Құрастырушылар


Антибиотиктердің бактерия трансляциясына әрекет етуі



бет30/40
Дата26.08.2017
өлшемі7,3 Mb.
#29526
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40

Антибиотиктердің бактерия трансляциясына әрекет етуі

б) Тетрациклин-рибосоманның кіші бөлшегіндегі А-орталыққа әсер етеді, сондықтан да оның кезекті аа-т РНҚ-мен байланысуын бастырмалайды (ингибиторлық әсер етеді).

в) Левомицетин –ПТФ орталықтың белсенділігін бастырмалайды (ингибиторлық әсер етеді).

г) Эритромицин –рибосоманың үлкен бөлшегінің транслокацияға жауапты учаскесіне әсер етіп оны бастырмалайды. Нәтижесінде, жаңадан түзілген пептидил т-РНҚ П-орталыққа өтпей (ауыспай) А-орталықта қалып қояды. Бұл кезекті аа-тРНҚ-ның байланысуына кедергі болады.

Кейбір антибиотиктер–циклогексимид, пуромицин, интерферондар т.б. заттар эукариоттар трансляцияның ингибиторлары болып ақуыз синтезін шектейді.

Мысалы: циклогексимид левомицитин сияқты, ПТФ-орталықты бастырмалайды, бірақ ол бактерияның рибосомасының үлкен бөлшегіне әсер етпей, эукариоттардың рибосомасына (80 S) әсер етеді.

Пуромицин-бактериялар және эукариоттар рибосомасының А-орталығына орналасады да транслокация үдерісін бұзады. Осылайша пуромицин элонгацияны үзіп, қысқа пептидтің синтезделуіне алып келеді.

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Ақуыз биосинтезінің кезеңдері инициация, элонгация, терминация. Амин қышқылының модификациясын альбом бетіне түсіру.



Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау



Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Фолдинг туралы түсінік. Белок биосинтезіндегі шаперонның рөлі.




6. Сабақтың тақырыбы: Фолдинг туралы түсінік. Ақуыз биосинтезіндегі рөлі.

Сағат саны: 90 мин ( 100%)

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту : Студенттерге фолдинг туралы түсініктемені, фолдинг факторларын, фолдинг ферменттерін (протеиндисульфидимераза, пептидилпролилизомераза), шаперондар қызметтерін түсіндіру.

тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.

Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер

Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.

а) техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар, кестелер,

сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.



б) оқыту орны : 413, 427б, 428 бөлме.
Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.С.А.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» - Оқулық.Шымкент – «АСҚАРАЛЫ» баспасы,2008ж.

2.Медицинская биология и генетика / Под. Редакцией Куандыкова Е.У. – Алматы, 2004

3. Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология.Учебное пособие для студентов медицинских вузов – Москва: Наука,2003,544с.

4. Ньюссбаум Р.И.др.Медицинская генетика: учебное пособие / пер.с англ.под.ред. Бочкова Н.П – М.,2010. – 624с.

5. Притчарт Д.Дж.,Корф Б.Р.Наглядная медицинская генетика / пер.с англ.под.ред.Бочкова Н.П. – М.,2009 – 200с.


Қосымша әдебиеттер:

1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004

2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .

3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.

4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.

5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.

6. Пехов А.П. Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.

7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс, 2003.


Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




  1. Фолдинг факторлары

  2. Фолдинг ферменттері

  3. Ақуыз молекуласының III реттік құрылымы

  4. Ақуыз лиганд әрекеттесулері

  5. Молекулалық шаперондар

  6. Протеиндисульфидизомераза

  7. Пептидилпролилизомераза


Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Фолдинг факторларын, фолдинг ферменттерін (ПДИ, ППИ), фолдазаларды, шаперондарды түсіндіру


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

14 мин (15%)


1. Генетикалық код түсініктемесі

2. Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері

3. Ақуыз биосинтезі немесе трансляция

4. Ақуыз биосинтезінің инициациясы

5. Инициация факторлары

6. Инициаторлық кещен

7. Пептидтік байланыстың түзілуі

8. Ақуыз биосинтезінің элонгациясы

9. Транслокация сатысы

10.Трансляция ингибиторлары

11.Ақуыз биосинтезінің терминациясы



Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)

  • Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

Бұл фермент ақуыз молекуласындағы дисульфидтік байланыстардың түзілуін не үзілуін катализдейді. Жасушада ПДИ болмаған жағдайда не болар еді

К.Анфинсен тәжірибесінде РНҚ-азада 8 цистеин қалдығы бар дедік, бұл жұптасқан 4 дисульфидтік байланыстардың 105 нұсқасының қалыптасуына мүмкіндік береді, олардың тек біреуі ғана «дұрыс» байланыстар. ПДИ болмаған жағдайда, кез келген цистеиндар арасында кездейсоқ 4 дисульфидтік байланыстың түзілуі пептидтік тізбекті, табиғи және энергетикалық тиімді формаға сай келмесе де, белгілі бір конформацияда біржолата тұрақтандырған болар еді. К.Анфинсен өз тәжірибелерінде «бұрыс» дисульфидтік байланыстар арқылы ақуыздың «бұрыс» конформациясының тұрақтану мүмкіндігін көрсетті. Ол ортаға екі агентті-зәр қышқылын (әлсіз байланыстарды үзетін) және этанолды (дисульфидтік байланыстарды үзетін) енгізіп РНҚ-азаның денатурациялануын, ал бір мезгілде екі агентті алып тастау арқылы ренатурациялануын, яғни рефолдингтенуін бақылаған. Алғаш тек β-меркаптоэтолды алып тастап, дисульфидтік байланыстардың баяу түзілуі нәтижесінде осы байланыстардың 105 нұсқалары кездесетін ақуыз молекулаларының пайда болғанын байқаған. Осыдан кейін ортадан зәр қышқылын шығару ақуыз молекуласының конформациясын айтарлықтай өзгертпеген, себебі ол дисульфидтік байланыстар арқылы тұрақтанған. Бұл өнімнің РНҚ-азалық белсенділігі 1/105ке, яғни 1%-ға тең болған.

Егер осы ортаға қайтадан β-меркаптоэтанолдың шамалы мөлшерін енгізсе фермент белсенділігі 100%-ға жеткен, яғни ол ақуыз молекуласының «бұрыс» дисульфидтік байланыстарының үзілуіне ықпал етіп, «дұрыс» байланыстардың түзілуіне кедергі келтірмеген. Бұл кезде β-меркаптоэтанол ПДИ қызметін атқарған . Сонымен, ПДИ қатынасуымен қалыптасып келе жатқан ақуыз молекуласында дисульфидтік байланыстардың құбылып өзгеруі (түзілуі не үзілуі) нәтижесінде, байланыстардың кездейсоқ сапырылысуы арқасында ақуыздың ең тиімді энергетикалық және табиғи, нативті құрылымы қалыптасады. Жасушада ПДИ эндоплазмалық тор арнашықтарында кездеседі және ол мембранамен байланысқан рибосомаларда синтезделген «экспорттық», мембраналық және лизосомалық ақуыздардың қалыптасуына қатынасады.

Ақуыздарда кездесетін 20 аминқышқылдарының біреуі, шын мәнінде аминқышқылдарына жатпайды. Ол пролин және оның гидроксилдену өнімі-гидроксипролин. Оның радикалы тек С-көміртек атомымен байланысып қоймай, азотпен де байланысқан. Сондықтан оны аминқышқылы емес, имин қышқылы деп атайды. Пептид тізбегінің пролин аминқышқылы кездесетін жерлерінде не -ширатпа, не β-құрылым түзілмейді, ал тізбек әрлі-берлі майысып, иіліп ілмек пайда етеді. Егер пролин радикалы мен көрші аминқышқылы радикалдары пептидтік байланыстың бетінің әртүрлі жағында орналасса, онда транс конфигурация, ал бір жағында орналасса цис-конфигурация деп атайды.

Пептидтік тізбектің күрт майысып, иілулері болмаса транс-конфигурация тиімділеу болады, себебі көрші радикалдар бір-біріне кедергі келтірмейді. Ал егер, пептид тізбегі күрт майысып, 1800 дейін иілетін болса, цис-конфигурация тиімдірек болады, себебі екі радикалдың екеуі де имектің сыртында орналасады.

Пептидтік байланыс аймағында ППИ ферменті пролин радикалының транс-конфигурациядан цис-конфигурацияға өтуін катализдейді. Бұл кезде пептидтік байланыс уақытша үзіліп, радикал 1800-айналып, пептидтік байланыс қайтадан жалғануы мүмкін.




Пептидилпролилизомераза реакциясы

Шаперондар немесе температуралық шок ақуыздары (Hsp-heat shok proteins) барлық эукариоттар жасушаларында кездеседі. Ғалымдар оларды жеміс шыбынының дене температурасы шамалы ғана градусқа көтерілгенде кездейсоқ анықтап тапқан. Олар жасушада барлық уақытта синтезделінеді, бірақ стресс жағдайларында-дене температурасы көтерілген кезде, оның синтезделу қарқыны өсе түседі.

Шаперондар көптеген маңызды қызметтер атқарады:

1) Жаңадан синтезделген ақуыздардың фолдингін қамтамасыз ету;

-фолдинг үдерісінде «бұрыс» сыртқы әрекеттесулерді болдырмай жаңадан синтезделген ақуыздарды агрегациялаудан сақтандыру;

-«бұрыс» ішкі әрекеттесулерден сақтандыру;

-«бұрыс» әлсіз байланыстарды құбылмалы (өзгермелі) ету;

2) Ақуыз рефолдингін бақылау, яғни бұрын синтезделінген және осыған дейін қалыпты қызмет атқарған ақуыздардың табиғи, нативті құрылымы бұзылған (сәулелену, оксиданттар және жоғары температура әсерлерінен) немесе толық не ішінара денатурацияланған жағдайында, олардың қайтадан фолдингтануын қамтамасыз ету.

3) Ақуыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатынасу. Мысалы, митохондрияларға тасымалданатын ақуыздармен цитоплазма шаперондары байланысып, олардың күні бұрын, митохондрия матриксіне өткенге дейін, фолдингтануін болдырмайды.

4) кейбір ақуыздардың белгілі бір конформациясында (аяқталмаған фолдинг күйінде) болуын қаматамасыз ету. Мысалы, цитоплазмадағы гликокортикоидты гормондардың ақуыз рецепторлары.

Шаперондардың кейбір түрлеріне сипаттама:

Шаперон Gro EL Нsр-60 ақуызы тобына жатады, оның массасы 60 кДа, ал Gro ES массасы 10 кДа тең.



Бұл жүйе бактерия жасушаларында және эукариоттар митохондриялары мен хлоропластарында кездеседі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет