаттанудың қауіптілігі



Жылжу элементтері қорғалмаған өндірістік қондырғылар, жылжитын машиналар мен механизмдер, заттың бетінің жоғары немесе төменгі температурасы, ток кернеулігінің қауіпті деңгейі, сілтілер мен қышқыл ертінділер, адам ағзасы арқылы өтетін тұйықталулар (замыканиялар).


Машина жасау және химия зауыттары, ағаш өңдеу және т.б.




Еңбек гигиенасының негізгі міндеті – жұмысты ұйымдастыруда және жұмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.

Мамандыққа байланысты ауру дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.

Мұндай аурулар екі топқа бөлінеді:



  1. Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулар. Мысалы, токсикалық заттар, діріл және т.б.

  1. Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес, сонымен қоса тұрмыстық, тұқым қуалаушылық немесе т.б. факторлар да болуы мүмкін. Мысалы, ағзада жаңа өсіндінің пайда болуы. Мұндай ауруларды мамандыққа байланысты ауру дейді, егер оның дамуына нашар ұйымдастырылған жұмыс жағдайы әсер етсе.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі: жүрек – қантамыр, онкологиялық және жүйке – психикалық аурулардың алдын алу. Мамандыққа байланысты аурулардың алдын алу, аурулардың этиологиялық факторларын жан-жақты зерттеуге негізделген.

Ғылым мен техниканың күннен күнге жетіліп, күрделене түсуі еңбек гигиенасының алдына жаңа міндеттерді жүктейді.

Соңғы жылдары адам ағзасына әсер ететін діріл, ультрадыбыс, электр және магнитті өріс, иондаушы сәулелер, лазерлі сәулелер және жаңа химиялық заттар қазіргі кезде мұқият зерттеліп жатыр.

Қазіргі кезде біздің елімізде қолданылатын заттар тек Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен ғана қолданылады.

Ғылыми негізделген гигиеналық нормативтердің үлкен маңызы бар. Өндірісте адам ағзасына әсер ететін физикалық және химиялық факторларға шектеулі рұқсат етілген деңгей (ШРЕД) және шектеулі рұқсат етілген концентрация белгілену керек (ШРЕК), ол мөлшер адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейді.

Жақсы жұмыс жағдайын, жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, қондырғылар мен құрал жабдықтарға, жұмыс орнына, басқару пультінің жұмысына, демалыстың мерзімді ұзақтығы және жұмыс қабілеттілігіне әсерін тигізетін физиологиялық негізделген талаптардың қажеттілігі.

Мұндай жағдайда еңбек гигиенасы – еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру - ЕҒНҰ ( НОТ ) деп аталатын кешенді мәселелерді шешуге белсенді араласады.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттары: гигиеналық, физиологиялық, психологиялық және эстетикалық.



Гигиеналық :

1) жұмысшылардың денсаулығына және жұмыс қабілетіне әсер

ететін өндірістік факторларды нормалау;

2) өндірістің зиянды факторларын жою немесе оны азайту арқылы

жұмыс жағдайын жақсарту.

Физиологиялық:


  1. жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды, машиналар мен қондырғыларды физиологиялық талаптарға сай орналастыру;

  2. физиологиялық негізделген жұмыс және демалыс режимін енгізу;

  3. физикалық ауыр дене еңбегін азайту, қимылдау белсенділігін

физиологиялық жағынан жеткілікті жұмыспен қамтатамсыз

ету ( гиподинамияның алдын алу үшін);



  1. миға, анализаторларға және эмоцияға күш түсетін еңбек

қауіптілігін азайту және бір сарынды жұмысты азайту.

Психологиялық:

  1. пульттердің, басқа да машиналардың, механизмдердің және жүйелердің жұмысын басқаратын заттар шығарған кезде психологиялық талаптарды ескеру (инженерлік психология);

  2. мамандықты таңдағанда әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  3. ұжымда жақсы микроклимат болу үшін шаралар кешенін дайындау және оны енгізу, еңбекке деген жоғары қызығушылық туындату және оның жақсы қортындыларына талпыну.

Эстетикалық:

  1. жұмыс орындарын өндірістік эстетика талаптарына сай безендіру, жақсы жарықтандыру, станоктардың, машиналардың құрал-жабдықтардың дұрыс орналасуы, түстерінің дұрыс таңдалуы

  2. машиналарды, құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, пульттерді және басқа да заттарды жаңадан шығарған кезде техникалық эстетика талаптарының сақталуы.

Еңбек гигиенасы - кешенді ғылым, ол теориялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты.

Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатқа байланысты әр түрлі әдістер қолданылады. Өндірістік ортаны зерттеген кезде негізінен физикалық және химиялық әдістерге сүйенеді. Еңбек процесіне және адам ағзасына әсер ететін өндірістік ортаның әр түрлі факторларына баға беру үшін физиологиялық және биохимиялық әдістер қолданылады. Адам ағзасына жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының әсерін, нормативтерді негіздегенде эксперименталды әдіс кеңінен қолданылады. Жұмысшылардың аурушаңдығының талдауы статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі. Клиникалық пәндерден еңбек гигиенасы мамандыққа байланысты патологиямен тығыз байланысты.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет