Құрастырушы: Мустафина Бакитгуль Амангалиевна Ақтөбе қаласы, №9 мектеп-гимназиясының



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі1,05 Mb.
#20329
  1   2   3
Жаңа технологиялармен сабақты түрлендіру – басты мақсат

(мұғалім іс-тәжірибесінен)




Құрастырушы: Мустафина Бакитгуль Амангалиевна
Ақтөбе қаласы,

9 мектеп-гимназиясының



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы,

9 мектеп-гимназиясы



Құрастырушы: Мустафина Бакитгуль Амангалиевна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта мұғалімнің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамалары үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.




Тақырыбы мен негізгі мақсаты және оқытудың нәтижесі.

Кезекті сабақтардан кейін оқушылардың бойынан сіз қандай білім, білік және түсінікті қалыптастырасыз

Белсенді жұмыс түрлері.

Оқытуды жақсартуда сіз АКТ-ны қолдана аласыз ба

ОүБ (оқыту үшін бағалау) қалай қолданасыз

Сыныпта барлық оқушылардың қатысуын қалай ұйымдастырасыз (талантты және дарынды оқушылар)

Барлық оқушылардың сіз жоспарлап күткендей нәтижеге жеткенін қалай анықтайсыз




Мақсаты: Адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы сөйлесім әрекетін ұйымдастыра отырып,оқушылардың айтылымын,оқылымын дамыту. Дене мүшелерінің атқаратын қызметін білу. Оқушылардың бағалау дағдыларын қалыптастыру, бірлесіп топта жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Тақырыбы:Адамның дене мүшелері
Мақсаты мен күтілетін нәтиже:
Оқушы өз бетімен оқыған ақпараттың мазмұнын біледі,оқығанын сыныптастарына жеткізе білуді,сыныптастарының жұмыстарын бағалауды,интерактивті тақтада графикалық сызба арқылы ассоциацияны көрсетуді үйренеді.


«Адам» сөзіне ассоциация жүргізу (бірінші жеке, кейін топта талқылап, класта ортаға салады)

Интеракт. тақтада жазылады.


Мәтінмен жұмыс.
«ИНСЕРТ»(түртіп алу) әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

(таныс емес сөздерді интерактивтақтаға жаздырып, оқушылардың өздерінен жауап алу, дәптерлеріне жазу)


« ЖИГСО» әдісі: топтарға бөлу(төрт топ) мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топ та сонша бөлікке бөлінеді, әр топтың мүшесі жаңа тақырыптың бір бөлімін түсініп, кейін түсінгенін өз тобына айтып береді.

Берілетін тапсырманың тақырыптары:


-Адамның организмі.

-Бас пен шаштың қызметі.

-Қол мен аяқтың қызметі.
Бір-бірінің жұмыстарын бағалау
Үй жұмысы:

Мәтінді қайталау.




Мұғалімнің бақылауы, талдау.

Тақырып б-ша оқушылар өз білімдерін бағалайды, өз білімін сыныптастарының білімімен салыстырады.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып, лексикалық қоры молаяды.

Оқушы өзіне қажет ақпаратты таңдап алу қабілетін бағалайды; меңгерген ақпаратты сынып-тастарына жеткізе білуі;

Мұғалімнің бақы-лауы, талдау.


Жұмыстың белсенді түрлері ақпаратты жинақтау үдерісінде

әр оқушының жеке жұмыс істеуіне итер-мелейді.


Жұмыстың белсенді түрлері барлық оқу-шылардың оқу үдерісіне қатысуына мүмкіндік жасайды, яғни бірін-бірі оқыту үдерісі қалыптасады.

Жоғары деңгейлі тапсырмалар дарынды оқушыларға беріледі.

Бір-бірінің жұмысын бағалау әр оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды.




Бағалау парағы бойынша


Жазбаша орындал-ған тапсырманың нәтижесі арқылы.


Бағалау парағы арқылы.

«Екі жұлдыз, бір тілек»






Тақырыбы мен негізгі мақсаты және оқытудың нәтижесі.

Кезекті сабақтардан кейін оқушылардың бойынан сіз қандай білім, білік және түсінікті қалыптастырасыз

Белсенді жұмыс түрлері.

Оқытуды жақсартуда сіз АКТ-ны қолдана аласыз ба

ОүБ (оқыту үшін бағалау) қалай қолданасыз

Сыныпта барлық оқушылардың қатысуын қалай ұйымдастырасыз (талантты және дарынды оқушылар)

Барлық оқушылардың сіз жоспарлап күткендей нәтижеге жеткенін қалай анықтайсыз




Мақсаты: Денсаулық туралы сөйлесім әрекетін ұйымдастыра отырып,оқушылардың айтылымын,оқылымын дамыту. Ертегі бойынша өз болжамын шығармашылықпен жеткізе білу.Оқушылардың бағалау дағдыларын қалыптастыру, бірлесіп топта жұмыс істеуге, жауапкершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Тақырыбы:«Денсаулық елінде»
Мақсаты мен күтілетін нәтиже:
Оқушы өз бетімен оқыған ақпараттың мазмұнын біледі. Әңгіме бойынша өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді. Ұсынылған проблема,жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі.

Тренинг жүргізу.

Алма,алмұрт,банан таңдау арқылы топқа бөлу.


Бейне жазба арқылы тақырыпты анықтау.
Мәтінмен жұмыс.
«ИНСЕРТ»(түртіп алу) әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

(таныс емес сөздерді интерактивтақтаға жаздырып, оқушылардың өздерінен жауап алу, дәптерлеріне жазу)


«БЛУМ» таксономиясы бойынша:
1.Білу. Әңгіме не туралы?

Не болды?

Мәтіннің мазмұнын айтып бер.
2.Түсіндіру. Әңгіменің ең қызықты жерін ата. Неге қызық?
3.Қолдану. Сіз Әсеттің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
4.Талдау. Әсет қандай бала?

Нәркез қандай қыз?


5.Жинақтау. Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңіз?

Ол үшін не істер едіңіз?


6.Бағалау. «Денсаулық еліне» Әсет неге кіре алмады? Нәркез неліктен кірді?

Нәркез Әсеттен несімен ерекшеленеді?

«Автордың орындығы» әдісі бойынша:

Ұсынылған проблема бойынша жазған жұмысын (эссе) оқу «Денсаулық- зор байлық»

Бір-бірінің жұмыстарын бағалау
Үй жұмысы:

Денсаулық туралы мақал-мәтел жаттау.




Мұғалімнің бақылауы, талдау.

Тақырып б-ша оқушылар өз білімдерін бағалайды, өз білімін сыныптастарының білімімен салыстырады.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып, лексикалық қоры молаяды.

Оқушы өзіне қажет ақпаратты таңдап алу қабілетін баға-лайды; меңгерген ақпаратты сынып-тастарына жеткізе білуі;

Мұғалімнің бақы-лауы, талдау.


Жұмыстың белсенді түрлері ақпаратты жинақтау үдерісінде

әр оқушының жеке жұмыс істеуіне итер-мелейді.


Жұмыстың белсенді түрлері барлық оқу-шылардың оқу үдерісіне қатысуына мүмкіндік жасайды, яғни бірін-бірі оқыту үдерісі қалыптасады.

Жоғары деңгейлі тапсырмалар дарынды оқушыларға беріледі.

Бір-бірінің жұмысын бағалау әр оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды.




Бақылау қағазы бойынша


Жазбаша орындал-ған тапсырманың нәтижесі арқылы.


Критериалды баға-лау арқылы.


«Екі жұлдыз, бір тілек»



Тақырыбы мен негізгі мақсаты және оқытудың нәтижесі.

Кезекті сабақтардан кейін оқушылардың бойынан сіз қандай білім, білік және түсінікті қалыптастырасыз

Белсенді жұмыс түрлері.

Оқытуды жақсартуда сіз АКТ-ны қолдана аласыз ба

ОүБ (оқыту үшін бағалау) қалай қолданасыз

Сыныпта барлық оқушылардың қатысуын қалай ұйымдастырасыз (талантты және дарынды оқушылар)

Барлық оқушылардың сіз жоспарлап күткендей нәтижеге жеткенін қалай анықтайсыз




Мақсаты: Жаз мезгілі туралы сөйлесім әрекетін ұйымдастыра отырып,оқушылардың айтылымын,оқылымын дамыту. Өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білу.Оқушылардың бағалау дағдыларын қалыптастыру, бірлесіп топта жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Тақырыбы:Жаз мезілі
Мақсаты мен күтілетін нәтиже:
Ұсынылған проблема,жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі. Құбылыстарды немесе заттарды салыстырып, ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін анықтай біледі. Таным процесінде оқушылырдың қарым-қатынасы артады.

Пазл арқылы топқа бөлу.

(жаз тақырыбына түрлі түсті суреттер
Клиптограмма шеше отырып, сабақтың тақырыбын табу.
10 1 11 17 8 11 5 38 16 38
Кубизм әдісі бойынша:
1-топ. « Жаз» сөзіне ассоциация құру.
2-топ. Венн диаграммасы бойынша жаз бен қысты салыстырып, ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын анықтау.
3-топ «Жаз» мезгіліне постер жасау.

Гүл таңдау арқылы ішкі және сыртқы шеңберге бөліну.

Қызыл гүл таңдағандар (мұғалім) , сары гүл таңдағандар (оқушы) болады.

Зат есімді қайталау.


«Ротация» әдісі бойынша:

Әңгіме құрау.

Бағалау.

Үй тапсырмасы:

Жаз туралы өлең жаттау.


Мұғалімнің бақылауы, талдау.

Тақырып б-ша оқушылар өз білімдерін бағалайды, өз білімін сыныптастарының білімімен салыстырады.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып, лексикалық қоры молаяды.

Оқушы өзіне қажет ақпаратты таңдап алу қабілетін бағалайды; меңгерген ақпаратты сыныптастарына жеткізе білуі;

Мұғалімнің бақы-лауы, талдау.


Жұмыстың белсенді түрлері ақпаратты жинақтау үдерісінде

әр оқушының жеке жұмыс істеуіне итер-мелейді.


Жұмыстың белсенді түрлері барлық оқу-шылардың оқу үдерісіне қатысуына мүмкіндік жасайды, яғни бірін-бірі оқыту үдерісі қалыптасады.

Жоғары деңгейлі тапсырмалар дарынды оқушыларға беріледі.

Бір-бірінің жұмысын бағалау әр оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды.





Жазылған графика-лық сызба (схема) бойынша

Бақылау қағазы бойынша

Жазбаша орындал-ған тапсырманың нәтижесі арқылы.

бағалау парағы арқылы.

«Екі жұлдыз, бір тілек»






Тақырыбы мен негізгі мақсаты және оқытудың нәтижесі.

Кезекті сабақтардан кейін оқушылардың бойынан сіз қандай білім, білік және түсінікті қалыптастырасыз

Белсенді жұмыс түрлері.

Оқытуды жақсартуда сіз АКТ-ны қолдана аласыз ба

ОүБ (оқыту үшін бағалау) қалай қолданасыз

Сыныпта барлық оқушылардың қатысуын қалай ұйымдастырасыз (талантты және дарынды оқушылар)

Барлық оқушылардың сіз жоспарлап күткендей нәтижеге жеткенін қалай анықтайсыз




Мақсаты: Жаз мезгілі тақырыбына байланысты білімін өзектендіру.Бұрынғы таныс білімдерін жаңа мәліметпен ұштастыру. Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарастарын шығармашылық түрғыдан жеткізе білу. Ойлау логикасын дамыту.Оқушылардың бағалау дағдыларын қалыптастыру, бірлесіп топта жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Қарым-катынас шеберліктерін арттыру.



Тақырыбы:Жазда
Мақсаты мен күтілетін нәтиже:
Ұсынылған проблема,жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі. Өз көзқарасы тұрғысынан толғана біледі. Таным процесінде оқушылырдың қарым-қатынасы артады.

Би билеу арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Музыка тоқтағанда оқушылар орындықтырға жылдам отырады. Орындықтың астында стикерлерде сөздер жазылған. Сол сөздер арқылы топқа бөлінеді.

- Кімге қандай сөз түсті?

«Табиғат», «Саяхат», «Еңбек» деген топтар пайда болады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Интерактиві тақтада жазылған

«Бұл қай кезде болады?» өлеңі арқылы тақырыпты анықтау.

1-тапсырма

Оқулықтағы «Жаз» өлеңін постерлерге суреттеу.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

2-тапсырма

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.


  1. Жазда ауа райы неге ыстық?

  2. Саяхат адамға не үшін керек?

  3. Жазғы еңбек адамға неге керек?

Әр топ өз көзқарастарын дәлелдейді.
3-тапсырма

«Жазғы табиғат», «Жазғы еңбек», «Жазғы саяхат» тақырыптарына 3 топ диалог құра отырып, қойылым (көрініс) дайындайды.


Әр топ өз топ атауларына синквейн құрады.

Үй тапсырмасы:

«Жаз» туралы эссе жазу.


Мұғалімнің бақылауы, талдау.

Тақырып б-ша оқушылар өз білімдерін бағалайды, өз білімін сыныптастарының білімімен салыстырады.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып, лексикалық қоры молаяды.

Оқушы өзіне қажет ақпаратты таңдап алу қабілетін бағалайды; меңгерген ақпаратты сыныптастарына жеткізе білуі;

Мұғалімнің бақы-лауы, талдау.


Жұмыстың белсенді түрлері ақпаратты жинақтау үдерісінде

әр оқушының жеке жұмыс істеуіне итер-мелейді.


Жұмыстың белсенді түрлері барлық оқу-шылардың оқу үдерісіне қатысуына мүмкіндік жасайды, яғни бірін-бірі оқыту үдерісі қалыптасады.

Жоғары деңгейлі тапсырмалар дарынды оқушыларға беріледі.

Бір-бірінің жұмысын бағалау әр оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік жасайды.




Бақылау қағазы бойынша


Жазбаша орындал-ған тапсырманың нәтижесі арқылы.


Бағалау парағы арқылы.


« Көңіл-күй экраны» арқылы

« Екі жұлдыз, бір тілек»





Сабақтың тақырыбы:




Мақал мен мәтелдер 8 «В» сынып

Сабақтың мақсаты :

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал мен мәтел туралы ойларын түсіндіру; Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру арқылы сөйлесімі дамиды; Қазақтың мақал-мәтелдерінде айтылған ақыл, өсиет арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды үйренеді;

Күтілетін нәтиже


Оқушының орындау мүмкіндігі: Мақал-мәтелдер туралы мәтінмен танысып, өз ойларын түсіндіруді істей алады; Мақал-мәтелдің ерекшеліктерін салыстыруды және ұқсастықтарын анықтауды істей алады; «Мақал-мәтелдер – халық даналығы» деген нақыл сөзге түсініктеме беруді үйренеді.


Сабақ кезеңдері:




Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Жұмыстың белсенді формалары

Бағалау

Ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Үш көмекшім»

2.Бейнежазба көрсету

3.Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

4.Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу



1.Тренингке қатысу
2.Тақырыпты анықтау;
3.3-топқа бөліну

Тренинг

Дұрыс жауап

бағалау парағымен бағаланады.



Үлестірме карточкалар


Қызығушылықты ояту


1.Топта жұмыс істеу ережесін еске түсіру.
2.Әр топтың бір мүшесі өз тобына баға береді

3.«Мақал-мәтел» сөзіне ассоциация жасау.





Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке , жұппен, топпен орындайды.




Жедел жауап




Жетондар

арқылы мұғалім бағалайды.

Жазылған графикалық сызба бойынша



Флипчарт-блокнот,

Маркерлер.



Мағынаны тану


1.Топтарға тақырыпқа байланысты мәтін тарату.


2.Бағалау парағын

тарату
3.Әр топтың тапсырмасын түсіндіру





Мәтінмен жұмыс

1-топ Мәтінді мазмұндау

2-топ Мақал мен мәтелді салыстыру(Венн диагр.)

3-топ «Мақал-мәтелдер - халық даналығы» нақыл сөзін дәлелдеу


Топтардың жауабын тыңдаған соң, түсінгенін жазып береді

Мазмұндау

Салыстыру

Дәлелдеу




Дұрыс жауап бағалау парағымен бағаланады .
Жазбаша жұмыс арқылы мұғалімнің бағалауы

Үлестірмелі материалдар

Маркерлер, А-3 қағазы



Рефлексия


1.Топтастыру жұмысына оралу



1.Ассоциацияны толықтыру


2.Кері байланыс парағын толтыру



Топ басшылары оқушылардың қорытынды бағасын айтады

Кері байланыс парағы



Үйге тапсырма:

5мақал мен 5мәтел жазып келу (олардың сол түрге жататынын дәлелдеу)
















Самоанализ урока казахского языка

Тема урока: Мақал мен мәтелдер

Тип урока: урок усвоения новых знаний и способов действия по теме « Мақал мен мәтелдер»

8 «В» класс ( подгруппа) состоит из 12 человек. Количество слабоуспевающих – 8, среднеуспевающих – 3, сильных – 1 ученик.

При разработке урока, учитывая возрастные и индивидуальные особенности учащихся, мы определили цель урока: Организация усвоения новой лексики по теме « Мақал мен мәтелдер» на казахском языке; рассмотреть основные различия и сходства пословиц и поговорок; развивать мыслительные, коммуникативные, оценочные навыки; воспитывать коллективизм, сплоченность, ответственность.

Ожидаемые результаты: Учащийся сможет:

- пополнить словарный запас; узнать основные различия и сходства пословиц и поговорок; понять содержание изучаемой самостоятельно информации; донести ее до своих одноклассников; работать в группе; оценивать своих одноклассников; отобразить на доске графическую схему ассоциаций.

На этом уроке я старалась внедрить семь модулей Программы, и каждый модуль Программы я применяла на различных этапах урока. Начала я с модуля «Новые подходы в преподавании и обучении». В самом начале урока с целью преодоления языкового барьера я провела такое упражнение как « Үш көмекшім», то есть «Мои три помощника». При проведении данного упражнения , учащиеся становились в круг ( это располагает учащихся друг к другу), и, рассказывали стихотворение все, даже те, кто привык отмалчиваться на уроках. Затем по просмотренному видеоролику ученики определили тему урока; после просмотра ролика я задала им вопрос, какие они услышали пословицы, к сожалению, на этот вопрос дети не смогли ответить.

Далее я предложила учащимся разделиться на группы при помощи пословиц и поговорок. Получилось 3 группы по 4 человека.

Следующим этапом урока стало изучение новой темы. С целью выявления исходных знаний по данной теме, в начале провела ассоциацию на словосочетание «мақал-мәтелдер», где дети сначала самостоятельно записывали в тетради, потом обсуждали в группе, а затем из каждой группы выходили по одному ученику и записывали на доске. В каждой группе выбрали одного ученика-лидера для оценивания работы своей группы. Это были ученики средней и слабой успеваемостью. Каждая группа работала над текстом. После прочтения текста и словарной работы, каждой группе было дано задание следующего характера:

1- группа – задание на понимание и применение – пересказать содержание текста.

2-группа - сравнить сходства и различия пословиц и поговорок.

3-группа – доказать, что пословицы и поговорки как один из видов устного народного творчества, являются народной мудростью.

После истечения времени, каждая группа отвечала по своему заданию, затем они задавали вопросы другим группам. Вопросы, в основном, были низкого уровня, на все поставленные вопросы прозвучали правильные ответы.

Мои ученики были заинтересованы в том, чтобы их группа добросовестно выполнила свое задание, так как это отражается на их итоговой оценке. Каждого ученика я старалась поддержать и похвалить, тем самым осуществлялось формативное оценивание в виде смайлика, три хлопка и словесной оценки.

Для закрепления новой темы я предложила учащимся дополнить ассоциацию «Мақал-мәтелдер». Данное упражнение способствовало активизации лексических навыков, пополнению словарного запаса учащихся.

Далее с целью установить как все ученики научились тому, что мы запланировали и ожидаем от них, я им предложила в письменной форме изложить изученную информацию. Хорошо прошло оценивание, так как были прописаны критерии оценивания.

В завершении урока я провела рефлексию. Каждому ученику раздала лист рефлексивный экран, где они должны были ответить на вопросы: О чем был урок? Понравился ли тебе урок? Насколько этот урок был сложным? Как я себя чувствовал в конце урока? На первый вопрос ответили все. На второй вопрос 10 человек ответили «да, понравился», а два ученика –« очень понравился». На третий вопрос – «не сложно» ответили- 4 ученика (Шманов Ермек, Шокенов Димаш, Тлеумбетова Камилла, Ситко Алена) , « было сложно, но я старался понять в чем трудность» ответили-2 ученика ( Мустафин Ердос, Молдакулова Мансия), « было сложно, но я нашел выход» ответили- 3ученика, (Плеханов Рома, Михайлюк Настя, Самуратова Диана), « было сложно, но несмотря на это я выполнил все задания» ответили – 3 ученика ( Хайруллаева Гаухар, Плеханов Глеб, Айдана). На четвертый вопрос – «чувствовал себя очень уверенным» ответили – 6 учеников (Ситко А., Тлеумбетова К., Шокенов Д., Самуратова Д., Айдана, Плеханов Г.), «чувствовал себя уверенно» ответили – 4 ученика (Михайлюк А., Плеханов Р.,Хайруллаева Г., Шманов Е.), «чувствую неуверенность» ответил – 1 ученик ( Мустафин Ердос) и « немного уверен» ответил – 1 ученица ( Молдакулова М.)

Подводя итоги урока, в целом, я считаю, урок прошел хорошо, время выдержано ( 3 минуты задержки).

Но при проведении урока были и отрицательные моменты: нельзя было поменять местами учеников после разделения на группы; улучшить работу над заданиями без моего пояснения; улучшить работу над самостоятельным усвоением текста; предоставлять возможность говорить и выступать больше ученикам, улучшить работу над созданием коллабаративной среды. Проанализировав причины этих проблем, я постараюсь их ликвидировать на последующих уроках.

Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңа оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Мақалада қазақ тілі сабағында сөйлеуге және сауатты жазуға үйретудің тиімді үлгілерін табу және ұйымдастыру, жалпы, сөйлесім әрекетін жүзеге асыруда жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсетуге тырыстым.

Тілдік қатынасқа байланысты оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім ұғымдары сөйлесім әрекетіне жатады. Осы әрекеттердің бәрі ұлты өзге оқушылардың қазақ тілінде түсінуіне, пікірлесуі мен сөйлесуіне және сауатты жазуына бағытталған.

Қазақ тілі сабағында сөйлесім әрекетін ұйымдастыру

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсіндіруге негізделеді.

Профессор Ф.Оралбаеваның «Тілдік қатынас» деген еңбегінде сөйлесім әрекеті оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деген тарауларға бөлініп, сөйлесім әрекетінің түрлері жан-жақты қарастырылып зерттелген.

Ұлты басқа окушыларды қазақ тілінде еркін сөйлетуге үйрету мақсатында осы аталып өткен сөйлесім әрекетінің түрлері сабақта тығыз байланысты болуы керек.



Оқылым – берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқитын оқушылар үшін оқылым-сөйлеуге үйретудің, тілді меңгерудің алдыңғы шарты болып есептеледі.

Оқылым қазақша мәтіндерді дұрыс түсініп, жылдам және мәнерлеп оқи білу, мәтіннен нақты сұрақтарға жауапты тауып оқу, мәтінді тұтас оқып, мазмұнын (қысқаша немесе толық)айту арқылы іске асады. Алгоритм әдісі арқылы мәтіндегі жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс жүргізіледі. Кейбір сөз бен сөз тіркестерін синоним, антонимдер арқылы еске түсіру қолайлы.

Сөйлесім әрекетінің бір түрі- оқылымды іске асыруда төрт түрлі талапты: дұрыс, түсініп, жылдам, мәнерлеп оқуды орындауды мақсат етіп қою керек.

Тіл үйретуге байланысты оқылымның түрлері мынадай:

1.Танымдық оқылым

2. Зерделік оқылым

3.Ізденімдік оқылым

4.Көрсетімдік оқылым



Танымдық оқылым дегеніміз – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала,кітап,пікір,газет-журнал материалдарын оқып-түсінуі.

Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалдарды зерттейін деген мақсат бола бермейді.

Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі. Танымдық оқылымда шығарманың ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады. Мұндай жағдайда мәтін мазмұнының 70%-ы есте сақталады, яғни оқушы бір минута 90-115 сөз оқып шығады.

Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалдардың мазмұнын толық біліп,мәтінге анализ жасай білу керек. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.

Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар көңілін баулап алуды қажет етеді.

Бұл оқу бойынша минутына 50-60 сөз оқылуы тиіс.

Ізденімдік оқылым – берілген материалдардың ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды іздеп тауып, пайдалана білу.

Ізденімдік оқылымның басқа оқылымнан айырмашылығы, біріншіден,мұндай оқу жылдамдықты қалайды,екіншіден, мәтіннен оқушы өз қажетін таңдап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажет етеді. Ізденімдік оқылымда оқушы кітаптан тұтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек өзіне керектісін мазмұннан, жоспардан іздестіріп, тауып алады.

Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бұл оқу тапсырма мен жаттығу арқылы да жүзеге асады.

Мысалы, мәтіннен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу.



Көрсетімдік оқылым – берілген материалдарды жүйелеп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету.

Мұнда оқушы барлық материалды ежіктеп оқымаса да , оның тарауларын, абзацтарын, ережелерін жеке-жеке қарап шығып, оларға қатысты негізгі ойды көрсетеді,тақырып қояды.

Автор(оқушы) мұндай оқу арқылы мәтінмен қалай жұмыс істеу керек, оның мазмұнын қалай ашу қажет,түсініктеме, қорытынды тағы басқа қандай мәселелерге ден қою керек деген сауалдарды шешуге үйренеді, ең негізгі проблеманы көрсете біледі.

Көрсетімдік оқылымда оқушы мәтінді қалай оқып, қандай форманы таңдап алады, оны өз еркіне жіберген тиімді.

Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады:

1.Іштей оқу

2.Дауыстап оқу(тез оқу, баяу оқу)

Іштей оқу – берілген материалды не мәтінді үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай көзбен оқу.

Іштей оқу оқылымның негізгі формасы болып саналады.



Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.

Мәтінді дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз болады.

Оқушының сөйлесу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймай, қазақ тілінде сауатты, жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сауатты жаза білуі де міндетті.

Сауатты жаза білуді қалыптастыруда оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы сөйлесім әрекетін дамытуды мақсат етіп қою керек. Сауатты, дұрыс жазу талабы – емле ережесін сақтау. Сондықтан оқушыға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілеріне дұрыс қолдануды үйрету керек. Жазба жұмысы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, құру, сөздердің орын тәртібін ескере отырып, өз ойын сауатты жазуға үйретудің ең тиімді жолы болып табылады.



Жазбаша сөйлесім дегеніміз – оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білу, пікірін қағазға түсіріп, жеткізуі.

Тіл үйренуге қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, реферат жазу жатады.

Жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуы тиіс.

Мысалы, сөздер мен тіркестерді аударып жазу, әңгіменің жоспарын құру, сұраққа қысқаша жауап жазу, сөздермен сөйлем құрастырып жазу,т.б.

Жазалым әрекеті сөйлесім әрекетінің мақсатын іске асыруы үшін сабақта келесі жұмыстарды іске асыру керек:


  1. Жазбаша жаттығулар түрлері

  2. Қысқа мәтіндер

  3. Жүйелі жазба жұмытары

  4. Жазбаша бақылау жұмыстары

  5. Диктанттың түрлері

  6. Жазбаша ойындар

  7. Іс-қағаздар үлгілері

Қазақ тілі сабағында оқушыларды мазмұндама жазуға жүйелі түрде үйрету арқылы еркін сөйлеуге, сөйлесім әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік бар.

Сөйлесім әрекетін ұйымдастыруа тыңдалым (аудирование) оқу процесінде жиі қолданылады.Тыңдалымның ең басты мәні – адамдар арасындағы қарым –қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу.

Тіл дамытудың алғышқы кезеңінде тыңдай білу мен ести білу дағдылары маңызды орын алады, өйткені мұндай дағдылар мәнерлеп оқу мен таза сөйлеудің алғы шарты болып есептеледі.

Аудиомәтінді дұрыс таңдап алу – бүкіл тыңдалым процесінің сапалы өтуіне әсер етеді. 10 сыныпта «Әлия Молдағұлова» , «Мәншүк Мәметова» мәтіндерін өткеннен кейін, «Қазақ халқының батыр қыздары» деген тақырыппен аудиомәтін дайындауға болады. Яғни тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталады. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну кезінде оқушы кейбір білмейтін сөздердің мағынасын контекст арқылы түсінуі керек.

Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын процесс. Ол тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару прцессі.

Сөйлесім әрекеттерінің барлық түрлері басшылыққа осы айтылым әрекетін алады. Себебі, оқушыға ойын тіл арқылы жарыққа шығаруды үйретпей тұрып, оны сөйлесуге, тілдесуге үйрету мүмкін емес.

Диолог тақырыбын (сөйлесу) өтілген материалдармен ұштастыру қажет. Мысалы: «Қазақтың белгілі әншілері » , «Қазақ билері», «Қазақ сазгерлері» , «Спорт» және тағы басқа жағдаяттарды сабақта тиімді қолдана отырып, оқушылардың сөйлесім әрекетіне жағдай жасау қажет-ақ.. Қоршаған орта мен жағдай әр түрлі себептерге байланысты шартты түрде ұйымдастырыла береді. Сөйлеуге үйретуге қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікілей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады.

Сөйлеуге үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына тән өзіндік қасиеттерін, мінез-құлқы мен қабілетін үнемі ескеріп отыруға тура келеді. Мұның өзі әр оқушымен жеке-дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік жасайды.

Сөйлесім әрекетінің осы түрін сабақта жүйелі қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушыны дамыта оқытуға мүмкіндік бар.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану арқылы оқушылардың ынтасын арттыру

Күнделікті сабақта оқушының сөйлесім, айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым және тілдесім әрекеттерін қалыптастыру үшін, бала сын тұрғысынан ойлай білу қажет. Диалог арқылы оқушының сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байытуда сын тұрғысынан ойлау әдістері тиімді әрі баланың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Көбінесе орыс мектебінде қазақ тілін оқитын оқушылар басқа пәндерден үлгерімі үздік немесе жақсы болғанымен, қазақ тілінен нашар болып жатады, яғни сауатты жаза біледі, үйден жаттап келгенін айтып береді, бірақ сабақ үстінде кездейсоқ берілген сұрақтарға жауап бере алмайды, сұхбат жүргізе алмайды, алған білімін өмірмен байланыстыра алмайды, бір сөзбен айтқанда, автоматты түрде баға үшін жаттап алады. Алған білімін қоғамдық ортада қолданбайды. Ал Джон Дьюи атап көрсеткендей, «оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруда білім беру бағдарламасын оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты». Міне, сондықтан да сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін сабақта жүйелі қолдана отырып, мен және менімен болашақта тығыз жұмыс жасайтын ұстаздар , нұсқаулықта көрсетілгендей – еркін, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыра аламыз деп сенемін.

Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

2.Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.

3.Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

Осыған байланысты оқушылар логикалық ойлау дағдыларын дамыту арқылы қазақ тілінде алған білімдерін өмірде орынды қолдана алуға дағдыланады.

Блум таксономиясы арқылы оқытудың танымдық, эмоционалдық және психомоторлық саласына бірдей назар аударуға болады. 20 жылдық тәжірбиеме көз салып қарасам, мен көбінесе үздік бағаларды төмен дәрежедегі сұрақтардың жауабына қойып келіппін. Оқулықта берілген мағлұматтар аясынан шықпаппын. Мүмкін содан да болар, бала қазақ тілінде еркін сөйлей алмауы.

Топта жұмыс істей отырып, оқушылар бір-бірімен ой бөліседі, пікірлерін тыңдайды. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда мұғалім мен оқушы бірлесіп іс-әрекет жасап қана қоймайды, сонымен қатар оқушының жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін дамытуға және зияткерлік қырларының жетілуіне ықпалын тигізеді. Неғұрлым оқушы оқушымен немесе мұғаліммен тілдесімге көп қатысса, соғұрлым оның тіл байлығы да дамиды, ынтасы да артады.

Александердің (2001,2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастыруы керек. (Нұсқаулық. 46-бет) Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері (Джиксо, инсерт, ассоциация, блум таксономиясы т.б.) осы бағытта жұмыс түрлерін ұйымдастыруға сәйкес келеді. Туындаған сұрақтарға немесе жаңа тақырыпты дайын күйінде ұсынбай, проблеманы шешу жолында мұғалім мен оқушы зерттеу жұмыстарын бірлесе отырып жүргізеді.

Мерсер анықтаған әңгіменің үш түрін (әңгіме-дебат, кумулятивтік-әңгіме, зерттеушілік-әңгіме) сабақта жүйелі қолдану оқушылардың ойлау қабілетін өрістетіп қана қоймай, сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасайды. Оқушылардың бір-бірімен қазақ тілінде диалогтік әрекетке түспеуінің тағы бір себебі – оның дұрыс жауап бере алмаймын, сөйлемді дұрыс құрастыра алмаймын деген қорқынышы. Ал сын тұрғысынан ойлауға дағдыланған бала бірден дұрыс жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қойып, өзінің қатесін өзі түзетіп, диологқа ашық болады. Сын тұрғысынан ойлауға дағдыланған бала өзінің орындаған жұмысына баға берумен қатар, не үйренгені туралы, не білетіні туралы ойтолғаныс жасай алады, бір қорытындыға келеді. Дьюи «Біз қалай ойлаймыз?» деген кітабында рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ықпал ететінін көрсетеді. (Нұсқаулық. 47-бет) Баланың не үйренгені туралы білу үшін сын тұрғысының әдістерін (мыс.:синквейн, ББҮ, вен диаграммасы, кубизм т.б.) қолдануға болады.

Ендеше, сын тұрғысы технологисының әдістерін қолдана отырып, мен оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыра аламын ба?

Сын тұрғысы әдістері баланың қазақ тілінде сауатты сөйлеуіне ықпал ете ме?

Ол үшін мен әдістерді қалай қолдануым керек?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін бірінші соңғысынан бастайық. Осыған дейін мен сын тұрғысынан ойлаудың элементтерін ғана сабағымда қолданыппын, оны да жүйелі түрде емес. ІІ деңгей бағдарламасымен танысқаннан кейін, менің қолданып жүрген әдістерімнің дұрыс еместігіне көзім жетті. Олай дейтінім, сын тұрғысынан ойлау әдісін сабақта жүйелі қолдану арқылы ғана белгілі нәтижеге жетесің. Ол топтық жұмыстан басталады, яғни әр сабағыңды топқа бөлуден бастайсың, сын тұрғысынан ойлау дағдылары: қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатануды қалыптастыратын жағдайларды сабағыңда қолданасың.

Сын тұрғысы технологиясының әдістерін қолдана отырып, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыра аламын. Оған дәлел ретінде тәлім алушымның өткізіп жатқан сабақтарын айта аламын. Бала әр кез білмейтін нәрсесін білуге құмар болып тұрады, сондықтан ұстаз ретінде біздің міндетіміз – білуге құмар баланың бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмай, дұрыс шешім табатын жолға бағыт-бағдар беріп тұруымыз қажет.

Сын тұрғысынан ойлау әдістерін жүйелі түрде дұрыс қолдану арқылы баланың қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдыларын, сөздік қорының молаюын қалыптастыруға әбден мүмкіндік бар. Тек ол үшін мұғалім өзінің кәсібін шын сүйетін, ізденуден жалықпайтын, оқушыға қалай оқу керектігіне саналы түрде бағыт-бағдар бере алатын, заман талабына сай өзі де сын тұрғысынан ойлай білу керек деп ойлаймын.

Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған деректер туралы есептер.

Жұмысымды әріптесімнің 5 «Б» класындағы дәстүрлі сабағына қатысудан бастадым. Сабақта байқағаным, оқушылардың жауаптары мұғалімнің қойған төмен дәрежелі сұрақтарымен шектеліп отырды. Оқушылар топқа,жұпқа бөлініп жұмыс істеген жоқ. Кейбір оқушы қойылған сұраққа жауап бермесе, мұғалім өзі жауап беріп тұрды. Сабаққа қатыспай отырған оқушы да болды. Сабақ бірсарындылықпен, көрнекіліксіз, дидактикалық құралсыз өтті. Оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс түрі өткізілген жоқ. Мәтіннің мазмұнын игеруде тек оқумен, аударумен және төмен дәрежелі сұрақтарға жауап берумен шектелді. Грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында да бірсарындылық байқалды. Оқушылардың бойынан пәнге деген қызығушылықты, белсенділікті көре алмадым. Оқушы мен оқушы арасында диалог болған жоқ.



Осы сабақтан кейін оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесіне қарап, үш оқушыны зерттеу нысаны ретінде таңдап алдым: Айнара, Әлішер және Анель. Оларды таңдап алған себебім, үшеуінің сабаққа деген ынтасы әр түрлі. Айнара – оқу үлгерімі жоғары, сабақта ылғи белсенділік танытып отырады,тиянақты, ұқыпты оқушы. Әлішер – оқуға деген ынтасы жақсы, достарының арасында сыйлы, өз тобында белсенділікті қолына алып, топ басшысы болуға талпыныс жасап отырады. Анель – сабақта жауап беруге тырысады, бірақ сөздік қорының жетіспеуінен өз ойын еркін жеткізе алмай қиналады, белсенділік танытпайды, мұғалім сұрамаса, үндемей отыра береді. Үшеуінің мінез-құлықтары да әр түрлі. Анель қойылған сұрақтың жауабын дұрыс болмаса да өз білгенін айтып қалып, үндемей қалмайды, яғни диалогқа ашық. Әлішер білсе, жауап береді де, білмесе, өзінің жауабының дұрыстығына сенімді болмаса, үндемейді. Анель – сабақта белсенділік танытпайды, көзге түспеуге тырысады, мұғалім атын бірнеше рет атап тақтаға шақырғанда, әрең шығады, жауап беру үшін көп күтуге тура келеді, бірақ білуге ынтасы бар. Сыныптастарынан өзін алшақ ұстайды.

Тәлім алушым – Айгүл, жас мұғалім, еңбек өтілі – 10 жыл, осы кластың сынып жетекшісі, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, балалармен тіл табыса білетін ұстаз. Менің берген ұсыныстарыма жай ғана келісіп қоймай, өзі де мәселеге байланысты жаңа идеялар ұсынып отырды. Менен көрген жұмыс түрлерімен таныс емес екен. Бірлесіп сабақ жоспарын құруға, сабақты жаңаша өткізуге қуана келісті. Осы жерде менің айта кетейін деген бір ойым- сын тұрғысынан ойлау әдісі туралы. Мұғалімдерден жиі еститінім- орыс мектебінде қазақ тілі сабағында сын тұрғысын ойлау әдістерін қолдану өте қиын, оқушылардың сөйлеуге тіл байлығы жетіспейді, бағдарламадан қалып қоямыз деген пікірлер. Мен бұған келісемін, дегенмен тәлім алушымның беріп жатқан сабақтарынан байқағаным- баланың оқуға деген ынтасының артуы, білу үшін алға қарай талпыныс жасауы. Өзі ізденіп, сабақтың тақырыбын ашуы, бір-бірінің сөздерін тыңдауы, бір-біріне көмектесуі, тақырыпты өмірмен байланыстыра білуі. Егер қиын деп жүре берсек, бала сол сөйлей алмаған күйінде қала бермей ме? Сабақта талапты жоғарылатсақ, оқушының да білімі жоғарыламай ма?! Сондықтан уақытша қиындықтарды жеңе отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін сабағымызда жүйелі, дұрыс қолдану арқылы баланы да сын тұрғысынан ойлануға,оқуға дағдыландыруға тәлім алушы екеуміз кірістік. Жоспар жасауда біздің алдымызда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра отырып, жаңа тақырыпты өзі игеруге қалай үйретеміз деген проблема тұрды. Олай дейтінім, осыған дейін өткен сабақтарда мәтіннің мазмұнын айтуды үй тапсырмасы етіп беретінбіз, енді оны оқушы аз уақыт ішінде игеріп, класта айту керек. Сондықтан тәлім алушым екеуміз сабақ жоспарына өзгеріс енгіздік. Бірінші сабақты тренингтен бастап, класты үш топқа бөлді, топ ережесін оқушылармен бірлесіп шығарды.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет