Құрастырушы: аға оқытушы Ахмадиева А. Т


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата17.06.2018
өлшемі245 Kb.
#43239
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған

Кәсіби қазақ тілі



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

__________________деканы

(факультет атауы)

___________ ___________

(қолы) (А.Ж.Т.)

2012ж. «27» сәуір

Құрастырушы: аға оқытушы _____________Ахмадиева А.Т.


Құқықтану кафедрасы


5В030100 Құқықтану мамандығының

сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Кәсіби қазақ тілі

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2012ж. «24» 04 мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедра отырысында ұсынылған №10 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ахмеджанова Г.Б. 2010ж. «24» 04

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2012ж. «27» сәуір №9 хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 2012ж. «27» 04

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Оқытушылар жөнінде мәлімет
Ахмадиева Айгүл Төлеуханқызы – Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы (тәжірибе).
Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-77, қосымша 1168.
2 Пән бойынша ақпарат
Пән 3 және 4 семестрде 3 апталық мерзімде оқытылады.

Пәннің жалпы жүктемесі 90 сағат: 90 сағаттының 30 сағаты аудиториялық сабақтарға (30 сағат тәжірибе) және 60 сағат студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген.

Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.

Пәнді толық оқу барысы мынадай пәндер базасына да негізделеді: мемлекет және теориясы, рим құқығы, конституциялық құқық.




3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етеуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семе

стр


Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре

дит-тер


Академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ (ак. сағат)

СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ



КЖ



бар-лығы

дәр

тәж

зерт

Бар

лығы


ОСӨЖ

ОКБ, ЖКБ база-сындағы

сырттай


2

90

12

78

4










3

2

12





6

-







4

2




6

-

78

6



4 Пәннің негізгі мақсаттары:

1. Студент мамандыққа қатысты сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

2. Мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.

3. Тіл үйренушінің кәсіби лексика мен мамандыққа байланысты терминдерді меңгеріп, іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыру.


Пәннің міндеттері:

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту барысында келесі жалпы міндеттер игеріледі:



  • ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • қажетті стильдік әлеуметтік кәсіби білім қалыптастыру;

  • коммуникацияның әртүрлі формалары мен түрлері бойынша сөйлеу тәртібінің сөйлеу тәртібінің стратегиясы мен тактикасы саласында шеберлік икемін игеру;

  • курс практикалық бағытта 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.


Дағдыланасыздар:

- Кәсіби қазақ тілі пәнінің тілдік теориясын білуді;

- 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша қолданылатын терминдердің қолданыс жиілігін үйренуге;

- 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша қолданылатын кәсіби сөздердің ситуациялық жағдаятарда қолдана білуге;

- кәсіби қызмет саласындағы тілдік, стильдік сауаттылықты үйренуге.
Білесіздер:

1. Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша тапсырмаларды шешу.

2. Кәсіби терминдермен жұмыс істей білу.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

- 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнін оқитын студенттер оқу барысында оқытудың әдістері мен технологиясын пайдалану;

-кәсіби қазақ тілін оқыту кезінде лексикалық минимумымен жұмыс істей білу;

-кәсіби, іскери қызметте 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандық тілін сауатты, мәдениетті жүргізе білу.


6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

1) Қазақ тілі;

2) Мамандыққа кіріспе.




Пәннің тақырыптық жоспары Ф СО ПМУ 7.18.2/07
8 Тақырыптық жоспар


р/с


Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны

Тәж.

студ.

зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Заңгердің кәсіби қызметі және коммуникациясы. Кәсиби қызметтің салалары.

1

-

-

5

2

Кәсіби сала мамандығының кәсіби тілінің мазмұны және құрамы (құқықтану (құқық)мамандығы саласындағы мамандардың кәсіби тілі). Әңгімелесушілердің әлеуметтік мәртебесі (заңгер-клиент), коммуниканттардың әлеуметтік рөлдері (құқыққорғаушы-айыпталушы-жәбірленуші).

1

-

-

6

3

Кәсіби сала мамандығының ғылыми тілі маманның кәсіби мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс: мәтіннің терминологиялық түсіндірмесі, мәтінге стилистикалық анализ жасау, мәтінге кешенді анализ жасау, мәтінге орфографиялық және пунктуациялық анализ жасау, мәнжазба құрастыру.

1

-

-

6

4

Сөйлеу деңгейінің прагматикалық бірліктері - сөз, сөйлеу, мәтін. Заңгердің: прокурордың, адвокаттың, судьяның), пікір айту, дискурс.

Тілдесу стильдері – ресми, (жартылай ресми), биресми. Коммуникативтік жағдайлар (мамандық щеңберінде)



1

-

-

5

5

«Құқықтану» мамандығы бойынша «Жоғарғы оқу орындары» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

1

-

-

6

6

«Заңгер мамандығы» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

1

-

-

5

7

«Құқық негіздері» тақырыбы аясындағы терминологиялық минимум.

0,5

-

-

5

8

«Мамандық тарихынан» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: құқық пен мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттің категориялары мен нысандары, әлеуметтік және құқықтық мемлекет, құқық ұғымы туралы теориялар...)

0,5

-

-

5

9

«Оқытушылардың кәсіби мейрамы » тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: заңгер – ізгілікті мамандық, заңгердің кәсіби қасиеттері, ең үздік заңгерлер, мамандық бойынша ең үздік заңгер-кеңесші және т.б.

0,5

-

-

5

10

Қызметтік құжаттардың түрлері – ішкі және сыртқы; өкім беруші, есептік, жоспарлы; ғылыми, заңи, өндірістік, қаржылық. Қаулы. Шешім. Бұйрық. Өкім. Акт. Анықтама. Өтініш. Талап-арыз.

0,5

-

-

5

11

Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық. Коммерциялық хаттардың негізгі түрлері – коммерциялық сауал, сауалға жауап, өтініш-хат (оферта), өтінішке жауап (акцепт), шағым-хат (рекламация), рекламацияға жауап, мәліметтік-жарнамалық хаттар. Құжаттардың тілі және стилі – тілдік формулалар, құжаттағы тілдік этикет.

1

-

-

5

12

Заңи құжаттар. Қаржылық құжаттар. Контракт, шарт, меморандум, келісім. Резюме. жарнама. Ұсыныс хат.

1

-

-

5

13

Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер.

0,5

-

-

5

14

Кәсіби сала мамандығы бойынша мақал-мәтелдер.

1

-

-

5

15

Тіл практикасына арналған тапсырмалар, семинарлар, мәнжазбалар.

0,5










Барлығы: 90

12







78



9 Кәсіби қазақ тілі пәнінің қысқаша сипаттамасы
Кәсіби бағдар бере отырып оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы болып табылады. Кәсіби бағдарлық дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту.

Кәсіби бағытты ескере отырып оқыту студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген, кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерді мамандықтарына қатысты оқыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығы



мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын рөлі ерекше. Өзінің мамандығы бойынша білім ала отырып, студент кәсіби – жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді сезініп, моральдық-психологиялық ахуалды түсіне бастайды. Өзінің болашақ мамандығына тән барлық аспектілермен жете танысып, игерген теориялық білімдерін тиянақтап, мамандығына деген өз көзқарастары қалыптасады.
10 Курс компоненттері
1 тақырып. Заңгердің кәсіби қызметі және коммуникациясы. Кәсиби қызметтің салалары.

2 тақырып. Кәсіби сала мамандығының кәсіби тілінің мазмұны және құрамы (құқықтану (құқық) мамандығы саласындағы мамандардың кәсіби тілі). Әңгімелесушілердің әлеуметтік мәртебесі (заңгер-клиент), коммуниканттардың әлеуметтік рөлдері (құқыққорғаушы).

3 тақырып. Кәсіби сала мамандығының ғылыми тілі маманның кәсіби мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс: мәтіннің терминологиялық түсіндірмесі, мәтінге стилистикалық анализ жасау, мәтінге кешенді анализ жасау, мәтінге орфографиялық және пунктуациялық анализ жасау, мәнжазба құрастыру.

4 тақырып. Сөйлеу деңгейінің прагматикалық бірліктері - сөз, сөйлеу, мәтін. Заңгердің: прокурордың, адвокаттың, судьяның), пікір айту, дискурс. Тілдесу стильдері – ресми, (жартылай ресми), биресми. Коммуникативтік жағдайлар (мамандық щеңберінде).

5 тақырып. «Құқықтану» мамандығы бойынша «Жоғарғы оқу орындары» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

6 тақырып. «Заңгер мамандығы» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

7 тақырып. «Құқық негіздері» тақырыбы аясындағы терминологиялық минимум.

8 тақырып. «Мамандық тарихынан» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: құқық пен мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттің категориялары мен нысандары, әлеуметтік және құқықтық мемлекет, құқық ұғымы туралы теориялар...)

9 тақырып. «Оқытушылардың кәсіби мейрамы» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: заңгер – ізгілікті мамандық, заңгердің кәсіби қасиеттері, ең үздік заңгерлер, мамандық бойынша ең үздік заңгер-кеңесші және т.б.

10 тақырып. Қызметтік құжаттардың түрлері – ішкі және сыртқы; өкім беруші, есептік, жоспарлы; ғылыми, заңи, өндірістік, қаржылық. Қаулы. Шешім. Бұйрық. Өкім. Акт. Анықтама. Өтініш. Талап-арыз.

11 тақырып. Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық. Коммерциялық хаттардың негізгі түрлері – коммерциялық сауал, сауалға жауап, өтініш-хат (оферта), өтінішке жауап (акцепт), шағым-хат (рекламация), рекламацияға жауап, мәліметтік-жарнамалық хаттар. Құжаттардың тілі және стилі – тілдік формулалар, құжаттағы тілдік этикет.

12 тақырып. Заңи құжаттар. Қаржылық құжаттар. Контракт, шарт, меморандум, келісім. Резюме. жарнама. Ұсыныс хат.

13 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Қысқарған сөздердің қазақша-орысша, орысша-қазақша баламасы.

14 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолданудың ерекшеліктері. «Құқықтану» мамандығы бойынша мақал-мәтелдер.

15 тақырып. Тіл практикасына арналған тапсырмалар, семинарлар, мәнжазбалар. Жаттығулар жасау.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 тақырып. Заңгердің кәсіби қызметі және коммуникациясы. Кәсиби қызметтің салалары.

Тақырыпшалар минимумы: Адам өмірндегі құқық. Құқықты жүзеге асыру. Заңи жауапкершілік.

Лексикалық- тақырыптық мәлімет:

Құқықты жүзеге асыру (құқықты қолдану, құқық қолданудың кезеңдері, құқық қолдану актілері, құқықты ұқсастық бойынша қолдану, заңи процесс).

Адамдардың құқықтық кеңістікте құқыққа сәйкес мінез-құлқы, (құқыққа сәйкес мінез-құлық, заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық, заңи жауапкершіліктің түсінігі, заңи жауапкершіліктің түрлері).

2 тақырып. Кәсіби сала мамандығының кәсіби тілінің мазмұны және құрамы (құқықтану (құқық)мамандығы саласындағы мамандардың кәсіби тілі). Әңгімелесушілердің әлеуметтік мәртебесі (заңгер-клиент), коммуниканттардың әлеуметтік рөлдері (құқыққорғаушы-айыпталушы-жәбірленуші).

Тақырыпшалар минимумы: Құқықтық салада жалпылама қолданылатын сөздер.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Құқықтық салада жалпылама қолданылатын сөздер (құқық, заңтану, заң-кеңесшісі, құқықтық қарым-қатынас, заң, өндіріп алу, жаза).

Кәсіби сөздер (құқық салалары мен заңнамаға байланысты кәсіби тілдесу – азаматтық құқық: мүліктік зиянды өтеу, возмещение имущественного вреда, шарт жасасу, міндеттеме, келісім-шарт).

3 тақырып. Кәсіби сала мамандығының ғылыми тілі маманның кәсіби мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс: мәтіннің терминологиялық түсіндірмесі, мәтінге стилистикалық анализ жасау, мәтінге кешенді анализ жасау, мәтінге орфографиялық және пунктуациялық анализ жасау, мәнжазба құрастыру.

Тақырыпшалар минимумы: Заңгердің кәсіби этикасы. Заңгердің кәсіби мәртебесі.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Заңгердің кәсіби этикасы (кәсіптік білімі, клиенттермен жұмыс істеу мәдениеті, жеке және кәсіби қасиеттерінің болуы).

Заңгердің кәсіби мәртебесі (заңи қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензияның болуы, кәсіби даярлықтың деңгейі, мемлекеттік органдарда, соттарда және т.б. органдарда клиенттердің мүдделерін қорғау тәжірибесінің болуы).

4 тақырып. Сөйлеу деңгейінің прагматикалық бірліктері - сөз, сөйлеу, мәтін. Заңгердің: прокурордың, адвокаттың, судьяның), пікір айту, дискурс. Тілдесу стильдері – ресми, (жартылай ресми), биресми. Коммуникативтік жағдайлар (мамандық щеңберінде)

Тақырыпшалар минимумы: Құқық жүйесіндегі белгілі бір құқық саласының жалпылама терминдері.

Құқық жүйесіндегі белгілі бір құқық саласының арнайы терминдері (құқық, құқық нормасы, құқық саласы, құқық жүйесі).

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Құқық жүйесіндегі белгілі бір құқық саласының жалпылама терминдері (құқық нормасы, құқықтың қағидалары, құқықтық реттеудің әдістері, рұқсат ету әдісі, тиым салу әдісі).

Құқық жүйесіндегі белгілі бір құқық саласының арнайы терминдері (әкімшілік құқықтың қайнар көздері, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі, мемлекеттік басқару, әкімшілік құқық бұзушылық, субъективтік жақ, объективтік жақ, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы, әкімшілік өндіріп алу, әкімшілік айыппұл, мүлікті тәркілеу, арнайы атағынан айыру).

Заңгердің тілдесуі: судьяның, нотариустың, заң кеңесшісінің, прокурордың, тергеушінің.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Судъя - (сот, азаматтық іс, материалдық нормалар, іс жүргізі нормалары, талапкер, жауапкер, талап-арыздық өндіріс, бұйрықтық өндіріс, апелляциялық саты, кассациялық өндіріс, қадағалау өндіріріс).

Нотариус - (жеке нотариус, мемлекеттік нотариус, нотариалдыцқ қызмет құпиясы, құжаттар көшірмелерінің растығын куәландыру, мәмілені куәландыру, мұраға құқықты куәландыру, меншік құқығы туралы куәлік).

Тергеуші (қылмыс, жаза, бұзақылық, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы, қылмыстық істі тоқату, қылмыс жасаған орынды куәландыру хаттамасы).

5 тақырып. «Құқықтану» мамандығы бойынша «Жоғарғы оқу орындары» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

- жоғарғы кәсіптік білім (ЖКБ), бакалавриат, магистратура, докторантура;

- жоғарғы оқу орындары (жоо, университет, институт) заңи білім, құқықтану кафедасы;

- заңи ғылым мен техниканың дамуы, ғылыми технологиялар, заңи қызмет көрсету саласының даму перспективалары мен өзекті мәселелері, жұмыспен қамтамсыз етілу мүмкіндігі;

- факультет, кафедра, декан, кафедра меңгерушісі, деканат, хатшы, зертханашы;

- заманауи мамандықтар, мамндар, мамандандырулар;

- профессорлық-оқытушылық құрам, профессор, доцент, магистр, оқытушы, ғылым докторы, ғылым кандидаты, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәлімгер;

- студенттік өмір, қоғамдық студенттер ұйымы, студенттер құрылыс жасағы, ғылыми кітапхана, оқу залы, оқырман билеті, студенттік билет, асхана.

6 тақырып. «Заңгер мамандығы» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

Тақырыпшалар минимумы: Заңгер мамандығы: судья, нотариус, заң кеңесшісі, прокурор, тергеуші.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Заңгер мамндығы (сот жүйесі, судъя мәртебесі, сот өндірісі, құқық қорғау органдары, әкімшілік өндіріс, мамандандырылған экономикалық сот, қорғаушы, клиенттің құқығын қорғау, прокурорлық қадағалау, арнайы прокуратура, өтініш, шағым және т.б.).



7 тақырып. «Құқық негіздері» тақырыбы аясындағы терминологиялық минимум.

Тақырыпшалар минимумы: Мемлекеттің ұғымы және негізгі категориялары. Құқықтық мемлекет. Құқықтың түсінігі, мәні және белгілері. Құқықтың функциялары.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

- Мемлекеттің ұғымы және негізгі категориялары (мемлекет ұғымы, мемлекеттің мәні, әлеуметтік мемлекет, мемлекеттің белгілері, мемлекет нысандар, мемлекет механизмі және функциялары);

- Құқықтық мемлекет (әр адамның жаратылыс құқықтары: меншік құқығы, өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, мемлекет егемендігі, биліктің бөлінуі, тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі);

- Құқықтың түсінігі, мәні және белгілері (құқықтың, құқық теориясының түсінігі: психологиялық, әлеуметтік, жаратылыс құқығы теориясы; құқықтың мәні, құқықтың белгілері, құқықтың қайнар көздері: құқықтық әдет-ғұрып, заң, номативтік құқықтық акт);

- Құқық жүйесі (құқық нормасы, құқықтық институт, құқық салалары);

- Құқықтық сана-сезім және құқықтық мәдениет (құқықтық сана-сезімнің түрлері: жай құқықтық сана-сезім, кәсіби құқықтық сана-сезім, ғылыми, теориялық сана-сезім, құқықтық мәдениет, құқықтық нигилизм, құқықтық мәдениеттің функциялары, құқықтық тәрбие және құқықтық оқыту.



8 тақырып. «Мамандық тарихынан» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: құқық пен мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттің категориялары мен нысандары, әлеуметтік және құқықтық мемлекет, құқық ұғымы туралы теориялар...)

Тақырыпшалар минимумы: Мемлекеттің пайда болуы, құқық теориясы.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Мемлекеттің пайда болуы (мемлекеттің пайда болу теориялары, мемлкет функциялары, қоғамның саяси жүйесі).

Құқық теориясы (құқық, құқықтық қатынас, құқықшығармашылық, құқықтық талқылау).

9 тақырып. «Оқытушылардың кәсіби мейрамы » тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: заңгер – ізгілікті мамандық, заңгердің кәсіби қасиеттері, ең үздік заңгерлер, мамандық бойынша ең үздік заңгер-кеңесші және т.б.

Тақырыпшалар минимумы: Кәсіптік мейрамдар, мейрам тарихынан, кәсіби қызмет, мамандық бойынша үздіктер.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

- кәсіптік мейрамдар және олардың мерзімі (9 қараша – Ішкі істер органдар қызметкерлерінің мейрамы);

- мейрамның тарихы (айрықша уақиға, жағдай, эпизод, күні, айы, жылы);

- кәсіби қызмет (сала, түрі, қызмет сипаттамасы, жұмыс түрлері, кәсіби функциялар, мәртебе);

- маманның кәсіби қасиеттері және қызметке баға беру (кәсіби дағдылар, қызмет бабы, «Мамандық бойынша ең үздік заңгер», еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету).

10 тақырып. Қызметтік құжаттардың түрлері – ішкі және сыртқы; өкім беруші, есептік, жоспарлы; ғылыми, заңи, өндірістік, қаржылық. Қаулы. Шешім. Бұйрық. Өкім. Акт. Анықтама. Өтініш. Талап-арыз.

Тақырыпшалар минимумы: Қызметтік құжаттар. Нормативтік құқықтық актілер.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Қызметтік құжаттарды құрастыру: қызметтік хаттарды, бұйрықтарды, бөлім, бөлімше ішіндегі өкімдерді. Сөздердің глоссарийі: қаулы, шешім, бұйрық,өкім, акт, анықтама, өтініш.

Нормативтік құқықтық актілер: ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Премьер-министірінің өкімі, мәслихат шешім (облыс, аудан, қала), құрылымдық бөлімше жетекшісінің бұйрығы, заңды тұлға жетекшісінің бұйрығы, қала, облыс әкімінің өкімі.

11тақырып. Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық. Коммерциялық хаттардың негізгі түрлері – коммерциялық сауал, сауалға жауап, өтініш-хат (оферта), өтінішке жауап (акцепт), шағым-хат (рекламация), рекламацияға жауап, мәліметтік-жарнамалық хаттар. Құжаттардың тілі және стилі – тілдік формулалар, құжаттағы тілдік этикет.

Тақырыпшалар минимумы: Коммерциялық хабарлама.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет:

Коммерциялық хабарламаны құрастыру және қолдану – коммерциялық сауал, сауалға жауап, өтініш-хат (оферта), өтінішке жауап (акцепт), шағым-хат (рекламация), рекламацияға жауап, мәліметтік-жарнамалық хаттар



12 тақырып. Заңи құжаттар. Қаржылық құжаттар. Контракт, шарт, меморандум, келісім. Резюме. жарнама. Ұсыныс хат.

Тақырыпшалар минимумы: Заңи құжаттар.

Лексикалық-тақырыптық мәлімет: заңи құжаттар (шағым, талап-арыз, өтініш, шешім, қаулы, кассациялық шағымға пікір).

13 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Қысқарған сөздердің қазақша-орысша, орысша-қазақша баламасы.

14 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолданудың ерекшеліктері. «Құқықтану» мамандығы бойынша мақал-мәтелдер.

15 тақырып. Тіл практикасына арналған тапсырмалар, семинарлар, мәнжазбалар. Жаттығулар жасау.


Сырттай бөлім студенттеріне арналған студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны:




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу

Конспект

Ауызша жауап

Жазбаша тапсырмалар



40

4

Қосымша материалдарды оқу

Конспект

Сабаққа қатысу

15

5

Бақылау шараларына дайындалу

Сұрақтарға жазбаша жауап

МБ, емтихан

20




Барлығы:







78



Ескерту: Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарда көрсетілген, бірақ сабақтарда талданып үлгермеген сұрақтарды студент өз бетімен өзіндік жұмыстарда талдау жасайды.

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

1 тақырып. Кәсіби қызметтің салалары.

2 тақырып. Әңгімелесушілердің әлеуметтік мәртебесі (заңгер-клиент), коммуниканттардың әлеуметтік рөлі (құқыққорғаушы).

3 тақырып. Кәсіби сала мамандығының ғылыми тілі маманның кәсіби мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде. Мамандық бойынша мәтінмен жұмыс: талап-арыз, шағымдарды құрастыру.

4 тақырып. Сөйлеу деңгейінің прагматикалық бірліктері - сөз, сөйлеу, мәтін. Заңгердің: прокурордың, адвокаттың, судьяның), пікір айту, дискурс. Тілдесу стильдері – ресми, (жартылай ресми), биресми. Коммуникативтік жағдайлар (мамандық щеңберінде).

5 тақырып. «Құқықтану» мамандығы бойынша «Жоғарғы оқу орындары» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

6 тақырып. «Заңгер мамандығы» тақырыбы шеңберіндегі терминологиялық минимум.

7 тақырып. «Құқық негіздері» тақырыбы аясындағы терминологиялық минимум.

8 тақырып. «Мамандық тарихынан» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: құқық пен мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттің категориялары мен нысандары, әлеуметтік және құқықтық мемлекет, құқық ұғымы туралы теориялар...)

9 тақырып. «Оқытушылардың кәсіби мейрамы» тақырыбы шеңберіндегі тақырыпшалар: заңгер – ізгілікті мамандық, заңгердің кәсіби қасиеттері, ең үздік заңгерлер, мамандық бойынша ең үздік заңгер-кеңесші және т.б.

10 тақырып. Қызметтік құжаттардың түрлері – ішкі және сыртқы; өкім беруші, есептік, жоспарлы; ғылыми, заңи, өндірістік, қаржылық. Қаулы. Шешім. Бұйрық. Өкім. Акт. Анықтама. Өтініш. Талап-арыз.

11 тақырып. Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық.

12 тақырып. Заңи құжаттар. Қаржылық құжаттар. Контракт, шарт, меморандум, келісім. Резюме. жарнама. Ұсыныс хат.

13 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер.

14 тақырып. Кәсіби сала мамандығы бойынша мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолданудың ерекшеліктері. «Құқықтану» мамандығы бойынша мақал-мәтелдер.

15 тақырып. Тіл практикасына арналған тапсырмалар, семинарлар, мәнжазбалар. Жаттығулар жасау.




11 Курс саясаты

Баға қою критерийлері
Максималды балл дұрыс және белгіленген мерзім мен сабаққа 100% қатысуы кезінде қойылады

  1. Тәжірибелерге қатысу – 4 б.

  2. Семинарлардағы конспект – 2 б.

  3. Семинарда жауап беру – 5 б.

Межелік бақылау – 20 б.

Айып салу шаралары

Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.

Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.
Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы

Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 7 және 14 аптада алады.

Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері

Студент міндетті:



  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .

  3. Ұялы телефондарын сөндіруге.

  4. Сағыз шайнамауы.

  5. Оқу үрдісіне белсенді араласуы.

  6. Сабаққа уақытында келу.

  7. Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.

  8. Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.

  9. Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.

  10. Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.

Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.

Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.



Студенттердің білімін бағалау





Қорытынды баға балдармен белгіленеді (Қ)


Балдардың сандық

эквиваленті (С)




Әріптік жүйемен бағалау


Дәстүрлі жүйемен бағалау


Емтихан, диф.сынақ

сынақ

95 -100

4

А

Өте жақсы



Сынақ

90-94

3,67

А-

85-89

3.33

В+

Жақсы


80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық



65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағатсыз

Сынақтан өтпеген

«Өте жақсы» бағасы негізгі және қосымша фактілерді толық білуде қойылады; олардан дұрыс қорытынды жасай алуда (заңдылықтарды анықтау); тарихнаманы, мәселенің теориясын игерген жағдайда қойылады. «Жақсы» деп негізгі, қосымша фактілерді білу; оларды түсіндіріп, қорытынды жасай білу; теориялар, тарихнаманың негізін білу кезінде қойлады. «Қанағаттандырарлық» бағасы негізгі фактілерді айтып, оларды дұрыс қорытындылау, тарихнама, теорияларды жалпы айтып өтіп, жалпы білімнің болмауы мен қосымша фактілерді келтірмеуінде бағаланады. «Қанағатсыз» білім мен негізгі фактілер, тарихнама, теориялық сұрақтарына жауап берілмеуі кезінде бағаланады.

Семинар кезіндегі қорытынды, бақылаудың барлық формаларын негізінде пән бойынша әр студенттің қорытынды рейтингісі анықталады. Бақылау түрлерінің үлестік коэффициенті (үлесі) осыны құрайды: өтпелі үлгерімнің бақылауы (ВДту) – 0,4; емтихан (ВДэ) – 0,6. Қорытынды рейтинг мына формул бойынша шығарылады:

И= (Р1+Р2) : 2 х ВДту + Э х Вдэ где Р1, Р2, Э – балдар, бірінші мен екінші рейтинг қорытындылары бойынша алынған, емтихан 100 балдық жүйемен; ВДту, ВДэ – өтпелі үлгерім мен емтихандарда алынған үлестер.



Мысалы: бірінші рейтингте студент 76 бал алған болсын, екіншісінде – 80, емтиханды «жақсы» тапсырды, әріптік жүйеде “В-“, бұл 79 балды құрайды. Онда қорытынды рейтинг : И= (76+80) : 2 х 0,4 + 79 х 0,6 = 78,6 болады.

Пән бойынша балдармен белгіленетін (И) қорытынды рейтинг 2 таблицаға сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналдырылады да “Студенттердің білімін бағалау” журналына және “Рейтингі ведомосіне” енгізіледі. Біздің мысалымызда бұл 2,67; В-; «жақсы» болады.

Пән бойынша уақытаралық аттестация ведомості мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі формада қойылады.

Апелляция жайында

Емтихандық сессия кезінде объективті емес баға үшін туған жағдайларды шешу үшін сессия басталуына 10 күн бұрын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрайымы болып оқу ісінің проректоры болады,ол апелляциялық комиссияның құрамын белгілейді.

Апелляция студенттің ұсынысымен келесі жағдайларда шақырылады:

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтары дұрыс қойылмаған жағдайда;

- тесттік тапсырмалар бірнеше дұрыс жауапты қамтыса, дұрыс жауабы болмаса, бірдей жауаптарды қамтыған болса;

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтарының билеттері пәннің ӘОК белгілеген оқу бағдарламасына сәйкес келмесе.

Апелляцияға арыз апелляциялық комиссияның төрайымының атына емтиханнан соң келесі күннің 13 сағатына дейін арнайы бланкіде тапсырылары және деканмен қабылданады.

Апелляциялық комиссия арызды емтиханнан кейінгі келесі күні 17 сағатта жұмыс күні аяқталысымен қарастыра бастайды және апелляцияға арызды оқып жатқанның қатысуынсыз қарастыра алады. Апелляциялық комиссия апелляция қорытындыларын апелляця жөнінде арыз жасау бланкісіндегі апелляциялық комиссияның әр бір сұрақ бойынша шешімін қарастырады. Апелляцияның қорытындылары декан дайындаған апелляциялық ведомостке енгізіледі.

Апелляция барысында оқып жатқанның семестрлік (емтиханға дейін) рейтингтің ауысуы қабылданбайды.

12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: Оқу құралы. Толықтырылған басылымы. –Алматы: Жеті Жарғы, 2010. – 304б.

2 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: Оқу құралы. Толықтырылған 2 басылымы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 304б.

3 Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы (Ерекше бөлімі): Оқулық. I том. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 264б.

4 Егембердиев Е.О. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2006. – 388б.

5 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

6 Бектұров Ш.К., Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2006

7 Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы: Арыс, 2007.

8 В.Ю.Франк. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы: Болашақ балапандары, 1999

9 Зейнулина А.Ф., Рахимжанов К.Х., Акошева М.К. Практический курс казахского языка для стройтельных специальностей. Учебник. – Павлодар, 2003-241 с.

10 Зейнулина А.Ф., Балпанов Н.М. Кәсіби-іскери қазақ тілі (Экономика). Павлодар, 2007

11 Жұмабаева З.Е. Мемлекеттік кәсіби қазақ тілі дидактикасы (Құқықтану). Паводар, 2010

12 Зейнулина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман Ә.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. 2009

13 Зейнулина А.Ф. Кәсіби қазақ тілі (Ақпараттық жүйелер, Информатика). 2012.

14 Оразбаева Ф. Кәсіби қазақ тілі (Медицина). Алматы, 2007

15 Қожабаева Қ. Кәсіби қазақ тілі (Автомобильді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету мамандығына арналған оқу құралы), 2010

16 Ақжанова А., Өтегенова Қ. Кәсіби қазақ тілі (Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит) Астана, 2010

17 Төлеуп М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. Алматы, 2005.



Қосымша

18 Мусинов А.,ж.б. Қазақ тілі: Студенттерге арналған окулық/ А.Мусинов, М.Мухеметқалиева, Е.Құдайбергенов. - Алматы,1995.

19 Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы: «Жеті жарғы» 1998.

20 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан, 1994.

21 Бектұров Ш.К. Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. Алматы: ВШП «Әділет» 1999.

22 Белботаев А., Тукебаева Ж.Казахский язык для начинающих /1-3 книги/ Алматы: Қазақстан, 1994.

23 Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. Алматы: «Мектеп» 1989.

20 Тургамбаева Б., Линко Т. Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка/ Алматы: Балауса, 1992.

24 Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: «Ана тілі» 1994.

25 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі», 2003.

26 Б.Қ. Капасова, Б.Х. Әбдіжүсіпова Қазақ тілі 10 сынып. Астана: Арман ПВ 2006

27 Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы: Рауан, 2002



Сөздіктер

28 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық, Алматы, 1986

29 Қазақша-орысша сөздік (50 мыңға жуық сөздер) Алматы «Дайк Пресс», 2002

30 Мамандық бойынша қазақша-орысша терминдік сөздіктер жиынтығы. Павлодар, 2008

31 Кинжикова Ш.Д., Ы.Б. Шақарман ред.: Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік құрал (қызмет бабында пайдалану үшін). Павлодар: Политон, 2004. – 168б. Мәтін қазақ-орыс тілдерінде.

32 Ізімұлы М. Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2000. – 306б.



33 Әлжаппарова Ж. Орысша-қазақша заң және құқықтану аталымдары сөздігі. Астана: Руханият орталығы, 2000. – 116б.

34 Сексембаева Е., Туреханов А. Англо-русско-казахский словарь юридических терминов [Текст]: более 3000 терминов. Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 302с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет