Құрастырушы: оқытушы Кодекова Ғ. Б


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі403,56 Kb.
#10134
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Психология және педагогика кафедрасы


Мамандану практикумы 4

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)



5В050300 психология

мамандығының студенттеріне арналған



Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

______Сарбалаев Ж.Т.

20__ж. «___»________


Құрастырушы: оқытушы Кодекова Ғ.Б.


Психология және педагогика кафедрасы
Мамандану практикумы 4
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
050300 психология

мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ___ ж. «___»__________ № ____Хаттама

ОӘК төрайымы_____________ Жуманкулова Е.Н. 20 ___ ж. «___»__________


КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20__ж. «____» ________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Кодекова Ғалия Бикенқызы

Оқытушы

Психология және педагогика кафедрасы А корпусында (бас ғимараты) (Ломов көш. 64), 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673685, ішкі 1139.



2 Пән туралы мәліметтер

«Мамандану практикумы 4» курсы студенттерді кәсіби іс-әрекет пен халыққа білім беру ісін психологиялық қамтамасыз ету міндеттерін шешуге қажет білімдер мен практикалық ебдейліктерді қалыптастыруға бағытталады.



Аталмыш пән практикалық психология саласында кәсіби біліктілікпен жұмыс істеуге қабілетті мамандарды кешенді даярлау міндетін шешуге бағытталады. Студенттердің мамандануы екі бағытта жүзеге асады: қазіргі кәсіби іс-әрекет психологиясының теориялық-әдіснамалық мәселелері және білім беру психологиясы.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП




2

90

-

12

-

-

78

90

12




Бар-лығы
































4 Пәннің мақсаты мен міндеттері:

«Мамандану практикумы 4» оқыту мақсаты – студенттерді кәсіби іс-әрекет психологиясы туралы білімдермен қамтамасыз ету және студенттерге кәсіби іс-әрекет пен білім беру саласындағы психологияның теориялық-әдістемелік мәселелері бағыты бойынша тереңдетілген әдістемелік даярлауда көмек беру болып табылады.

Негізгі міндеттері:

  • бiлiм беру кеңiстiгi субъектiлерiне практикалық психологиялық көмек көрсетудің дағдылары мен ебдейлiктерiн қалыптастыру;

  • студенттердiң оқудың мотивациясын, танымдық қабiлеттiлiктерiн, сондай-ақ мектептің әр түрлi сынып оқушыларының тұлғалық ерекшелiктерiн анықтау үшiн қажет психодиагностика әдiстемелерiн меңгерту;

  • мектепте психоконсультациялық жұмыс iстеудiң дағдыларын қалыптастыру;

  • психологиялық коррекция тәсiлдерi мен техникаларын игерту;

  • студенттердің педaгoгикалық қарым-қатынас өнepi мен дағдыларын меңгерту;

  • кәсiптің оның негізгі кезеңдерiнде психологиялық сүйемелдеу, ебдейлiктeрi мен дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсiби ic-әрекеттiң әр түрлi аспектiлерiн психологиялық талдау әдiстемелерiн игерту;

  • кәсiби ic-әрекет, кәсiби өзiн-өзi анықтау, кәсiптiк психодиагностика, кәсiби даярлық мәселелерi бойынша бiлiмдердi меңгерту.

5. Нақты пәнді оқыту нәтижесінде студент:

  • кәсіптік және педагогикалық іс-әрекетті психологиялық зерттеуде қолданылатын әдістемелерді практикада игеруін толық меңгеруі тиіс;

  • кәсіптік және педагогикалық іс-әрекетті психологиялық зерттеудің әдіснамалық негізі туралы білуі қажет;

  • практикада кәсіптік іс-әрекетті (отандық және шетелдік) зерттеудің негізгі әдістемелері мен алған білімдерін орынды, барабар қолдану дағдысына ие болуы тиіс.




  1. Пререквизиттер

  • жалпы психология;

  • әлеуметтік психология;

  • психодиагностика негіздері.


7 Постреквизиты

  • заң психологиясы;

  • саяси психологиясы;

  • этнопсихология.


8 тақырыптық жоспары

8.1 пәннің тақырыптық жоспары (с/б ОКБ негізінде)





тақырыптар

Сағат саны

Дәріс

Практи-калық

Лабо-раторлы

Студия-лық

Индиви-дуал-дық

СӨЖМ

1

2

3

4

5

6

7

8




Мектеп психологы іс-әрекетінің мазмұны.



















1

Мектеп психологының диагностикалық ic-әрекетiнiң мазмұны.
















3

2

Бала мен ата-ана қатынасының психодиагностикасы.





1










3

3

Мектеп мотивациясының днагностикасы.




1










3

4

Оқушылардьщ танымдық қабiлеттерiнің диагиостикасы.

















3

5

Мектеп жасындағы тұлға диагиостикасы.
















3

6

Психологиялық-педагогикалық консилиумды ұйымдастыру мен жүргiзу.





1










3

7

Мектеп психологының коррекциялық-дамытушылық әpeкeтiнің мазмұны.
















3

8

Мектеп психологының кеңес беру іс-әрекетінің мазмұны.




1










4

9

Психопрофилактикалық жұмыс.




1










4

10

Мектеп психологының ағартушылық ic-әрекетiнiң мазмұны.




1










4

11

Мектептегi психологиялық ic-әрекетті жоспарлау.
















4

12

Оқу жылы барысында мектеп психологы ic-әрекетiнiң жұмыс жоспары.




1










4

13

Психолог және мектеп: өзара әрекеттесу меселелері.
















4

14

Психолог және мектеп.




1










3




Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.



















15

Оқу-педагогикалық қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.
















3

16

Оқу-педагогикалық ic-әрекеттегі және қарым-қатынастағы "кедергі" ұғымы.




1










4

17

Педагогикалық ic-әрекетгегi коммуникацияньщ психологиялық ерекшелiктерi.




1










4

18

Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшелiктерi.




1










4

19

Педагогикалық қapым-қатынас өнерiн меңгерудiң әдiс-тәсiлдерi.
















4

20

Педагогикалық қapым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған тәжiрибе сабағы.
















4

21

Сабақ барысындағы қарым-қатынас құрылымы.
















4

22

Педагогикалық қарым-қатынастағы этностық фактордың рөлi.




1










3

Барлығы




12










78


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Курста маманданудың барлық негізгі кезеңдері бойынша практикалық сабақтар – кәсіптік өзін-өзі айқындау мен психодиагностикадан бастап кәсіби іс-әрекеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дейін, сондай-ақ педагогикалық практикада кездесетін білім беру міндеттерін шешу сабақтары көрініс тапқан.


10 Курс компоненттері
10.1 Тәжірибе сабақтардың тізімі мен мазмұны
2 тақырып. Бала мен ата-ана қатынасының психодиагностикасы. Aтa-аналарға арналған анкеталар. "Жанұя cypeтi" проективтiк әдiстемесi. Рене-Жилдiң бала мен ата-ана арасындағы қатынасты зерттеу әдiстемесi. "Жанұя тәрбиесiнiц стилдерi" әдістемесі.

3 тақырып. Мектеп мотивациясының днагностикасы. Оқу мотивациясы және оныц түрлерi туралы жалпы ұғым. Оқушылардьщ мектеп мотивациясыныц деңгейi мен мазмұнын бaғалауға арналған анкеталар. Оқудың түрлi сатысындағы оқу мотивациясының диагностикасын жүргiзу процедурасы.

6 тақырып. Психологиялық-педагогикалық консилиумды ұйымдастыру мен жүргiзу. Психологиялық-педагогикалық консилиум туралы жалпы ұғым. Консилиумға қатысушылар мен олардыц рөлi. Олардың жұмыс мазмұны мен түpi. Консилиумға ұсынатын психологтың aтқapған жұмыстары жөнiндегi негiзгi құжаттары.

8 тақырып. Мектеп психологының кеңес беру іс-әрекетінің мазмұны. Мектептегi кеңес беру жұмысын жүргiзуге қойылатын негiзгi талаптар. М.Р.Битянова моделi бойынша кеңес беру жұмысының үш негiзгi жaғдаяты. Мұғалімдер, ата-аналар және оқушыларға кеңес беру ерекшелiктерi.

9 тақырып. Психопрофилактикалық жұмыс. Мектеп психологының психопрофилактикалық жұмысының негізгі мазмұны. Қазiргi кездегi мектеп жaғдайларына байланысты туындайтын негізгі психопрофилактикалық проблемалардың мазмұны. Әр түрлі мектеп жасында психопрофилактикалық жұмыс жүргiзудiң ерекшешктері.

10 тақырып. Мектеп психологының ағартушылық ic-әрекетiнiң мазмұны. Мектеп психологының aғартушьшық ic-әрекетiнiң негiзгi мазмұны. Мектеп психологының ата-аналармен, балалармен жене мұғалімдермен ағартушылық жұмыс жүргiзу ерекшелiктерi.

12 тақырып. Оқу жылы барысында мектеп психологы ic-әрекетiнiң жұмыс жоспары. Психологтың жұмыс кecтeci: апталық кесте және оның мазмұны. Психологтың бүкiл оқу жылына жасалатын тиiмдi жұмыс жоспарын құру.

14 тақырып. Психолог және мектеп. Психолог - мектеп әкiмшiлiгi: бaғыну мәселесi. Тәуелсiздiк пен дербестiк дәрежесi.

16 тақырып. Оқу-педагогикалық қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынастыц негiзгi жолдары. Қарым-қатынастың оқуға әсерінің сипаттамасы. В.Я. Ляудис бойынша оқушы-мұғалім бірлескен іc-әрекетінің тиiмдi жүйесi. Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі бaғыттары және олардың тиiмдiлiгi. Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері.

17 тақырып. Оқу-педагогнкалық ic-әрекеттегі және қарым-қатынастағы "кедергі" ұғымы. Қарым-Қатынас қиындығының жалпы сипаттамасы. Педагогикалық қарым-қатынастың проблемалық аумақтары (этносаралық байланыс мәселесi, жастық, жекедаралық айырмaшылықтар мәселесi, педагогикалық ic-­әpeкеттің өзiн ұйымдастырудың мәселелерi).

18 тақырып. Педагогикалық ic-әрекетгегi коммуникацияньщ психологиялық ерекшелiктерi. Коммуникативтiк процесс және оның құрылымы. Коммуникация деңгейлері. Қарым-қатынас мәнері және оның түрлерi, тыңдау техникасы және екпiнмен сейлеу.

22 тақырып. Педагогикалық қарым-қатынастағы этностық фактордың рөлi. Триандистiң қарым-қатынас моделi мен байланыс мәдениетi. Педагoгикалық қарым-қатынас барысындa мәдени факторлар мен вербалдық және вербалдық емес қарым-қатынас түрлерiн тиiмдi пайдалану.
10.2 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

10.2.1 СӨЖ түрлерінің тізімі (с/б ОКБ негізінде)





Сөж түрлері

Есеп беру

Бақылау түрі

Сағат

Көлемі к/б



1

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

12

2

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды зерделеу

Баяндама

Баяндаманы қорғау

61

3

Бақылау іс-шараларына дайындалу

конспект

МБ 1, МБ 2, емтихан

5

Барлығы:

78

10.2.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне шығарылған тақырыптар
1 тақырып. Мектеп психологының диагностикалық ic-әрекетiнiң мазмұны.

  1. Диагностикалық минимум туралы жалпы ұғым.

  2. Оқушының психологиялық-педагогикалық картасы.

  3. Психологиялық зерттеу барысындағы оқушыны бақылау схемасы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 47-52 б, 2 49-53 б, 3 41-49 б, қосымша 11 24-37 б, 12 51-58 б, 13 53-63 б;

2 тақырып. Оқушылардьщ танымдық қабiлеттерiнің диагиостикасы.

  1. Еңбек қабiлеттiлiгi мен ақыл-ой ic-әрекетiнiң темпiн зерттеуге арнaлған тесттер.

  2. Оқушылардың танымдқ iс-әрекетiнің мазмұндық ерекшелiктерiн зерттеуге арналган әдicтемелер: бастауыш мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;

3 тақырып. Мектеп жасындағы тұлға диагиостикасы.

  1. Тұлға ерекшeлiктерiн зерттеудiц проективтiк әдiстерi.

  2. Жасөспiрiмдiк шақтағы тұлға диагностикасы.

  3. Жоғары сынып оқушыларының кәсiби бaғдарлары мен кәсiби қызығyшылықтарыныц диагностикасы.

  4. Тереңдетiлген диагностикалық зерттеу жөнiнде жалпы ұғым.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

4 тақырып. Мектеп психологының коррекциялық-дамытушылық әpeкeтiнің мазмұны.

  1. Коррекциялық-дамытушылық жұмысты жүргiзуге қойылатын негізгi мiндеттер мен талаптар.

  2. Коррекциялық-дамытушылық жұмысты ұйымдастырудың принциптерi.

  3. Топтық коррекциялық-дамытушылық жұмыстың дәстурлi және дәстүрлi емес түрлерi.

  4. Коррекциялық-дамытушылық жұмыстың бaғыттары мен түрлерi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;

5 тақырып. Мектептегi психологиялық ic-әрекетті жоспарлау.

  1. Психологиялық-педагогикалық iлесудiц маңызды технологиялары.

  2. Iлесудiң негiзгi сатылары және психолог қатысуының түрлерi.

  3. Мектептегi психологиялық-педагогикалық iлесудi жоспарлауға негізгі тұрғылар.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

6 тақырып. Психолог және мектеп: өзара әрекеттесу меселелері.

  1. Қатынастарды құру меселелерi.

  2. Психолог - мектеп әкімшілігі.

  3. Психолог - педагогикалық ұжым.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 81-94 б, 3 96-109 б, 4 65-81 б, қосымша 12 102-116 б, 13 89-117 б, 14 63-97 б;

7 тақырып. Педагогикалық қарым-қатынастың психологнялық негiздерi.

  1. Бiлiм беру барысындaғы бiрлескен оқу ic-әрекетi мен қарым-қатынас.

  2. Өзара әсер етудің жалпы сипаттамасы (субъект-субъектілік өзара әрекет).

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 2 54-68 б, 3 85-92 б, 4 74-95 б, қосымша 12 56-62 б, 13 89-97 б, 14 74-85 б;

8 тақырып. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшелiктерi.

  1. Педaгoгикалық ұжымдaғы қоғамдық ұстанымдар, талғамдар, қызығушылықтар, достық және бірлескен еңбек.

  2. Педaгoгикалық шиеленiстердi шешудiц жолдары.

  3. Ұжымның ынтымақтастығы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 8 254-265 б, 9 145-171 б, 10 174-182 б, қосымша 18 256-267 б, 19 174-182 б, 21 164-178 б.

9 тақырып. Педагогикалық қapым-қатынас өнерiн меңгерудiң әдiс-тәсiлдерi.

  1. Педaгoгикалық қарым-қатынастың операционалдық әдiс-тәсiлдерi: сендiру, елiктеу, жұғy, сәйкестену және т.б.

  2. Педагoгикалық тәжiрибе және қарым-қатнас ерекшелiктерi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 56-63 б, 2 52-61 б, 3 75-82 б, қосымша 11 63-79 б, 12 45-58 б, 13 36-43 б;

10 тақырып. Педагогикалық қapым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған тәжiрибе сабағы.

  1. Педагогикалық қабiлеттерге арналан анкеталарды жүргiзу.

  2. Болашақ мұғалiмдердiц педагoгикалық мәндi қасиеттерiн қалыптастырудa сөйлеу ерекшелiктерiн, қозгалыс темпiн, жүйке жүйесi тиniн және ақыл-ой тездiгiн ескеру.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: негізгі 1 47-52 б, 2 49-53 б, 3 41-49 б, қосымша 11 24-37 б, 12 51-58 б, 13 53-63 б;

11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамасымен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтырылуы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерген жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дерт кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті емтиханды тасыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының кщнсультациясына қатысуы міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыс шайнауға, дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тиім салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында төмендегідей баллдары қойылады:



  • Тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау – 3 балл, сұраққа жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау – 2 балл)

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстары қорғау барысында іске асырылады. Бағалау кезінде көрсеткіштер ескеріледі:

  • Материалды толық меңгеру – 10 (екінші рейтинг кезінде – 13) балл.

  • Сұрақтарға жауап бере алу 4 (5) балл.

  • Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл.

  • Грамматикалық және стилистикалық сауаттылық – 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты баллды шегеруімен (-0,5) жазаланады.



Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 баллмен бағаланады, оның ішінде:

100-90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанда жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырылмаған.



Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсыруымен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әр қайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.

Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша анықталады:

Р1(2)АҮ1 (2)*0,7+МБ1 (2)*0,3

мұндағы Р1, Р2, АҮ – бірінші, екінші рейтингінің, ағымды үлгерімнің

балдары;

РД(Р1+Р2)/2 – (емтиханға жіберілуі)

ҚорытындыРД*0,6+ҚБ*0,4

Егер студент емтиханда Ғ деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомосқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 448 бет.

  2. Жүкеш Қ //Ұлттық психологиясының сипаты:Көмекшi құрал//- Алматы 2009. 345 б.

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Психология = Русско-казахский толковый словарь. Психология : сөздік / Құрас. Е.Арын. - Павлодар : С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008. - 134 б.

  4. Жалпы психология : дәрісбаяндар жинағы / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2008. - 354 б.

  5. Асқаров Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері : оқу құралы / Е. С. Асқаров, Е. Қ. Балапанов, Б. Ә. Қойшыбаев ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. - Алматы : ЖТИ, 2008. - 182 б. - (Информациялық мәдениеттің негіздері). - ISBN 9965-9293-8-6 : 410 т.

  6. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық : ғылыми басылым. Т.5. Гуманистік психология. - Алматы : "Таймас" баспа үйі, 2009.

Қосымша әдібиеттер:

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі педагогика және психология: 4000-ға жуық термин : сөздік. - Алматы : Мектеп, 2009. - 254 б.

  2. Жұмасова К.С. Психология : оқулық / К. С. Жұмасова. - Астана : Фолиант, 2008. - 289 б. - (Кәсіптік білім).

  3. Сарсембаева Г.А. Социология және психология негіздері : сырттай оқу бөлімінін студенттері үшін бақылау жұмыстарының тақырыптары және оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар / Г. А. Сарсембаева ; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (Өскемен), Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2009. - 10 б.

  4. Бондарева Т.Г. Еңбек физиологиясы және психологиясы : 050731 "Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі" мамандығының студенттеріне практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар / Т. Г. Бондарева, Д. К. Омарова, А. М. Рахметова. - Өскемен : ШҚМТУ, 2009.

  5. Сейталиев К. Жалпы психология [Текст] : оқу құралы / Қ. Сейталиев. - Алматы : Білім, 2007. - 359 б.

  6. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С., Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2008.-384 б.

  7. Психология: Энциклопедиялық сөздік. Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-624 б.

  8. -Жарықбаев Қ. Халел Досмұхамедұлы. Психологиялық көзқарастары, Алматы, Арсы-2008.

  9. -Саңғылбаев О.С., Зейінді зерттеу мәселелері. Монография, Алматы-2010.-340 б.


Сыртқы оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Мамандану практикумы 4» пәні бойынша 5В050300 Психология мамандығы бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған
бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы

тапсыру мерзімі

Тапсырманы орындау мерзімі

Бақылау нысаны

1 сабақта

барлығы

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

10

60

1 сабақта

Кесте бойынша

Қатысу

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды зерделеу




30

1 сабақта

Кесте бойынша

Есеп беру

Бақылау шараларға дайындық




10

1 сабақта

Кесте бойынша

қатысу







100









Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. «___»________№_____ Хаттама.


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «___» ___________

(қолы)


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет