Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
19
М.Н. Эпштейннің пікірі Хализевке жуық болса, Днеп-
ров сияқты ғалымдар романды әдеби тек деп санай-
ды. Б.В. Томашевский де текті үшке бөліп, үшіншісі-
не баяндау жанрларын жатқызады. Зерттеушілердің 
пікірінше, қазіргі әдебиеттануда жанр текке бөлудің екі 
принципін жүйелеуге болады. Кейбірі екі принципті 
де араластырады. Л. И. Тимофеев Аристотельге жуық, 
Г.Н. Поспелов Гуляев, Хализев Гегельге, Белинскийге 
жақын. Қысқасы, үш тек бар екенін түсіну керек. Тека-
ралық формалар (лиро-эпикалық, лиро-драмалық) тек 
болып есептелмейді. Тектен тыс (дәстүрлі емес) фор-
маларға очерк, эссеистика, әдебиеттегі «сана ағынын» 
жатқызуға болады. Әр тектің өзіне тән доминанты, 
мысалы: субъективті-эмоциональдық толғаныс лирика 
тегіне тән доминант, эпос тегіне тән доминант оқиға ту-
ралы баяндау, драма тегіне тән доминант оқиғалардың 
диалогта бейнеленуі болып табылады. Әдебиетті текке 
бөлу мәселесіндегі осындай күрделі теориялық тұжы-
рымдарды қазіргі жаңаша технологиялық құралдардың 
көмегінсіз айқын ұғындырудың мүмкін еместігі белгілі. 
Мәселен, қазіргі жаңаша технологиялық құралдардың 
көмегімен жүзеге асатын әртүрлі ойын тәсілдерін пай-
далану әдістемесі кең тарағанын айтсақ та жеткілікті. 
Сондықтан жанр типологиясын оқытуды ең алдымен 
әдебиеттің текке бөліну проблемасына қатысты теория-
лық тұжырымдарды жіктей түсіндіруден бастауды жөн 
деп білеміз. 
Бұл тұста тектердің шығу тарихын оқытып үйретудің 
мәні де зор. Эпос, драма, лириканың алғашқы қауым-
дық синкретті шығармашылық кезеңінде тууына бай-
ланысты А. Н. Веселовскийдің атақты еңбегі міндетті 
түрде қарастырылады /3/. Әдеби тектердің ғұрыптық 
әннен, хордан туғандығы Веселовскийше дәлелденіп 
түсіндірілгені жөн. Хордағы корифейлер әні-кантиле-
наның ғұрыптық әннен бірте-бірте бөлініп шыққан-
дығы, лиро-эпикалық ән поэзияның алғашқы формасы 
екендігі, сол әннің негізінде эпикалық баяндау қалып-
тасқандығы, хордан лирика бөлініп шығуы, эпика мен 
лириканың ғұрыптық хордан бөлінуі түсіндірілуі тиіс. 
Сондай-ақ драманы хор мен корифейдің реплика алма-
суы деп тұжырымдаймыз. Би мен пантомимаға келе-
келе сөз қосылғандығын да пайымдаймыз. Дегенмен,
Веселовский теориясында эпос пен лириканың ғұрып-
тық әрекеттерге тәуелсіз қалыптасқандығы ескерілме-
гендігін зерттеушілердің пікіріне сүйеніп бағамдаймыз.
В.Е. Хализевтің пікірінше, мифологиялық ертегілер 
хордан тыс пайда болды. Ғалым мифологиялық ертегі-
лердің тууына тайпа өкілі әңгімесін негіз етіп алады. 
Лирика да ғұрыптан тыс пайда болғандығын, тұрмыс-
еңбек қарым-қатынастарынан туғандығын пайымдай-
ды. Демек, әдеби тектердің тууының әртүрлі жолдары 
болды. Соның бірі ғұрыптық хор екендігі дәйектеледі. 
Л.В.Чернец «Литературные жанры» деген еңбегінде 
Г.В.Гегельдің жанрлық теориясын тектердің шығу тари-
хына қатысты пайымдайды /2/. Л.В.Чернецтің пайым-
дауынша, Гегель теориясындағы субстанция өнердің 
ақиқат, ақылға сыйымды мазмұны десек, субъект – жеке 
адамның іс әрекетінен тұратын мазмұн екені түсінікті 
болуға тиіс. Субстанцияның мәні – қоғам және жеке 
адам – мазмұндық жіктелудің критерийі болып табы-
лады. Гегельдің өнер туралы концепциясында жанрдың 
мазмұны, коллизия мен характер типтері, роман мен 
сатирадағы коллизия, «ғасыр геройы» мәселесі қарас-
тырылып, Гегельдің саяси консерватизмі айқындалады. 


20
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
21
Гегель теориясын В.Г.Белинскийдің дамытқаны 
белгілі. В.Е. Хализев В.Г.Белинскийдің еңбегінде
ХVІІІ-ХІХ ғғ. романдарында жеке адам мен қоғам ара-
сындағы қарым-қатынастардың сипатталғандығын, со-
циалистік реализм әдебиетіндегі романтиканың жаңа 
типті коллизиясы пайда болғандығын, жанр тарихын 
жеке тұлғаның дамуымен байланыстырғандығын ба-
ғалай келіп, оның тұжырымдарының гегельдік жанр 
типологиясымен ұштасқандығын тұжырымдайды. 
Сондай-ақ, зерттеушілер В.Г.Белинский пайымдары-
ның Гегельмен ортақ сипаттарын ашады. Шығармашы-
лықтың субъективтілігі, жанрларды мазмұны бойынша 
ажыратудың Гегель, Веселовский концепцияларына тән 
екендігін айқындайды. Жалпы, Веселовский теориясы-
ның Гегель теориясынан өзгешелігі тектердің айыр-
машылығын ажырата алмағандығымен түсіндіріледі. 
В.Г.Белинский Өрлеу дәуірін жеке адамның рухани 
күрделенуіне, тұлғаның бостандығын оқшаулап көрсе-
туіне қатысты қарастырғанын айқындап, Гегель теория-
сын өрлеу фонында көрсетіп, толықтырады.
Әдеби тектерге жеке тоқталатын болсақ, эпос грек-
ше сөз деген ұғымды береді. Эпос кейіпкерлер тағды-
ры, олардың іс-әрекеті, көңіл-күйі, сюжетке негіз бола-
тын өмірлік оқиғалары туралы баяндау екендігі мәлім. 
Эпоста баяндау өткен шақта айтылады. Баяндау 
телімдері әдебиетте әртүрлі қолданылатындығы да 
белгілі. Баяндау кең мағынада алғанда шығармадағы 
пейзаж, жағдай, кейіпкерлердің келбеті, көңіл-күй-
лерінің суреттелуі, тілдік бейнелеу, қайталаулар, ав-
тор сөздері, диалог пен монологтар, ішкі сөздер болып 
табылады. Сондықтан эпикалық шығармада баяндау 
доминант болады. Баяндау латынша наррация деп ата-
лады. В.Е. Хализев еңбегінде баяндау дискурсының 
мәтіндік талдауға негіз болатындығы туралы пайымын
француз структуралисі Ж. Женнеттің пікіріне сүйеніп 
тұжырымдайды /1/.
Зерттеушілердің пікірінше, уақыт пен кеңістікте өмір 
шындығы еркін және көркемдік құралдар арсеналы 
арқылы игеріледі. Оның мысалдары: «Махабхарата», 
«Одиссея», «Соғыс және бейбітшілік», «Сага о Форсай-
тах» (Дж. Голсуорси), У. Фолкнер трилогиясы, «Абай» 
эпопеясы, «Қан мен тер» трилогиясы т.б. 
Эпикалық шығармада басқа өнер түрінде болмай-
тын кейіпкерлер саны, оқиғалар, тағдырлар, детальдар 
болуы мүмкін. Баяндау формасы тұрғысынан алғанда
эпикалық шығармада адамның ішкі жан әлеміне терең
суреттеледі. Эпикалық шығармада қалыптасу үстіндегі 
күрделі характерлердің сомдалатындығы белгілі. Ендігі 
бір мәселе – эпос тегіне тән мүмкіндіктердің барлық 
баяндау түрлерінде бола бермейтіндігі. Эпос өмірді 
көркемдік тұтастықта суреттейді, дәуірлік шындықты 
ашады. Эпостық шығармашылықтың бірегейлігі мен 
ауқымдылығын, эпикалық жанрдың табиғатын ашуда
теориялық анықтамаларды түсіндіруде алдын-ала әзір-
ленген көрнекі құралдарды пайдалану арқылы игерту 
жолдарын қарастыруға болады. Олар: диаграммалар, 
ұяшықтар, сызбалар т.б. екені мәлім.
Осы негізде XIX-XXғғ. әдебиетіндегі баяндаушы-
кейіпкер мәселесінің шындыққа көзқарастар сапасы-
ның әрқилылығы мен бағалаушылық бағдары тұр-
ғысынан қарастырылуы маңызды. Үшінші жақтан 
баяндаудағы автор мүмкіндігі: ұстанымы, өз пайымы 
мен бағасы, автордан өзге «мен» болуы, «Мен» әңгі-
меші, А.С. Пушкин «Капитан қызындағы» Гринев, 


22
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет