Құрастырушы: аға оқытушы А. Н


Пән тақырыптарының мазмұны



бет3/3
Дата28.06.2017
өлшемі478,26 Kb.
#20390
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны



1 тақырып Қаржылық талдаудың теориялық негіздері

Қаржылық талдау: мәні, мазмұны және рөлі. Қаржылық менеджер мен аналитик жұмысындағы талдау. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау міндеттері. Қаржылық талдаудың әдістемелері мен әдістері. Кәсіорынды басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржылық талдау процедуралары. Кәсіпорын қызметіндегі қаржылық талдаудың негізгі ұстанымы мен логикасы.


2 тақырып Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

ҚР-ның шарушылық субъектілерінің қаржылық талдау құрамы: бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп, қаржылық есептемеге түсіндірме хат. Қаржылық есептемеге қойылатын талаптар. Бухгалтерлік балансты экономикалық оқу. Бухгалтерлік балансты тексеру әдістемелері. Қаржылық талдау көрсеткіштердің өзара байланысы. Қаржылық және басқарушылық есептеменің салыстырмалы талдауы.


3 тақырып Баланс баптарының құрамы мен құрылымын талдау

Актив түсінігі және оның топталуы. Меншік капиталы мен міндеттемелердің түсінігі. Активтердің құрамы мен орналасуын талдау. Мобилдық және иммобилдық құралдардың қатынасы. Иммобилдық құралдардың құрамы мен құрылымы. Негізгі құралдардың техникалық күйін сипаттайтын көрсеткіштер. Мобилдық құралдардың құрамы мен құрылымы. Құрамы мен құрылымы бойынша тауарлық-материалдық қорларды талдау. Дебиторлық берешекті талдау.

Нарықтық қатынас шартында капиталдың рөлі мен мәні. Меншік капиталының құрамы мен орналасуы, өзгеру себептерін талдау. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау.
4 тақырып Баланстың төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Нарық шартындағы баланстың өтімділігін талдау міндеті. Баланс өтімділігі, кәсіпорынның міндеттемелерін активтермен өтелу дәрежесі ретінде.

Активтердің өтелімділігін талдау. Кәсіпорынның активтерін олардың белсенділігіне сәйкес топтау. Міндеттемелерді оларды өтей мірзімі бойыншы топтау. Төлем артықшылығы мен кемдігінің абсолютті мөлшерін табу. Өтелім құралдардың барына әсер ететін негізгі факторлар. Кәсіпорынның баланс өтелімділігінің шарттары. Өтімділіктің абсолютті көрсеткіштері: ағымдық және болашақтық өтелімділік. Өтімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері (коэффициенттер).
5 тақырып Қаржы тұрақтылығын талдау

Қаржы тұрақтылығын анықтау. Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштерін талдаудың рөлі мен мәні. Меншіктік айналым капитал түсінігі. Қаржы тұрақтылықтың типтері. Қаржылық тұрақтылығының коэффициенттерді талдаудың рөлі мен мәні. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының интегралдық балдық бағалау.


6 тақырып Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдаудың мәні мен міндеті. Іскерлік белсенділікке әсер ететін факторлар. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне әсер ететін көрсеткіштер жүйесі. Айналымдылық және құралдардың айналу мерзімі түсінігі. Кәсіпорын құралдарының айналымын күшейту жолдары. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен пайдалығының арақатынасы.


7 тақырып Қаржылық нәтижелерді талдау

Шаруашылық субъектінің негізгі қызметтен түскен табыс көрсеткіші, оның нарықтық қатынас шартындағы рөлі. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың міндеттері. Пайданы талдау көздері. Кәсіпорын пайдалығының негізгі көрсеткіштерінің мінездемесі. Қаржылық нәтижелердің деңгейі мен серпінін талдау. Негізгі қызметтен түскен пайданы: факторлық талдау. Таза пайданы талдау. Таза пайданы қолдану тәсілдемесі. Кәсіпорын пайдалығының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау (табыстылық). Пайдалылықтың пайдалылығын талдау.


8 тақырып Ақша қозғалысын талдау

Ақша қозғалысын талдаудың міндеті. Ақша қозғалысы туралы есеп талдаудың негізгі көзі. Ақша құралдары ағымдарының түсінігі: ақша түсімі мен шығыны. Операциялық қызмет бойынша ақша қозғалысы. Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы. Қаржылық қызмет бойынша ақша қозғалысы. Ақша құралдары қозғалысының құрылымдық талдауы. Ақша қозғалысы есебі мен бухгалтерлік баланстың арақатынасы.


9 тақырып Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін талдау

Банкрот түсінігі. «Қазақстан Республикасының банкрот туралы» Заңы. Банкроттың пайда болуына әсер ететін факторлар. Банкрот мүмкіндігін бағалау көрсеткіштерінің жүйесі. Баланс құрылымын қанағаттандыратын және қанағаттандырмайтынын мойындау критерийлері. Банкрот мүмкіндігін бағалаудың отандық әдістемесі. Банкрот мүмкіндігін бағалаудың шетелдік әдістемесі: Альтман моделі, Бивер моделі, американдық екі факторлық моделі, банкрот диагностикасының дискриминанттық факторлық моделі. Қайта ұйыдастыру шаралары.


10 тақырап Кәсіпорын қызметін экспрестік талдау

Экспрестік талдаудың түсінігі, оның қаржылық талдау жүйесіндегі рөлі. Экспресстік талдау көрсеткіштер жүйесі. Экспресстік талдау жүргізу процедуралары. Экспрестік талдау нәтижелерін қолдану мүмкіндігі.



11 тақырып Қаржылық талдау жүйесіндегі өзгерістер мен әдістемелер

Қаржылық талдау облысындағы жаңа бағыттармен, экономикалық агенттердің қаржылық есептемесі құрумен байланысты нормативтік базасындағы өзгертулермен танысу.



4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі



1 тақырып Қаржылық талдаудың теориялық негіздері

Басқарушылық және қаржылық талдаудың салыстырмалы мінездемесі. Қаржылық талдаудың әдістері мен әдістемелері.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
2 тақырып Қаржылық талдаудың акпараттық базасы

Қаржылық есептемені толтыру.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3].
3 тақырып Баланс баптарының құрамы мен құрылымын талдау

Активтердің құрамы мен серпінін талдау. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау. Ағымдық активтердің құрамы мен құрылымын талдау. Дебиторлық берешекті талдау. Салыстырмалы аналитикалық баланс.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4,5].
4 тақырып Балантың төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Баланстың өтімділігін талдау. Активтерді өтімділік дәрежесіне қарай, ал міндеттемелерді өтеу мерзіміне қарай топтау. Төлем қабілеттілігі мен өтімділік коэффициенттерін талдау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
5 тақырып Қаржылық тұрақтылықты талдау

Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштерін талдау. Қаржы тұрақтылықтың типтерін анықтау. Қаржылық тұрақтылықтың коэффициенттерді талдау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының интегралдық балдық бағасы.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
6 тақырып Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін есептеу және талдау. Кәсіпорын құралдарының айналымын күшейту бойынша кепілдемені өңдеу.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
7 тақырып Қаржылық нәтижелерді талдау

Қаржылық нәтижелердің деңгейі мен серпінін талдау. Пайдалылық коэффициенттерін талдау. Негізгі қызметтен түскен пайданың факторлық талдауы.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
8 тақырып Ақша қозғалысын талдау

Операциондық, қаржылық және инвестициялық қызмет кеңістігіндегі ақша қозғалысының кірісі мен шығысын талдау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,5].
9 тақырып Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін талдау

Бакрот мүмкіндігін бағалаудың отандық әдістемесі. Бакрот мүмкіндігін бағалаудың шетелдік әдістемесі: Альтман моделі, Бивер моделі, американдық екі факторлық моделі, банкрот диагностикасының дискриминанттық факторлық моделі.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,5].
10 тақырып Кәсіпорын қызметін экспресстік талдау

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің экспресстік диагностикасы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағыттылған шараларды өңдеу.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3].
11 тақырып Қаржылық талдау жүйесіндегі жаңа әдістемелер мен өзгертулер

Қаржылық талдау ауқымдағы жаңа бағыттармен, экономикалық агенттердің қаржылық есептемесін құрумен байланысты нормативтік базаның өзгертуімен танысу.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4,5].
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
5B050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша СӨЖ тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

24

2

Практикалық сабақтарға дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

24

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Коллоквиум

(және т.б.)



36

4

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ, жеке тапсырмалар, тестілеу

36

Барлығы:

120

5B050900 «Қаржы»мамандығының сырттай оқу түрі бойынша СӨЖ тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

31,2

2

Практикалық сабақтарға дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

31,2

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Коллоквиум

(және т.б.)



46,8

4

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ, жеке тапсырмалар,

тестілеу


46,8

Барлығы:

156



4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1 тақырып Қаржылық талдаудың теориялық негіздері

Талдаудын түрлерінің классификациялық нобайын құру. Тақырып бойынша глоссарийды құру. Басқарушылық және қаржылық талдаудың арасында айырмашылығын және ұқсастығын анықтау.

Бақылау формасы – конспекті тексеру.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].


2 тақырып Қаржылық талдаудың акпараттық базасы

ҚР шаруашылық субъектілердің шектес екі кезеннің қаржылық есепберуді «Казахстанская правда» газетасында, www.kase.kz Интернеттін сайтінда немесе басқа көздерінде табу қажет. Математикалық нақтылығына есепберуді тексеру қажет. Қаржылық есепберудін көрсеткіштерінің өзара байланысты анықтау.

Бақылау формасы – қаржылық есепберудін толтыруын анықтау, ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3].


3 тақырып Баланс баптарының құрамы мен құрылымын талдау

Баланс активтердің құрамы мен құрылымын талдау. Баланс пассивтердің құрамы мен құрылымын талдау. Салыстырмалы аналитикалық баланс.

Өткізілген есептердің нәтижесінде дәйектемелі аналитикалық қорытындысын жасау, талдауды графикалық материалдарымен (диаграмма) бекіту.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4,5].
4 тақырып Баланстың төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау

Кәсіпорынның активтерін өтімділік дәрежесіне сәйкес топтау, міндеттемелерді өтеу мерзімінің дәрежесі бойынша топтау. Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау. Өтімділіктің көрсеткіштерін (коэффициенттер) талдау.

Өткізілген есептердің нәтижесінде дәйектемелі аналитикалық қорытындысын жасау, талдауды графикалық материалдарымен (диаграмма) бекіту.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
5 тақырып Қаржы тұрақтылығын талдау

Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштерін талдау. Қаржы тұрақтылықтың типтерін анықтау. Қаржылық тұрақтылығының коэффициенттерді талдау. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының интегралдық балдық бағалау.

Өткізілген есептердің нәтижесінде дәйектемелі аналитикалық қорытындысын жасау, талдауды графикалық материалдарымен (диаграмма) бекіту.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
6 тақырып Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау. Кәсіпорының құралдардың айналымдылық жеделдетуі боынша ұсыныстарды құрастыру. Аналитикалық қорытындысын жасау, айналымдылықтын түсу (көтерілу) себептерін анықтау. Талдауды графикалық материалдарымен (диаграмма) бекіту.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].


7 тақырып Қаржылық нәтижелерді талдау

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің құрамы мен құрылымын талдау. Негізгі қызметтен түскен пайдаға әсер ететің факторларды анықтау. Негізгі қызметтен түскен пайданы факторлық талдау. Пайдалылықтың көрсеткіштерін талдау.

Өткізілген есептердің нәтижесінде дәйектемелі аналитикалық қорытындысын жасау, талдауды графикалық материалдарымен (диаграмма) бекіту.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4].
8 тақырып Ақша қозғалысын талдау

Операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша қозғалысын талдау. Жоғары шығындар қай қызметпен байланысқан, кәсіпорынның қызметтін қай түрі ең үлкен табыс әкелген көрсету қажет.

Қызметінің үш түрі бойынша ақша түсімі мен шығымы бойынша құрылымдық диаграммаларды құру.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,5].
9 тақырып Кәсіпорынның банкротқа ұшырау мүмкіндігін талдау

Банкрот мүмкіндігін бағалаудың отандық әдістемесімен. Банкрот мүмкіндігін бағалаудың шетелдік әдістемесі бойынша талдау. Кәсіпорынның дағдарыстан шығу бойынша кепілдемелерді құрастыру.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,5].


10 тақырап Кәсіпорын қызметін экспрестік талдау

Қаржылық жағдайының экспрестік диагностиканы өткізу. Қаржылық жағдайының барлық аспектілерін қамтийтін дәйектемелі қорытындысын жасау. Қаржылық жағдайының тұрақтылығына сәйкес ұсыныс беру.

Бақылау формасы – есепті қорғау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3].


11 тақырып Қаржылық талдау жүйесіндегі өзгерістер мен әдістемелер

Қаржылық талдау облысындағы жаңа бағыттармен, экономикалық агенттердің қаржылық есептемесі құрумен байланысты нормативтік базасындағы өзгертулермен танысу.

Бақылау формасы – ауызша сұрау.

Ұсынылған әдебиет: [1,2,3,4,5].





Мамандықтың жұмыс

оқу жоспарынан көшірме






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32


5B050900 «Қаржы»



мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы Қаржылық талдау




Оқу нысаны

Пәннің еңбек

сыйымдылығы



Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-

дит-


тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

барлығы

дәр

пр.

зертх.

барлығы

СОӨЖ

ОКБ негізіндегі күндізгі

4

180

60

120

3

-

-

-

3

4

60

30

30

-

120

30

ОКБ негізіндегі сырттай

4

180

24

156

5

-

-

-

4

-

12

12

-

-

-

-

5

4

12

-

12

-

156

12

ЖКБ негізінде сырттай

4

180

24

156

5

-

-

-

4

-

12

12

-

-

-

-

5

4

12

-

12

-

156

12

Кафедра меңгерушісі ______ Н.С. Кафтункина 20 ж. « » т




5 Әдебиет тізімі
Негізгі

1 Абленов, Д. О. Қаржылық аудит және талдау: теория, әдiснама, практика : оқу құралы / Абленов, Д. О. - Алматы : Экономика, 2010. - 528 с. - (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дiң осы заманғы оқу басылымдары).

2 Асқарова, Ж. А. Бизнестi бағалау : оқу құралы / Асқарова, Ж. А. - Алматы : Заң әдебиетi, 2007. - 194 с.

3 Демесінов Т. Ж. Қаржылық талдау : оқулық / Т. Ж. Демесінов. - Алматы : Дәуір, 2011. - 320 б. - (АВ. ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы).

4 Ксембаева, А. Н., Салихова, А. Р. Қаржылық талдау. Оқу құралы. - Павлодар: Кереку, 2011.
Қосымша

5 Абленов, Д. О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдiснамасы, тәжiрибесi : оқу құралы / Абленов, Д. О. - Алматы : Экономика, 2007. - 543 с.

6 Дүйсенбаев, К. Ш. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау : оқу құралы / Дүйсенбаев, К. Ш., Төлегенов, Э. Т., Жұмағалиева, Ж. К. - Алматы : Экономика, 2001. - 330 с.

7 Мадиярова, Э. С. Қаржылық менеджмент : оқу құралы / Мадиярова, Э. С., Сүйеубаева, С. Н. - Алматы : Экономика, 2009. - 264 с.

8 Төлешова, Г. Қ. Дамыған қаржылық есеп : оқулық / Төлешова, Г. Қ. - Алматы : Экономика, 2005. - 319 с.

9 Баймұханова, С. Б. Қаржылық есеп : оқулық / Баймұханова, С. Б. - Алматы : Экономика, 2007. - 295 с.



10 Облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарының iскерлiк белсендiлiгiне талдау және болжам жасау. - Павлодар, 2006. - 16 с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет