Құрастырушы: Нугуманова Замзагуль Тулегеновна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп бала бақшасының химия пәнінің мұғалімі



бет4/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,72 Mb.
#14793
түріСабақ
1   2   3   4

Есер шығару: 5,4 алюминий оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасы қандай?

Сабақты бекіту:

«Сиқырлы таяқша» ойыны жүргізіледі.Әр оқушы бір-бір мақал-мәтел айту

1.От көмір жиді,тот темір жиді 2.Арпа,бидай-ас екен,алтын,күміс-тас екен 3.Темірді қызуында соқ 4.Аз сөз-алтын,көп сөз-күміс 5.Ақыл арымас,алтын шірімес 7.Алтынды еріте білмеген-ірітер Теріні илей білмеген-шірітер

Венн диаграммасы.



Овал 52Овал 50Овал 51

Химия әлеміне саяхат” атты химия сабағынан кеш

Мақсаты: Химия пәнінің қыр-сырын сыныптан тыс жұмыстар арқылы ашу; Оқушылардың пән бойынша оқып-меңгерген білімдерін ойын арқылы ойлап жауап беруге дағдыландыру.

Түрі: танымдық кеш

Әдісі: ауызша: сұрақ-жауап

Құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. “Химия әлеміне саяхат” танымдық кешін бастау


  1. Қызықты сұрақтар

  2. Қатысушыларды іріктеу

  3. Жеңімпаздарды марапаттау

3. Қорытынды.

Кештің өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз – нұр сәулт

Аялдама, алға ұмтыл,

Құдіретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой.
І. Іріктеу кезеңі.
1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақты адмды мақтауды да келістіреді. (күміс)

2. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді (көмірқышқыл газы)

3. Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері бар. (Алюминий)

4. Ес-түссізадам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде (мүсәтір спирті)

5. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын)

6. Қоссаң кірді кетіріп,

Кисең көңіл көтеріп.

Шыны ыдыста тұрады,

Асханада болады. (сірке суы)



  1. Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Суда еріп жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді (күйдіргіш натр)


  1. сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды,

Жәрдемінсіз бұл зттың, оқушы сабақ ұқпайды. (бор)

  1. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналыып, тас болып қататын зат (кремний оксиді)

  1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес? (ас тұзы)
ІІ. Таңғажайып сұрақтар

  1. Ауада неліктен кесілген алма сарғаяды? (темір 2+ ионы темір 3+ ионына айналады)

  2. Жұмсақ алтын деген не? (тері)

  3. Адам асқазанының сөінде қандай қышқыл бар?

  4. Неліктен Арал теңізі теңіз деп аталады? (суы тұзды)

  5. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды? (көміртек)

  6. “Фосфор” деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)

  7. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше қысаңыз - өткізгішпін. (мыс-сым)

  8. Үйде қышқылдық тұзды тамаққа қолданамыз. Ол қандай тұз? (Натрий гидросульфаты)

  9. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)

  10. Индикатор дегеніміз не? (көрсеткіш)

  11. Алхимия деген не? (металды алтынға айналдыру)

Бұл турда жеңілген екі оқушы шығады.

Кім жылдам?

1.Қандай сүтті ішуге болмайды? (әк сүті)

2.Жұмыртқаны электр қуатынсыз, отсыз пісіруге бола ма? (болады)

3.Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз? (тұздары болмайды)

4.Қандай су дем алудан лайланады? (ізбес суы)

5.Жеміс пен көкөністі кескенде пышақ неге қараяды? (дубиль қышқылы)

6.Химиялық гүлдерді түрлендіруге қандай зат қажет? (индикатор)

Білгір химиктер” сыныптан тыс жұмыс


Мақсаты: Оқушыларға химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы, қосымша материалдардан мағлұмат беру, өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Түрі: Топтық сайыс

Пәнаралық байланыстар: қоғамдық-гуманитарлық пәндер; жаратылыстану-математика пәндері.

Сайыстың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. “Білгір химиктер - 2011” сайысы



  1. Топтардың таныстыруы

  2. Сергіту сәті

  3. Химик – эрудит

  4. Химик – сараман

  5. Ойлан, тап!

  6. Тарих беттерінен

  7. Жұмбақтар жадынамасы

ІІІ. Білім шыңына жету

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сайыс барысын түсіндіру.

Оқушылар бүгінгі сайысымыздың “Білім шыңына” жету үшін өз білімдеріңізді сайысқа салыңыздар. Ойынның мақсаты берілген уақыт ішінде барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп білім шыңына жету.

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
ІІ. “Білгір химиктер - 2011” сайысының өтілу барысы:


  1. Топтардың таныстыруы. Әр топ басшысы өзінің тобын таныстырады.

  2. Сергіту сәті.

  1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом)

  2. Ең жеңіл металл? (литий)

  3. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр? (коэффициент)

  4. Күкірт неше валентті? (2,4,6)

  5. Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы? (23)

  6. Периодтық жүйе неше топтан тұрады? (8)

  7. Атом-молекулалық ілімді ашқан ғалым? (В. Ломоносов)

  8. Көмір қышқылының тұзы? (карбонат)

  9. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? (иод)

  10. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)

  11. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент? (күкірт)

  12. Күкірт қышқылының формуласы? (Н2SO4)

  13. Сұйық металл? (сынап)

  14. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым? (Бутлеров)

  15. Реттік нөмірі 19-ға тең элемент (калий)


3.Химик-эрудит. Тақтада берілген формулалардың дұрыс нұсқасын айту.

І топ тапсырмалары

Н2S, KNO3, CaBr2 ,NaCl, Mg(OH)2, Al2O3, Na2O

II топ тапсырмалары

SiO2, HBr, K2SO4, BaCl2, Li2O, CaS, Na2S

4.Электронды оқулықтан заттарды қоспалардан бөліп алу әдісі арқылы көрсетілген тәжірибелер көрсетіледі. Бұл қандай әдіс?


5. Ойлан, тап!

1-топ сұрағы

Біз негізгі үш егіз жігітпіз: мен – Ақбаймын, Қарабай, Қазбек деген ағаларым бар. Түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры. Мен және менің туыстарым кімдер?

Р – фосфор. Ақ фосфор – Ақбай; Қызыл фосфор – Қазбек, Қара фосфор Қарабай


2-топ сұрағы

Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуміз де өткір, кез-келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін бүлдіреді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай, онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады. Қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай “жігітім” дей берсең тұтана кетеді, қып-қызыл жынды. Бағына жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. Өзі автоматты сигнал беру жағында істейді. Мен және менің 5 ағайындыларым кімдер?

Жауабы: Li, Na, R, K, Rb, Cs
6.Тарих беттерінен

1-топ тапсырмалары

Түркістандағы тайқазанға сипаттама, қызметі

Қ.. Ахмет кеснесінің негізгі орталығы, құдіретті ол – тайқазан. Тайқазан – ішіне мың литр сұйықтық сиятын салмағы 2 тонна, биіктігі тұғырымен бірге 2,62 метр, диаметрі 2,45 метр жеті түрлі металдан жасалған алып қазан. Құрамында алтын, күміс, қызыл мыс, мырыш, темір, қорғасын, қалайы бар. Оны сол себепті қола қазан деп те атайды. Ежелгі дәстүр бойынша “қазан - жеті ырыстың бірі” деп саналған. “Тайқазан” деп аталу себебі ішіне тай етін тұтас алуға болады деген мағынаны білдіреді. Құрамы жеті дәмнен тұратын “Наурыз көже” осындай қазанда әзірленіп, жұртшылыққа таратылған. Оның мәні елдің бірлік, ниет, тілек, мерей, мереке үмітін білдірген.


2.”Алтынменен аптатып,

Күміспенен күптетіп,

Зәулім сарай үй берген” өлеңі жолы қай ақындікі? Күптеу, аптау деген не? Артықшылығы.

Ж.Жабаев


Күміспен күптеу – күміспен қаптау. Алтынмен аптау – алтынмен аптайтын, яғни күптейтін бұйымды алдымен күміспен күптеу керек. Содан соң жеткілікті мөлшерде бір түйір алтынды сынапқа қосады, бұны сынапқа алтын жұтқызу үшін деп немесе алтын су деп атайды. Әрі қарай бұйымның күптелген бетіне жағып, жайлап отқа қыздырғанда, сынап буланып ұшып кетеді де, бұйымның күптелген бетіне алтын жұғып қалады. Ата-бабаларымыз бұрынғы кезде заттың бетін әшекейлеу үшін қаптаған, сол арқылы затты жемірілуден, яғни бүлінуден сақтаған.

2-топ тапсырмалары

Алтын адамға сипаттама

“Алтын адам” – Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері. (б.з.д.Үғ) Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген. Оның ішінде барыс, тауешкі, арқар, ат, әр түрлі құстардың бейнесі кездеседі. Бас жағындағы алтын сырға асыл тастармен әрленген. Бас киімі моншақша келген үшкірлеу, мойнында алтынәшекей, жағасы мен жеңінде алтын салпыншақтар бар. Қолында екі алтын жүзік. Оң жақ қапталында ұзын алтын жалтқан қылыш, сол жағында темір қанжар. Саптама етігі де ұсақ алтыннан жасалған әшекейлермен көмкерілген.

Атадан қалған ақсауыт

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екенбіз

Алтын қалпақ дулыға

Шекесіндей жарқылдай,

деген өлең жолында бұрынғы көшпелі халықтың іршілік болмысында әрі киім, әрі қорғаныс құралы, әрі қару-жарақ болған химиялық элементті атаңыз. Қай жырдан оқылған үзінді? (темір, “Қобыланды батыр” жыры)
7.Жұмбақтар жадынамасы 3 тілде

1.Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,

Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын,

Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болса да,

Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын.

(хром – 24, қаттылығы 9-ға тең)


2. Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрағым,

Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.

Мені балқыта алмай қиналды көбісі,

Қазақстанда әлемде, кенім жөнінен біріншісі. (вольфрам)

3.Адамдар мені салмақты деп мақтайды,

Сонда да мен химиктерге жақпаймын.

Өндірісім жөнінде Азия мен ТМД-да

Өз елімді бірінші қылмай тынбаймын. (күміс)

4.Мені электротехникада дәнекер ғып қолданады,

ІІІ орын алғандар құймамды қанағат тұтады.

Консерв қалбырларын жасауға қатысамын,

Қөңіл-күйім ІІ және ІҮ арасында ауысады (қалайы)

5.Бұл элемент жетіспеуінен адам эндемикалық зоб ауруына

ұшырайды? (иод)

6.Жетіспеуінен тіс жегісіне ұшырайды. Көп мөлшерде болса,

сүйек морт сынады. Фтороз ауруы болады. (фтор)

7. Гипоксия ауруына ұшырайды. (оттегі)

8.Асқазандағы тұз қышқылы нашарлағанда тамақтың қорытылуы нашарлайды, сүзек, тырысқақ ауруына қарсы тұру қабілеті нашарлайды. (хлор)

1001 мақал, 101 жұмбақ” сыныптан тыс топтық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру; ойын элементтерін пайдалана отырып, білімдерін сынау; ал дамытушылық мақсаты мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Түрі: Топтық-дара сайыс

Пәнаралық байланыс: Физика, биология, география, қазақ тілі.

Өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. “1001 мақал, 101 жұмбақ” сайысы



  1. Ойтүрткі

  2. Жасырдым мен жұмбақтап

Тапқыр болсаң, ойлан, тап!

  1. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап!

  2. Ойжұмбақ

  3. Ойталқы

  4. Мақалшы мен жұмбақшыны анықтау

ІІІ. Қорытынды


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топтар есімінің шығу тарихы.

Бір күні бар элемент жиналды

(Кім біліпті, қайсысы сыйланбады, сыйланды?)

Кімнің бірінші маңызды екеніне

Жабылып жауап таппай қиналды.

Алғашқы боп сөз алған сутегі:

“Кестеде бірінші тұрған кім?” – деді,

“Тегін тұрмағанымды біл!” – деді.

“Отын да болам, ауа шары да

Ұшқың келсе, мін”, - деді.

“Бомба болып жарыламы” –

Деп күш көрсетті,

Беріспейтін сұс көрсетті.


“Жақындасам жанып,

Су боларсың анық”, -

Деп оттегі шыр етті, -

“Шмаңды білмейсің неғып?!

Мен болмасам тұншығып

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде мәз емес пе бәрі де

Отынын жанып, күл шығып

Екеуін тыңдап сайыста.

І. Ойтүрткі.


  1. Периодтық жүйеде элементтер қанша түспен бейнеленген? (3)

  2. Металдар периодтық жүйеде қандай түспен көрсетілген? (қара)

  3. АҚШ-тың есімі берілген элементті ата. (Америций)

  4. Скандинавия түбегінің жер көлемі арыстан тәрізді. Сол түбектің құрметіне сол мағынаны білдіретін қандай элемент бар? (Скандий)

  5. Еуразия материгінің бір бөлігіне орай аталатын элементті ата. (Еуропий)

  6. Көршілес Ресей мемлекетінің Ақтөбе облысына жақын қаласы периодтық жүйеде қалай аталады? (Самарий)

  7. Химия ғылымының атасының құрметіне аталған элементті ата. (Менделеевий)

  8. Адам өндіргенде өміріне қауіп төндіретін элемент? (Уран)

  9. АҚШ-ғы штат атауымен аталатын элементті ата (Калифорний)

  10. Оқушы құралына омоним бола алатын элемент (Бор)

  11. Орысша “қуаныштымын” деген мағынаны білдіретін элементті ата (Радий)

  12. Сұлулық әлемінің елі атанған ел атттас элементті ата. (Франций)


ІІ. Жасырдым мен жұмбақтап,

Тапқыр болсаң, ойлан, тап!

  1. Қандай сан оттектің аллотропиялық түр өзгерісінде жасырынған? (озон-он)

  2. Біз дем алатын қандай газдар қосапасынан балықшы құралын таба аламыз? (ауа-ау)

  3. Қандай элементтің бірінші буыны сұрайды, одан кейін санмен аяқталады? (не-он)

  4. Жұрт сөзінің қандай синонимі ең жеңіл инертті газ құрамында жүр (гелий-ел)

  5. Алдымен бір нәрсенің мөлшерін жалпы түрде сипаттайтын, соңғы буыны тілсіз жауды білдіретін жер атмосферасында ең көп тараған қандай элементті білесіз? (аз-от)

  6. Су тасқынының синонимі күкірт қатарындағы элементтердің біреуінің бастауы болып табылады? (сел-ен)

  7. “Жұмысты отты жігерлеп істеу керек”, деп көпірді “А” элементі. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес, ойлаңызшы, бұл қай элемент? (оттегі)

  8. “Б” элементі қай металдың болсын орнын басуға әзір-ақ, бірақ қанша буырқанса да одан металл шығып көрген емес. Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (сутегі)



Мақал айтып жарысайық,

Мақалшылар қалыспайық.
Металдар туралы мақал-мәтелдер

  1. (Алтын) тапсаң – санап ал.

  2. (Аu) еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген – шірітер.

  3. Мылтықтың (Аg күмісін) айтпа, тиісін айт.

  4. Арпа, бидай ас екен, (Аu, Аg) тас екен.

  5. Жылтырағанның бәрі (Аu) емес.

  6. Ақыл арымас, (Аu) шірімес.

  7. От (С) жейді, тот (Ғе) жейді.

  8. Ағаш кессең ұзын кес – қысқартуға оңай,

(Ғе) кессең қысқа кес – ұзартуға оңай.

  1. (Ғе) сіз халық, тұзсыз тағам болмайды.

10. (Ғе) қызған кезде соқ.

11. Келіні жақсы үйдің керегесі (Аu).

12. (Аu) шыққан жерді белден қаз.

13. (Болат) бүгілмес – шорт сынар.

14. Оқ жетпес жерге (қылыш) сілтеме.

15. Болмас іске (болат) бол.

16. (Қасықтап) жинап, шөміштеп төкпе.

17. Етік тіге алмаған (біз) таңдайды.

18. (Көсеуі) қысқаның қолы күйер.

19. Буынсыз жерге (пышақ) ұрма.

20. Қойдың сүті (қорғасын).

21. Тағасының (күмісіне) мақтанба,

Атыңның жүрісіне мақтан.

22. (Ине) өткен жерден жіп өтер.

23. Ескі мата бөз болмас, ескі (темір) біз болмас.

24. Өнерлінің қолы (алтын), өлеңшінің сөзі (алтын).


ІҮ. Полиглот.

  1. Тынысым, ырысым

Ол жоқ жерде,

Жойылмақ жүрісім. (оттек - )



  1. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны. (темір - )

  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық

Буланбас, қайнатсақ та отынды үйіп

Көрсететін суықты, жылуды анық,

Қандай зат - құрал жасар соны құйып. (сынап - )


  1. Осы затпен ескі үйді аластайды

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт - )

  1. Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек. (гелий - )


  1. Табылса бұрын там-тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде? (алюминий - )


  1. Иісі де, дәмі де жоқ, ұсталмайды,

Болмаса ол, жер бетінде өмір жоқ.

Ақыры жанған отың тұтанбайды

Қалады қарауытып, көмір боп шоқ. (оттек - )

8. Аспанда ай - әкім,

Жерде адам әкім. (күміс - )

9. Менделеев кемеңгерім

Өз орнымды белгілепті.

Мені қымбат демеңдер тым,

Затың нарқын ел біледі. (алтын - )
Биологиялық жұмбақтар

1. Теңіз орамжапырағы ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент? (иод)

2. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуінен тіс кариесіне әкеліп соғады? (фтор)

3. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)

4. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық элемент? (күкірт)

5. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? (калий)

6. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (мырыш)
Жұмбақтар. Ойталқы.


  1. Асыл тас немесе металдың өзінен жасалған құлаққа тағатын зат? (сырға)

  2. Көзіне асыл тас орнатылған металл бұйым, сақина? (жүзік)

  3. Қыздарға арналған сәндік үшін шашбауға тағатын әшекейлі алтын немесе күмістен жасалған бұйым? (шолпы)

  4. Шабуға, кесуге лайықталған қайқы құрал? (қылыш)

  5. Садақтың темір ұшы? (жебе)

  6. Батырлар киетін темір телпек? (дулыға)


Мақал-мәтелдер


  1. Пәлен жерде пақыр бар,

Іздеп барсаң мыс та жоқ.

  1. Көптің аузы – темір талқы.

  2. Келіні жақсы үйдің,

Керегесі алтын.

  1. Ағаш кессең ұзын кес,

Шаба келе қысқарар,

Темір кессең қысқа кес,

Соға келе ұзарар.


  1. Алтын ала білген,

Бөле де біледі.

  1. Алтын ерің арқа тисе,

Алтыннан ал да, отқа жақ.

  1. Көк темір – көре өлтірмес.

  2. Алтын жерге жатпайды

Жаман ұста суын таппайды.

  1. Тауып сөйлесең – күміссің,

Таппай сөйлесең – мыссың.

  1. Қойдың сүті – қорғасын

Қойды соққан оңбасын.

  1. Тағасының күмісіне мақтанба

Атыңның жүрісіне мақтан.

  1. Темірші – көміршіге үйір.

Ал, элементтерім!

Бос таласты қойыңдар.

Қысқасы бәріңнің де өз орның бар.

Дүние түгел сендерден құралады.

Білімді ғана мұны ұға алады!

Элементтер жым болды.

Химиктің айтқаны шын болды.


Сайысты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет