Құрастырушы: ф.ғ. к., аға оқытушы Кәріпжанова А. О



бет3/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,63 Mb.
#37520
түріБағдарламасы
1   2   3   4


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған ____________________________________________ 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жұманқұлова 20_ж. «_____»___________


КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ФЖжӨ ________ Ж.Т.Сарбалаев _________ 20_ж. «_____»________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута 20_ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1 Пәннің мақсаты

Ұлттық рухани құндылықтарымызды тереңдете меңгерту үшін әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын салыстыру, шығармашылық, ғылыми ізденістерге сабақтастыру мұраттары игеріледі.



«Батыс елдерінің әдебиеті» пәнін оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастыруды басты назарымызға аламыз.

Пәннің міндеті

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

антикалық әдебиет кезеңдеріне тарихи-нақты талдау, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына талдау, көрнекті авторлар шығармашылығының көркемдік шеберлік үлгілерін ашу жөнінде түсініктері болуы;

  • Ежелгі батыс елдері әдебиетінің қалыптасу ерекшекшеліктерін;

  • орта ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктерін ;

  • Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттарын ;

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. әлем әдебиетінің дамуына шолу жасауды

ХІХ-ХХ ғғ. Батыс елдерінің әдебиетіне шолу жасауды;

  • Батыс елдері әдебиетінің классикалық шығармаларының мазмұнын ;

  • шет елдер әдебиетінің даму кезеңдерін, әдеби бағыттарын ;

  • әлем әдебиетінің қалыптасып, дамуындағы жанрлық ерекшеліктерді білуі;

  • жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда икемді болуы;

- шығармалар мазмұнын детальмен дәлелдей білу;

- шығармаларды көркемдік-идеялық тұрғыдан талдай білу;

- образдар жүйесіне талдау жасай білу;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу;



- қазақ әдебиеті туындыларымен салыстыру жасауда практикалық машықтарды иемдену қажет;

.

2 Пререквезиттер:



- Қазақ әдебиетінің тарихы

- Қазақ халық ауыз әдебиеті

- Әдебиеттануға кіріспе.


3 Постреквизиттер

- Орыс әдебиеті



- Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті.

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары






Тақырып

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

Прак.

Зерт

Студ

жеке

СӨЖ

1

Антикалық әдебиет. Өте ежелгі замандық поэзия

1

1










14

2

Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

1

1










15

3

Орта ғасырлық батыс елдерінің әдебиеті

2













14

4

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

1

1










15

5

17ғ. батыс елдерінің әдебиеті

2













15

6

18ғ. батыс елдерінің әдебиеті

2

1










15

7

19ғ. батыс елдерінің әдебиеті

2

1










14

8

20ғ. батыс елдерінің әдебиеті

1

1










15




Барлығы:

12

6










117


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны



1-тақырып. Антикалық әдебиет. Өте ежелгі замандық поэзия

Алғашқы қауымдық құрылыстың грек әлеміндегі ішкі өзгерістері. Тектік-тұқымдық артықшылығы бар атақтылар арасындағы тартыс және олардың саяси, экономикалық, мәдени артықшылықтар үшін күрес.

Элегиялық, ямбылық, меликалық(хорлық не жекелік) және эпиграмматикалық поэзия, оның сақталуы мен жергілікті колорит туралы мәселелер; халық әндерімен, әуезбен, ал кейбір түрлерінің бимен байланысының сипаттары; негізгі өлшемдері. Поэзияның бұл түрлерінің бәрі үшін «лирика» терминінің тарихи шектеулілігі және шарттылығы.

Архилок (б.д.д. 7ғ. ортасы). Ақынның өз уақыты шындығымен байланысы. Элегия мен ямбының негізгі әуендері. Каллин Эфенский және Тиртей (б.д.д. 7ғ. ортасы) шығармашылығындағы Отанды қорғауға шақыру сарыны бар элегиялар, өсиетнамалар мен нақылнамалар, арнаулар; Мимнерм (б.д.д.7ғ.) элегияларының тақырыптары (махаббатты, жастықты мадақтау). Солон- афиналық тұңғыш ақын(б.э.д. 6ғ. басы), оның шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік пен поэтикалық тіл мәселелері.

Меликалық поэзия; Алкейдің өлеңдері – еркектің достық жырлары (аристократиялық гетерия); қарсыластармен күресу тақырыбы(жеңістер, жеңілістер, қуылу,үндеу-шақырулар).

Сапороның өлеңдері (б.д.д. 600ж.) - әйелдің достастық поэзиясы,оның халық мерекелерімен,үйлену,салт-жоралғыларымен байланысы.

Хор меликасы: оның негізгі түрлері(әнұрандар,паэндар,дифирамбылар)

Алкман: композиция ерекшеліктері,миф және моральдық пайымдаулар,жеке желілі әуендер,сарындар.

Стесихор және батырлық-эпикалық тақырыптар;жекелік-хорлық орындаушылық; триада(шумақ,антишумақ,эпод).

Ивик пен Анакреонт (б.д.д. 6ғ.) махаббаттық-сүйіспеншілік және үстелбасылық әуендер.Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық стильдің шарықтау шегі, жеке бейнені ашу өнері, сезім мен нақты жағдайдың қарама-қарсы сипаты; махаббатты суреттеу,оның жеткізушілері мен бағытталған жері. Элинистикалық және кенже ежелгілік анакреонтика, оның 18-19 ғғ. әлемдік поэзияға әсері.

Симонид Кеоский – грек-парсы соғысының тұңғыш ақыны. Эпиграммалары мен эпитафиялары.Ержүректілік, ерлік және даңқ туралы тақырыптар. Пиндар: сайыстардың, эпиникилер жеңімпаздарының құрметіне арналған мадақтаулар.

Гректер тұрмысындағы сайыстардың орны мен маңызы. Эпиникилер стилі мен композициясының ерекшеліктері, ойлардың поэтикалық айшықтауларға қарым-қатынастарының сипаты, «пиндаризм».Вакхилид: эпиникилер мен дифирамбылар, мифтерді драмаландыру.Меликалық поэзияның құлдырауы.

Әдеби прозаның пайда болуы(б.д.д. 6ғ екінші жартысы). Ауызша прозалық шығармашылықтың түрлері(мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,мысалдар, ертегілер, новеллалар).

Пәлсапалық және тарихи –жағрафиялық прозаның (логографтар)ең алғашқы үлгілері.

Драма,оның пайда болу тегі,негізгі түрлері(трагедия,сатиралық драма,комедия). Аристотельдің драманың шығу тегі, дамуы туралы ойлары. Дифирамб жәнеоның орындаушылары. Дионис культінің маңызы. Драмалық сайыстар. Афины театры.Хор және актерлер. Театрлық реквизит,декорациялар.Драманың құрылымы.

Эсхил – «трагедия атасы». «Парсылар», «Бұғауланған Прометей», «Орестея» трилогиясы.

Софокл шығармашылығы: «Аянт», «Антигона», «Трахинянкалар», «Эдип патша», «Колондағы Эдип», «Электра», «Филоктат» трагедияларындағы трагедиялық қақтығыс пен перипетия, трагедиялық ирония сынды көркемдік шеберлік мәселелері.

Еврипид трагедиялары. «Медея», «Ипполит», «Геракл». Аристофан. «Құрбақалар», «Байлық».

Ежелгі аттикалық комедия және оның фольклорлық негізі.

Комедиялық өнердің негізі - әлеуметтік және дербес нысаналы сатира, әжуа, пародия, карикатура,фантастика.

Аристофан (б.д.д. 445- 385) және оның шығармашылығының үш кезеңі. Соғыс және бейбітшілік тақырыбы («Ахарнян», «Салтатты», «Лисистрата»); қоғам өміріндегі тәлім-тәрбие,білім беру тақырыбы ( «Бұлт», «Той-томалақтағы әйел», «Құрбақалар»). Әлеуметтік қайта құру және тұңғыш утопия («Құстар», «Халық жиналысындағы әйелдер», «Байлық»). Аристофан комедиясының дүниежүзілік маңызы.

Б.д.д 5-6 ғғ. проза. Прозаның ежелгі замандық классификациясы: историография, шешендік сөздер,пәлсапа.

Геродот (б.д.д. 490-480жж): грек тарихшысы, прозашысы, «тарихтың атасы». Грек-рапсы соғыстарын, Ахименидтерді, Египет және басқа мемлекеттер тарихын ұштастыра жазуы.

«Тарих» атты әйгілі еңбегі: новеллалық әңгімелеу өнері,фольклорлық материалға жүгіну,түпнұсқа дерекке қатынас. Прозалық әңгімелеу мен ғылыми стильдің қарым-қатынасы. Геродот – скифтердің өмірінің, тұрмыс-салтының толық сипаттамасын тұңғыш жазушы.

Шешендік өнердің негізгі түрлері.Шешендік өнер туралы ғылым-риториканың қалыптасуы.

Демосфен (б.д.д. 384-322ж.) – көрнекті мемлекет қайраткері және ұлы шешен. Оның шешендік өнеріндегі негізгі көркемдік стиль ерекшеліктері. Демосфен мұрасының дәстүрлі жалғастығы.

Пәлсапалық проза. Демокрит (б.д.д 5ғ) шығармашылығындағы табиғатты танудан (макросм) адамды тануға (крокосм) көшу.

Сократ (б.д.д. 5ғ соңы) шығармаларындағы этикалық мәселелер, моральдық ар-ұждан бағасын түсіндіру. Платон шығармаларындағы шынайы идеализм («Мемлекет», «Заңдар»).Диалогтар және драма өнерімен байланыстыруы («Фэдон», «Пир», «Фэдр»). Платон баяндауларындағы тұрмыс, портреттік мінездеу, мифология, ирония мен юмор. Платонның өнер туралы ілімі. Аристотель еңбектеріндегі әдебиет пен өнер мәселелері.(«Поэтика», «Риторика»). Платонмен полемика.



2-тақырып. Рим әдебиетінің ежелгі дәуірі

Рим әдебиетінің тарихи маңызы және оның антикалық қоғамдағы орны.Римдегі қоғамдық өмір мазмұнының әдебиетте суреттелуі. Әдебиетке дейінгі кезең (б.д.д ІІІ ғ. ортасына дейін). Рим фольклоры: әдет-ғұрыптық істер, фольклорлық драма, халықтық ойындар. Поэзия, проза (жазбалар, заңдар), шешендік сөздер.



  1. Ерте дәуірлік кезең (б.э.д. ІІІғ. Ортасынан – ІІ ғ. ортасына дейін).Римдік тұңғыш ақындар (Ливий Андроник, Гней Невий); римдік эпос, трагедия, комедия,римдік театр.

  2. Республиканың соңғы ғасырының әдебиеті (б.э.д. ІІ ғ. ортасы- Іғ. ортасы).

Гректік риторика мен пәлсапа – римдік қоғамдағы құрал.

Шешендік сөз – саяси күрестегі әрекетшіл құрал және көсемсөзсөздік пішін.

Цицерон Марк Тулий (б.э.д. 106-43ж.) және оның әдебиеттің дамуындағы орны. Сотта сөйлеуге арналған сөздері, шешендік және пәлсапалық трактаттары, хаттары. Оның шығармашылығындағы қиялдағыдай үлгілі мемлекет қайраткері мен саяси соттың тұлғалы шешеннің бейнесі. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, әлемдік мәдениет үшін маңызы.

Империя кезінің әдебиеті – рим әдебиетінің алтын ғасыры. (август принципатының дәуірі).Бэ.д. І ғ. екінші жартысы – б.э.д. І ғ. басы). Принципат –республикалықтан империяға өтудің түрі. Жаңа кезеңдегі әдебиет пен римдік классикалық стильдің қалыптасуы.

Вергилий Марон Публий (б.э.д. Іғ. Екінші жартысы * Іғ. басы) өмірі, шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Буколики»(«Бақташылық жырлары») жинағы; «Георгики»(«Жер өңдеу туралы жырлар») дидактикалық поэмасы.»Энеида» батырлық эпосының мазмұны, композициясы,көркемдігі.

Гораций Квинт Флокк (Бэ.д.Іғ екінші жартысы- Іғ,басы) - өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері.Пәлсапалық көзқарастар. «Эподтар»: жанр дәстүрі және оның римдік шындыққа қатынасы. «Сатиралары»: мазмұны, көркемдік әдіс, стиль ерекшеліктері.

«Одалары»:кітаптар, хронологиясы, грек лирикасымен байланысы, құрылым мен өлшемдік ерекшелік; тақырып (саясат, нақыл-өсиет,пәлсапа, достық, махаббат).Ақын бейнесі. Гораций - әдебиеттің теоретигі, сыншысы. Горацийдің «Арнаунамасы», «Поэзия ғылымы» және Аристотельдің «Поэтикасы». Латын тіліндегі жазба әдебиет және оның ерте замандық орта ғасыр мәдениетіндегі орны. Әдебиетке дейінгі кезең. Шығыс Жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші-қон (миграция) жағдайларының негізгі кезеңдері. Ауызша сөз өнері, орындаушылары, әдеби-мәдени ескерткіштердегі поэзия улгілері.

Мифтік шығармашылық және мифология. Крит- микендік мәдениет және оның грек мифологиясындағы орны. Құдайлар мен жеңімпаздардың ерліктері жайлы өлеңдер, аңыздар. Аэдтар мен рапсодтар, мәтінге қарым-қатынас, орындаушылық шеберлігі және тыңдаушылар ортасы.

Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері, сюжетті құрайтын екі желі- Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.

Батырлар мен құдайлар образдары (Ахилл мен Гектор). «Одиссеяның» мазмұны. Ертегілік, шым-шытырық оқиғалы эпопея. Одиссей және оның достары мен жаулары. Поэманың тілі, стилі. Эпопеядағы авторлық позиция. Гомерлік дәстүрді игеру тарихы және оның қазіргі жағдайы. Ауызша шығару дәстүрі және жеке шығармашылық ерекшелік.Құрлықтық Грецияның шығу текке байланысты шежірелік және дидактикалық эпосы.

Гесиод. Тұңғыш өмірбаян. Халық шығармашылығы мұраларындағы өсиетнамалар және ақылнамалар жанрлары. «Теогония» және мифологиялық дәстүрлерді жүйелеу, қоршаған ортаның қалыптасуы мен тыныс-тіршілігінің бейнеленуі. «Жұмыстар мен күндер», «еңбек»және «әділеттілік» идеялары.
3-тақырып. Орта ғасырлық батыс елдерінің әдебиеті

Орта ғасырлардағы антикалық мәдени мұраның ролі.Христиандық және антикалық мұра.

Орта ғасырлық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы халықтық шығармашылықтың маңызы.Орта ғасырлық әдебиеттің дамуындағы әртүрлі кезеңдердегі фольклор мен әдебиеттің өзара қатынасы.

Орта ғасыр мәдениетінің алғашқы кезеңіндегі дамудың екі сатысы:

1.Латын тіліндегі жазба әдебиет.Оның діншілдік және жоғары зиялы қауымдық сипаты. Дидактикалық мазмұн. Ваганттар мен голиардтар шығармашылығы.

2.Халықтың ауызша шығармашылығы. Ежелгі Еуропа халықтарының лирикалық поэзиясының сілемдері. Мифологиялық эпос, қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілер, батырлық эпос- халықтардың эпикалық шығармашылығы дамуының негізгі кезеңдері.

Кельттік (ирландтық) эрос, оның көркемдік қырлары. Ирландық сагтардың қиял-ғажайыптық және батырлық ертегілермен байланысы.

Скандинавтық эпос және лирикалық поэзия. Скальдтар поэзиясы. «Үлкен Эдда» және «кіші Эдда» - скандинавиялық халықтық мифология мен поэзияның білімдік түпнұсқасы. Скандинавиялық саг-өмірдің, тұрмыстың,тарихтың, халықтық көркем ойлау негізі.

Дамыған орта ғасырдағы батырлық эпос. Эпикалық поэмалардың ауызша дәстүрде пайда болып, жазба үлгіге айнала бастауы. Жонглерлер және батырлық эпостағы тұтастануды (циклизация) өңдеп, таратушы, көшіріп жазушылар.

Франциядағы батырлық эпос. «Роланд туралы жыр» - француздық батырлық эпостың ұлы ескерткіші, дастандағы кейіпкер арқылы берілген ұлы идеал.

Испандық батырлық эпостың пайда болуы. «Сид туралы жыр» - испандық батырлық эпостың үлкен үлгісі. Поэмадағы тарихи шындық, шынайы прототиптің типтендірілуі.

Немістің батырлық эпосыжәне оның үлгісі. «Нибелунга туралы жыр».

Орта ғасырдағы рыцарлық (куртуаздық) әдебиет

Шығысқа аттанған крест жорықтары және рыцарлық мәдениеттің жаңа идеалдары.

Прованстағы рыцарлық поэзияның пайда болуы. Трубадурлардың сүйіспеншілік және саяси поэзиясының негізгі сарындары мен жанрлары. Вальтер фон дер Фегельфейденің саяси жәнесүйіспеншілік лирикасы.

Рыцарлық романның пайда болуы, оның жанрлық сипаты. Романдардың «антикалық топтамасы». Артур корль мен Дөңгелек стол рыцары туралы романдар. «Тристан мен Изольда» туралы роман және оның көркемдік сипаты. Кретьен де Труаның шығармашылығы.



Орта ғасырдағы қалалық әдебиет. Қалалық әдебиеттің халық шығармашылығымен генетикалық байланысы.

Қалалық әдебиеттің негізгі жанрлары. Фаблио, Шванк және олардың халықтық шығармашылықпен байланысы. Штриккердің «Поп Амис» атты повесі. Қалалық дидактикалық әдебиет. «Роза туралы романдағы» рыцарлық идеология. Қалалық лирика. Вийон поэзиясы – жаңа гуманистік дүниетанымның көрінісі.

Джеффи Чосер – Англиядағы Ренессанстық әдебиет өкілі. Оның «Кентеберийлік әңгімелеріндегі» реалистік әдіс.

14-15ғғ. шаруалар поэзиясы. Лонглендтің «Петр Диханның көрінуі» поэмасындағы шаруалар бейнесінің сомдалуы. Робин Гуд және Вильгелм Телл туралыхалықтық балладалардағы халық күресі, композиция мен стиль.



Орта ғасырлық драма. Орта ғасырлық драма мен театрдың дамуындағы екі бағыт. Діни театрдың дамуындағы негізгі кезеңдер. Моралитенің діни-жоғары қауымдық жанры. Халық театрының дамуы. Адам де ля Али шығармашылығы. Халық шығармашылығы – соти мен фарстар: «Адвокат Патлен» фарсы. Немістік фастнах-шпилдер.
5-тақырып. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің ролі. Табиғат, антикалық пәссапа, риторика, поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.

Итальян әдебиеті. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет (Треяенто).

Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының жағдайлары мен себептері. Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы.

Ф.Петрарканың өмірі мен шығармашылығы. Петрарка – тұңғыш еуропалық гуманист. Римдік поэзияны, риториканы насихаттауы. Латын тілін мәдениет тілі ретінде бағалауы. Петрарканың өзіндік бағасы және оның әдеби танымы («Ұрпаққа хат», «Христ пен Цицерон арасындағы күрес», «Әлемдік көзқарас»). Петрарка лирикасының орта ғасырлық жаңалықтары. Лаура бейнесі және сомдалуындағы көркемдік тәсілдер. Сонеттеріндегі лирикалық кейіпкер бейнесі. Шендестіру тәсілі. «Петраркалық стиль» және оның еуропалық ренессанстық поэзияның дамуына ықпалы.

Дж. Боккачоның өмірі, шығармашылығы. «Неопалитандық кезеңдегі» шығармаларындағы махаббат сарыны. «Амето». Боккачо шығармаларындағы пастораль. «Фьяметта мадоннаның элегиясындағы» автобиографизм, риторикалық психологизм. «Декамеронның» италян көркем прозасының дамуына ықпалы. Боккачоның италиян және еуропалық новеллистикаға әсері.

Толысқан қайта өрлеудің әдебиеті. Антикалық әдеби жанрлардың қайта түлеуі және жаңа латын поэзиясының гүлденуі.

Флоренция Кватрочентаның көрнекті мәдени орталығы. Феррара куртуаздық және гуманистік дәстүрлер орталығы. Ренессанстық рыцарлық поэмалардың пайда болуы. «Ғашық болған Роланд».

Ренессанс дәуірінің кейінгі кезіндегі әдебиет. (Чинквекенто) Бембо – ұлттық әдеби тілдің теоретигі. Ренессанстық әдебиеттегі аристократтық бағыт. Тастрало – жалпы еуропалық ренессанстық жанр.Маньеризмнің пайда болуы және оның негізгі белгілері. Тассо шығармашылығы. «Азат етілген Иерусалим» - діни-батырлық эпостың пайда болу үлгісі.

Италияның ренессанстық драматургия мен театрдың қалыптасуындағы ролі.Аристоның, Макиабеллидің, Аретиноның, Бруноның және т.б. драматургиялық шығармашылығы. Макиабеллидің «Мандрагорасы»- ғылыми комедияның үлгісі.

Драманың антикалық теориясының қайта түлеуі. Аристотель мен Гораций поэтикасы және антикалық-мифологиялық тарихи сюжеттердегі ренессанс трагедияларының тууы. Трагикомедия жанрының қалыптасуы.

Неміс әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін дәуірлеу. 17-5ғ. соңында неміс гуманистерінің риторикалық мәдениеті және жаңа латындық әдебиеті (Цельтис және т.б.)

16ғ. бірінші жартысындағы халықтық көпшілік әдебиет, олардың түп көздері(орта ғасырлық аңыз, христиандық әфсана,қалалық фольклор,рыцарлық роман). «Тиль Эйленшпигель» - авантюралық халықтық роман. Доктор Фауст туралы «Халық кітаптарындағы» мифтік-поэтикалық және натурпәлсапалық көріністер.

Бюргерлік әдебиет, оның орта ғасырлық, сатиралық, дидактикалық түрлермен байланысы.

Француз әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі Франциядағы тарихи-әдеби процесті дәуірлеу.

16ғ. бірінші жартысындағы поэзияның дамуы. Маро шығармаларындағы орта ғасырлық дәстүр, лирикасының жанрлық құрамы. Лиондық мектеп өкілдеріндегі пераркизм мен жаңа платондық көзқарас.

Рабленің өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының әдеби генезисі мен жанрлық негізі. Бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция,тіл, стиль мәселелерінің шешілуі.

Испан әдебиеті. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро-эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері.

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италияндық, рыцарлық дастандармен байланыстары.

Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. Пасторальдық романы «Галатея». Драматургиясы, сүйіспеншілік- батырлық сюжеттегі новеллалары (Өсиет- өнегелік новеллалары).

«Дон Кихот» романындағы пародиялық астар, стилистикасы.

Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «біздің заманымыздағы комедия жазудың жаңа өнері» трататындағы ұлттық драманың мәселелері.

Траихи драмаларындағы халық пен билеушілер бейнелері, сюжеттік коллизияның сипаты.

«Севильдің жұлдызы» халықтық-батырлық драмасы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы. В. Шекспир (1564-1616) шығармашылығы. Оның шығармашылық кезеңдері. Бірінші кезең. «Сонеттеріндегі» әлемнің мифопоэтикалық суреттері: уақыт пен мәңгілік; петраркизм мен неоплатонизм; Дос пен Қараторы бикеш образдпры; лирикалық кейіпкер бейнесі. Бірінші кезеңдегі драматургия. «Қанды трагедия», «Ричард ІІІ» және Шекспир шығармашылығындағы зұлымдықты суреттеу мәселесі. «Генрих ІV» пьесасындағы шынайы дана билеушіні тәрбиелеу мәселесі. «Венециандық көпес», «Он екінші түн» пьесаларының өзекті мәселелері.«Ромео мен Джульеттағы» трагедиялық қақтығыстардың шешімі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңіндегі драматургия. «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Макбет» трагедияларындағы өзекті мәселелер.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңіндегі драматургия. Трагикомедияларындағы мейірімділік пен зұлымдылық күштерінің қақтығысы және оның шешілуі. Трагикомедияларындағы аңыздық-әпсаналық орта.

Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны және оның мұраларының жаңа дәуір мәдениетіндегі маңызы.



5-тақырып. 17ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

ХV ғ. ренессанстық гуманизмнің дағдарыстары. Монтень, Шекспир, Сервантес және қайта өрлеу дәстүрлері. ХVІІғ. әдебиетіндегі үш бағыт және оның көрнекті өкілдері.

ХVІІғ. Ренессанстық реализм (Лопе де Вега, Бен Джон Сон). Олардың шығармашылықтарындағы демократиялық бағыттар, негізгі тақырыптар, гуманистік көзқарастар, классицизм мен Барокко өкілдерімен полемика. Авантюралық романдар. Қайта өрлеу дәуіріндегі сатиралық әдеби дәстүр.

Барокко. Ренессанстық және орта ғасырлық барокко мәдениетінің күрделілігі және ішкі қайшылықтары.негізгі тақырыптары. Аристократиялық бағыт. Мәселелердің космостық кеңістігі (Адам және аспан әлемі) және бейнелеу жүйесі.Бейнелеу мен сәулет өнеріндегі барокко.

Класссицизм. Классицизмнің эстетикалық теориясының бастау көздері: кереметтік идеалы туралы түсінік. Біртұтастық теориясы (орын, уақыт, әрекет).

Көркемдік әсер алу бірлігінің ұғымы. «Жоғары» трагедия мен «Жоғары» комедия туралы түсінік.

Классицизм әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері. «Мәңгілік типтер» секілді кейіпкерлер.

Шекспир дәстүріндегі театрдан классицизм театрының айырмашылықтары. ХVІІғ.француз классицизмінің екі кезеңі. (Корнель классицизмі және Расин классицизмі.)



ХVІІғ итальян әдебиеті. Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтудағы Папа үкіметінің маңызы. Әдебиеттегі бостандық, азаттық сүйгіш ойлар (кампанелла, Күн қаласы).Әдебиеттегі аристократиялық гадонизм. Марино шығармашылығындағы Барокко.

ХVІІғ. неміс әдебиеті. Он үш жылдық соғыстың экономикалық, саяси зардаптары. Неміс жазушыларының соғысқа қарсылық тақырыбындағы шығармалары. Грифиустың «Отанның көз жасы» туындысы.

Гиммелсхаузеннің «Симплиции симплициссумус» романы.Оның соғысқа, феодализмге қарсылық бағыты. Романдағы демократиялық, бостандық сүю ойлары. Романның көркемдік ерекшеліктері, пәлсапалық ирония, авторлық шешіміндегі фантастикалық нышандар.



ХVІІғ. испан әдебиеті. Әдебиеттегі ренессанстық реализм. Ұлттық драма теориясы.Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары. «Қой қайнары» батырлық драмасы. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны. Лопе де Вега поэзиясындағы оптимизм. Испан прозасындағы саяси сатира, консептизм. Гонгор және гонгоризм.

Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерінң басты билеушісі. Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасы. Кальдерон драматургиясының кейіакерлер жүйесі, аллегориялық пернелеу. Пәссапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.



ХVІІғ. ғасырдағы француз әдебиеті. Классицизм - ХVІІғ. француз әдебиетінің ең басты көркемдік-стильдік бағыты, оның тарихи себептері. Француз классицизмі теориясы мен практикасының жалпы еуропалық маңызы. Француз классицизмі тарихының екі кезеңі.

Корнель трагедиялары. «Бақ», «Гораций». «Цинна», «Помсевкт».

Расин трагедиялары. «Андромаха», «Британик», «Федра», «Авлидадағы ифигения». Расин трагедияларындағы адамгершілік мәселелері. Расин театрындағы драмалық қақтығыстар (конфликт). «Аталия» трагедиясы.

Мольердің «Тартюф», «Дон Жуан», «Сараң» комедиялары.

Буалоның «Поэтикалық өнер» атты теориялық трактаты. ХVІІғ. француз поэзиясындағы мысал жанры (Лафонтен), француз прозасындағы афоризм жанры (Ларошфуко). Сатиралық проза (Шарль Сорель).

ХVІІғ. ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Бен Джонсон шығармашылығындағы ренессанстық реализм.

Мильтон шығармашылығы. «Жоғалған жұмақ», «Оралған жұмақ» поэмалары.Ақын шығармаларындағы пуритандық дүниетаным менгуманистік ойлары арасындағы қайшылықтар.

Жаңғырту (реставрация) дәуірінің әдебиеті (Уичерли және Конгрива комедиялары)

Англиядағы классицизм, Драйден шығармашылығы.
6-тақырып. 18ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

Әдебиеттегі ағартушылық бағыт, оның эстетикалық мазмұнының негізгі сипаттары.Ағартушылық классицизм (Корнельдің «Эдипі» мен Вольтердің «Эдипі»), оның ХVІІғ.классицизмінен айырмашылығы. Ағартушылық реализмнің мәселелері.

Ағартушылық эстетикасының басты принципі - әдебиеттің саяси бағыттылығы. Ағартушылық әдебиеттегі батырлық және әсерлілік, ұнамды кейіпкер, сентиментальдық, сатиралық бағыттар. Ағартушылық әдебиеттің басты жанры – пәлсапалық роман мен повесть. Пәлсапалық повестердегі аллегориялық нышандар. Трагедиялардағы ағартушылық классицизм. Драма жанры және драматургиялық реформа. (Дидро, Лессинг, Бомарше).

ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті. Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» романы. Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» памфлеттік-аллегориялық романы. Самюэль Ричардсон – жанұялық- тұрмыстық романның негізін қалаушы. Қарапайым адамдардың адамгершілік жан-дүниесін ашу. Ричардсонның оқиғалы, баяншы көркем қара сөзді дамытуы.Баяндаудағы оқиғалықтан бас тарту, кейіпкердің рухани өмірін тәптіштей, тереңдей ашу. Генри Филдинг (1707- 1754)- ағылшынның реалистік роман жанрын жасаушы. «Джозеф Эндрюс» романы. «Қолбала Том Джонстың тарихы» романы ХVІІІ ғасырдағы Англиядағы әлеуметтік шындықтың реалистік бейнесі. Тобайас Смоллет және оның романдары. «Перигрин Пиклдың басынан кешкендері», «Родрик Рэндмның басынан кешкендері». Сентиментализм бағыты. Сезім мен табиғатқа табыну. Ауыл мен ескі замандық дәстүрлерді дәріптеу. «Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері» психологиялық романының 19ғ. психологиялық романға дайындық болғаны. Бернс – шотландтық ірі ақын. Оның лирикасындағы шаруалар өмірінің суреттелуі. Сатиралық өлеңдері («Екі ит», «Көңілді қайыршылар», «Освальд бикештің өліміне мадақтау»), ода, «Тэм О Шантер» атты күлдіргі поэмасындағы сентименталистердің қабірлік поэзиясын келекелеу.Бернс лирикасының негізгі әуені – Отанға деген махаббат. Азаттық, әлеуметтік теңдік – Бернстің саяси мұраты.

ХVІІІ ғасырдағы француз әдебиеті. ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы. Вольтер – Руссо, Андро, Даламбер, Гельвецкий, Гольбах және т.б. ағартушылар жас буынының дем берушісі, тәрбиешісі. «Энциклопедияның » жариялана бастауы – француз ағартушылық әдебиеті тарихындағы жаңа кезең.

Монтескье – француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы. «Парсылық хаттар» пәлсапалық романы. Романның эпистолярлық пішіні.

Вольтер «Кандида», «Ақкөңіл» повестері. «Брут», «Заира», «Магомет» трагедиялары. Дени Дидро және энциклопедистер(Гельвецкий, Гольбах, Даламбер).Дидро - өнер теоретигі. «Салондар», «Драмалық әдебиет туралы», «Актер туралы парадокс».

Жан Жак Руссо – сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі. Дворяндық өркениетке сын және «табиғи жағдай» теориясы («Ғылым мен өнер туралы ой», «Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой») – қоғамның экономикалық негізін сынауға арналған тұңғыш еңбектердің бірі. «Эмиль» педагогикалық романындағы жаңа адам бейнесі. Руссоның «Сыр» романының әлемдік мемуарлық әдебиеттегі орны, француз әдебиетіндегі роман-өмірбаян жанрының дамуына әсері. «Жаңа Элоиза» және сентименталдық роман жанры. «Табиғи адам» теориясы және оны романның көркемдік сипатымен ашу. Сезімді айшықтау. Табиғатқа табыну. Руссоның ХІХ ғ. романтикалық әдебиет тарихындағы орны.

Бомаршенің Фигаро туралы трилогиясы.Фигаро образы – саяси үстемдік үшін күрес кезіндегі буржуазияның ұнамды қаһарманы. Альманива бейнесі – француз дворяндық ортасының 1789ж. революция қарсаңындағы ыдырауының кейпі. «Фигароның үйленуі» туралы Пушкиннің, Белинскийдің, Герценнің пікірлері. Бомарше комедияларына Моцарттың, Россинидің жақындығы.

ХVІІІ ғасырдағы итальян әдебиеті. Карло Гольдони – итальян театрының реформаторы. «Екі қожаға бір қызметші», «Есерсоқтар», «Деревнялық трактирщица» комедияларындағы қызметші бейнесі.

Карло Гоццидің «Үш апельсинге сүйіспеншілік»,«Турандот ханшайым», «Король бұғы» комедиялары.



ХVІІІ ғасырдағы АҚШ әдебиеті. Тәуелсіздік және АҚШ-тың құрылуы үшін соғыстар, оның әдебиетте бейнеленуі (көсемсөз, поэзия).

Аборигендер мәдениеті. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. АҚШ әдебиеті үшін еуропалық дәстүрлер мен ағартушылық пәлсапасының мәні. В.Франклин, Т.Пейн,Т.Джефферсон атты солтүстік америкалық ағартушылардың қызметі, көсемсөздік шығармашылығы. Ф.Френо (1752- 1832) шығармашылығы.- АҚШ-тың тұңғыш ұлттық ақыны екені. Ф.Френо поэзиясы американ революциясына ағартушылық ойларды қосудың сипаты, оның шығармаларына классицистік және романтикалық бағыттардың қатынасы.



ХVІІІ ғасырдағы неміс әдебиеті. Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781) – немістің көрнекті ағартушысы. Лессинг - өнердің теоретигі («Лаокоон», «Гамбургтік драматургия»). Лессинг эстетикасының материалистік мазмұны.Лессинг драматургиясы. «Минно фон Барихелм» пьесасындағы жеті жылдық соғыс дәуіріндегі неміс өмірінің шынайы суреті, халық бейнесі. «Эмилия Галотти»- немістік абсолютизмнің озбырлығына қарсылық. «Дана Натан» драмасының ағартушылық бағыты. Лессингтің өлең танудағы реформалары. Неміс тілін дамытудағы Лессинг шығармаларының мәні. «Дауыл мен тегеурін» әдебиеті, штюмерлер бүлігінің кертартпалыққа, тоқыраушылыққа қарсылық мазмұны. Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – неміс халқының ірі ақыны. «Жас Вертердің азап шегуі» және неміс сентиментализмі. Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары. («Шекспир күніне»). «Гец фон Берлихинген» тарихи драмасындағы бүлікшіл қайшылықтар. Гете Италияда. «Вильгелм Мейстер» - философиялық роман,ондағы әлеуметтік қиялшылдық. «Фауст» трагедиясы. Трагедияның тууы және көркемдігі. Композиция. Фаусттың іздену жолы.. Мефистофель және таным диалектикасы. Фауст және Маргарита трагедиясы. «Фаусттың екінші бөлімі». Фауст және шығармашылық белсенділік. Фауст - ғылымдағы артта қалушылық пен кертартпалыққа қарсы бүлікші-күрескер. Фауст және әдемілік туралы ежелгі дәстүрлі табыну. Фауст- ойдағыдай қоғамды құрушы. Фауст пен Мефистофель – трагедияның пәлсапалық келбетіндегі қарама-қайшылықтардың тұтастығының бейнесі. Фаусттың, Мефистофельдің, Маргаританың көркем портреттері. Фауст туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехер Гете туралы. Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805). Шиллердің алғашқы драмалары және «Дауыл мен тегеурін» қозғалысы. «Қарақшылар», «Зұлымдық және махаббат» драмалары. Республикашыл Верина бейнесі.Өлеңмен жазылған «Дон Карлос» драмасы. Эстетикалық тәрбие туралы теориялық еңбектері. Шиллер трагедиялары: «Валленштейн»,«Мария Стюарт», «Вильгелм Тиль» трагедиясындағы бостандық туралы ойлар. Шиллердің көркемдік әдісі.. Жуковскийдің аудармалары.

7-тақырып. 19ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

Кіріспе. ХІХ ғ. әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу:

1) 1789-1830 жж. романтизм әдісінің қалыптасуы мен әсер-ықпалы;

2) 1830-1871жж. реализм әдісінің қалыптасуы мен үстем бола бастауы;

3) 1848-1871жж. романтизм мен сыншыл реализм әдістерінің белсенді қолданыла бастауы.

Романтизм.Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде ХІХ ғасырдың басында пайда болуы. Романтизм – шығармашылық әдіс.Суреттеулер шындықтың қиялға негізделіп,қияли шындық арқылы бұрынғы және болашақ уақытты бейнелеу. Романтизм әдісіндегі шығармалардың көркемдік желісіндегі арманшылдық, азаматтық әуен, автор тілінің әсерлі сезімге толы бояуы қанық ойлары.

Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері. Лирикалық жанрлардың дамуы, тарихи роман жанрының тууы, адамдық дербес, өзіне ғана тән қарама-қайшылықты ашу.

Германиядағы романтизм. Гофман романтизмінің мазмұныдворяндық орта мен тоғышарлар әлемін сатира тілімен сынау. Кейіпкерлерінің ерекшелігі – екіжүзділік әлемінен қашып, монастырға кету, фантастикалық күштермен одақтасу. «Скюдери бикеш», «Мартин шебер және оның көмекші шебері» шығармалары. «Мурра мысықтың тұрмыстық орныққан пікіолері» романы – немістік княздік дворяндық қоғамның жексұрындық келбетін сатиралық сынау туындысы. «Құртақандай Цахес» - бөтен еңбекті иелену идеясының фантастикалық бейнеленуі. Гофманның романтикалық әдісіндегі ирония, сарказм, юмор. Автор сөздерінің әуезділігі.

Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.

«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.

Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).

Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.

П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шығармашылығы. Лиро-эпикалық, дидактикалық поэмалары. «Королева Маб», «Исламның көтерілісі». Шелли лирикасының түрлері: саяси-әлеуметтік («Англияның еркектеріне», «Англия», «Мемлекеттік айбындылық»); пәлсапалық («Батыстық желге ода», «Бұлт», «Ой әдемілігінің әнұраны»); махаббат (Мери Уолстон – крафт Годвин, «Джейнге»); табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқарастарына байланысы. «Азат етілген Прометей» поэмасындағы бас кейіпкерлер, жинақтаушылық, сиволикалық, аллегориялық тақырып ерекшелігі. Беатриче бейнесі. Шеллидің эстетикалық көзқарастары. «Поэзияны қорғау» атты трактаты.

В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.

А.Дюма (1803-1870). Тарихи-шытырман оқиғалы романдары. Оқыс оқиғаларды баяндау, суреттеу шеберлігі.

Жорж Санд (1804-1876). Романтикалық бүлікшілердің бейнесі(«Лелия», «Орас» романы). Кейіпкердің халықтық күресте романтикалық сипатта қайта жаңғыру қалпын суреттеуі.

В.Гюго (1802-1885)- францияның ұлттық ақыны, француз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол – ақын, драматург, прозашы. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы. Мысалы, «Бур-графтың аңшылығы». «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Фролло, Эсмеральдо. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің,әйелдің, бүлдіршін тағдырларының жан Бальжан, Фантин, Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттеуі. «Тоқсан үшінші жыл» романындағы Говэн, Лантенак, Симурден бейнелері.

Ж.Верн (1828-1905) – ғылыми-фантастикалық роман жанрын қалыптастырушы. «Он бес жасар капитан» романы.

Польшадағы романтизм. ХVІІІғ. Соңы мен ХІХғ.бірінші жартысындағы Польшадағы ұлт-азаттық күрес. Поляк әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуындағы ағартушылық әдебиеттің орны.



А.Мицкевич (1798-1855) – поляк романтизмінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығындағы алғашқы кезең.(«Филареттер жыры», «Жастыққа ода» ) . «Балладалар мен романстар» - романтизмнің поэтикалық манифесі. Мицкевичтің классицизм эпигондары мен қайшылықты көзқарастары. «Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен. «Дзядтар» поэмасындағы бүлікші мен қайғы. Мицкевич Ресейде. «Қырым сонеттеріндегі» лиризм. «Конрад Валленрод» поэмасының поляк көтерілісін дайындаудағы маңызы. Мицкевич Батыс Еуропада. Эмиграциядағы өмір. «Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы. Мицкевичтің көсемсөздік және педагогикалық қызметі.

Ю.Словацкий – А.Мицкевич дәстүріндегі романтизмнің көрнекті өкілі. Романтикалық драмадағы еңбектері: тарихи драма, драма-ертегі, ұлт-азаттық күресіне арналған драмалары («Кордиан»).



АҚШ әдебиетіндегі романтизм. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық а демократиялық ағымның күшеюі және оның құл иеленушілікке қарсы күреске байланысты дамуы.

В.Ирвинг (1783-1859) – американ әдебиетіндегі новелла жанрының негізін салушы. «Эскиздер кітабы». Шығармашылығының түп негізі.

Дж.Купер (1789-1851) – американдық роман жанрын жасаушы. Тарихи, шытырман оқиғалы, теңіз туралы, тұрмыстық және әр түрлі романдар жазуы.. Купен шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

Г.У. Лонгфелло (1807-1882). «Еріксіздік жырлары» атты өлеңдер топтамасындағы құл иеленушілікке қарсы әуендер. Лонгфелло шығармашылығының «Гайавата туралы жыр» поэмасындағы үндістің халықтық шығармашылығына негізделген фольклорлық бейнелілік.

Э.По (1809-1849) – американ әдебиетіндегі көрнекті тұлға шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және поэтикалық жаңашылдығы («Құзғын», «Қоңыраулар», «Анабель Ли» және т.б.) . Эстетикалық- теориялық еңбегі – «Композиция пәлсапасы». Новеллалық еңбектері – «Эшерлер үйінің құлауы», «Мальстремдеп төмен түсу» .Детектив жанрын қалыптастыруы: «Морг көшесіндегі кісі өлтірушілік». Ғылыми фантастиканы қалыптастыруы: «Ганс Пфал деген біреудің әдеттен тыс бастан кешкендері».

Г.Бичер Стоу (1811-1896) – аблициондық әдебиеттегі ең әйгілі жазушы әйел. «Том ағайдың лашығы» романының құлдыққа қарсы күрестегі маңызы.

Уйтмен –көрнекті американ ақыны. «Шөптердің жапырақтары» жинағы. Композициясы, стиль ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм.

Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар. Жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы. Реалистік теориялық құжаттары. О.Бальзак (1799-1850) «Адамдық комедияға кіріспе» және «Бейл туралы этюд».

ХІХғ. Реализм және ағартушылық реализмнің дәстүрлерінің айырмашылықтары. Әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа көзқарас, типтендіру мен даралаудың дамуы, психологиялық талдаудың тереңдетілуі. Прозалық жанрлардың, романның дамуы. Очерк және оның реализмінің қалыптасуындағы орны.



9- тақырып. 20ғ. батыс елдерінің әдебиеті.

Франция әдебиеті

Сыншыл реализм әдебиетінің ерекшеліктері. Француз өнеріндегі импрессионизм және әдебиетке ықпалы. Француз әдебиетіндегі натурализм мен символизм. Декаданттық әдебиет. Париж коммунасының әдебиеті.

Эжен Потье – француздың пролетарлық поэзиясының өкілі. Пролетарлық революциялық өлеңдері: «Халық», «Бұзылған ескі үй», «1870 жылғы 31 қыркүйек», «Интернационал», «Халық жолы», «Американың жұмысшысы – Францияның жұмысшысына».

Натурализм – 1848 жылғы революциядан кейін пайда болған бағыт. Натурализм эстетикасының негізі – позитивизм пәлсапасы. Золя – натурализм теоретигі. «Экспериментальдық роман», «Романистер - натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалалары. Шынайылық талабы, табиғатқа, шын фактіге адалдық. Типтендірудің реалистік принциптеріне қарсы фактіге ғана табыну. Биологизм. Тұқым қуалаушылық теориясы. Бейнелеудегі документтілік пен дәлдік. Ағайынды Гонкурлардың, Золяның, медандық топ жазушылардың шығармаларындағы натурализм.

Эмиль Золя (1840- 1902). 19 ғасырдағы романтикалық және реалистік өнерді игерген суреткер. «Жерминаль», «Жер», «Тас-талқан» романдары. «Ругон Маккары» (20 томдық романдар сериясы), «Үш қала» трилогия, «Төрт евангелия» (романдар сериясы).

Сыншыл реализм. Ги де Мопассан (1850-1924). Мопассан- Флобердің шәкірті. Шығармалары: «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.

Анатоль Франс (1844-1924). Жазушы шығармашылығының пәлсапалық және эстетикалық негізі. Ағартушылық дәстүрлер. Христиандық догматизмді сынауы. Франстың сатирасы. Шығармалары: «Сильвестер Боннардың қылмысы, «Танс», «Қаздың табандары королевасының асханасы», «Жером Куаньяр мырзаның пайымдаулары», «Қазіргі тарих» романындағы Үшінші Республикадағы буржуазиялық қоғамға сатиралық сын. Профессор Бержери бейнесі. «Кренке Биль» әңгімесіндегі халық өкілі адамының бейнесі. «Пингвиндер аралы» роман-памфлетіндегі қоғамдық –саяси мәселе, жинақтаушылық аллегориялық формалары. «Құдайлар аңсайды» романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

Ромен Роллан (1866-1944). Әдебиеттегі, мәдениеттегі реализм мен демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары. Музыка танушылық еңбектері.Бетховен туралы алты томдық кітабы. «Бетховен. Ұлы шығармашылық дәуірлер (1927-1945)», «Біздің уақытымыздағы музыканттар», «Өткен уақыттағы музыканттар», «Гендель». Драматургиясы: «Сенімнің трагедиясы» циклында «Қасиетті Людовиг», «Уақыты келеді», «Революция театры» циклында «Қасқырлар», «Ақыл-ой салтанаты», «Дантон», «14 шілде». Романдары : «Жан Кристоф». Кристоф – автор идеяларының жарқын көзқарасы. Көсемсөздік мақалалары: «Жекпе-жек үстінде», «Нышан», «Әскери жылдар күнделігі». Ролланның шығармашылық әдіс ерекшеліктері.

Луи Арагон. Шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы. «Құштарлыққа толы апта», «Шындап опат болу».

Германия әдебиеті

Неміс әдебиетіндегі сыншыл реализм және натурализм. Сыншыл реалимнің германия әдебиетіндегі жаңа кезеңін дамытуда натурализмнің маңызы.

Томас Манн (1875-1955). Пәлсапалық роман шебері. «Будденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтаулар. «Тристан», «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің тақырыбы.

Генрих Манн (1871-1950) ХХ ғ. көрнекті неміс сатиригі. Г.Манн шығармашылығындағы буржуазиялық-юнкерлік монархияға және пруссакшылдықтың реакциялық идеологиясына сын. Романдары : «Арманды жер», «махаббатқа ықылас», «Әйел құдайлар». «Мұғалім Унрат», «Шын ықыласпен қол астына қараушы». Көсемсөздері: «Рух және әрекет», «Вольтер мен Гете», «Рейхстаг» памфлеті – милитаризмді айыптау. Г.Манн шығармашылығындағы карикатура, гротеск әдістерінің қолданылу ерекшеліктері.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет