Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
удк
ббк
ISBN
© Әбдіқұлова Р., 2015.
© «Дәстүр», 2015.
© «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
с 21
ЖАНР ЖӘНЕ
ШЫҒАРМА
I бµлiм


4
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
5
Жанртану негіздері
Ж
анр (француз сөзі-genre, латынша-generis) тек, 
түр деген ұғымды беретіні белгілі. Жанр – та-
рихи категория. Жанрдың тарихи тамырлары әріде 
жатқандығы көркем әдеби дамудың үздіксіздігін ай-
қындайды. Көркемсөз туындыларының ерте кезден 
эпос, драма және лирика деп аталатын ірі үш текке 
бөлінгендігі белгілі болды. Бұл Сократ, Платон пайым-
дарынан айқындалады. Аристотель Гомердің өз атынан 
сөйлеуінің мәнін айқындайды. Сөйтіп, Қайта Өрлеу 
дәуірінде Аристотель триадасы нақтыланады. 
Жанр мәселесі ұлттық әдебиетіміз ауқымында кеңі-
нен талданады. Қазақ әдебиеттануының негізін қалау-
шы А. Байтұрсынов шығарма мазмұнының төрт түрін 
көрсетеді: «1. Жай сөйлеу түрде. 2. Сөйлестірген түрде. 
3. Хат түрінде. 4. Аралас түрде.» /1,345/. Тарихи-сабақ-
тастық принципінің, жанрлық жіктелу дәстүрінің ұлт-
тық әдебиетіміздегі көрінісі Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, 
Р. Нұрғалиев, Р. Бердібаев, Е.Лизунова, М.Дүйсенов, Ы. 
Дүйсенов, З. Ахметов, М. Атымов, Ә. Нарымбетов, Н. 
Уахатов т.б. зерттеушілер көзқарастары негізінде ай-
қындалады. Мәселен, Қ. Жұмалиев әдебиеттің тегі мен 
жанрын бір ұғым деп түсіндіріп, эпостық жанр, лири-
калық жанр, драмалық жанр деп атау ұғынықты екенін 
атаса, З. Қабдолов тек пен түрді «жанр» ұғымымен 
мәндес деп түсіндіреді, ал Р. Нұрғалиев жанр тудыра-
тын элементтер қатарына сюжет түзілісін, композиция, 
тақырып, поэтиканы, шығарма идеясы мен мазмұнын 
ашатын көркемдік құралдарды жатқызуға болатынын 
аңғартады./2,128-138;/ Сондай-ақ, әралуан поэзия, про-
за, драма жанрларының поэтикасын талдайтын ұжым-
дық еңбектер 1968, 1971 жылдарда жазылды./3; 4;/ 
Әдебиет теоретигі В. Е. Хализев лирикада (дифи-
рамба) ақын өз атынан сөйлеуі және шығарманы кейіп-
керлердің пікір алмасуына құруы, ақын сөздерінің
кейіпкерлер сөзіне араласпауы трагедия мен коме-
дияға тән болуы жөніндегі, өз сөзін кейіпкерлер сөзі-
мен біріктіруі әрі арасында өз атынан сөйлеуі эпосқа 
тән екендігі жөніндегі Сократ пайымдары Платонның 
«Мемлекет» деген еңбегінде тұжырымдалғанын па-
йымдайды./5,308/. Аристотельдің «Поэтика» еңбегін-
дегі пайымдарының осыған ұқсастығы танылады. Л. И. 
Тимофеев текті композициялық ерекшеліктеріне қарай 
ажыратады. Жанрды тек деп түсіндіреді, ал жанрлық 
формаларды «вид» деп атайды. Ол үш түрлі тек (жанр) 
бар деп: 1. лиро-эпикалық жанр 2. көркем-тарихи жанр 
3. сатира. Эльсберг те сатираны өзінше текке жатқы-
зады. Н.П. Утехин – түрше (вид) дегенді айтқан. Б.В. 
Томашевский «Поэтика литературы» (М,1989) деген 
еңбегінде композиция құраушы тәсілді доминант (бас-
ты) ретінде қарастырады. Доминанттар жиынтығы – 
жанрдың құрылуының айқындау сәті деп санайды. Бұл 
да үшке бөледі: 3-шісі баяндау жанрлары. М.Н. Эпш-
тейннің пікірі Хализевке жуық болса, Днепров сияқты 
ғалымдар романды әдеби тек деп санайды. Б.В. Тома-
шевский де текті үшке бөліп, үшіншісіне баяндау жанр-
ларын жатқызады. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі 
әдебиеттануда жанр текке бөлудің екі принципін жүйе-
леуге болады./6, 95/ Кейбірі екі принципті де араласты-


6
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
7
рады. Л. И. Тимофеев Аристотельге жуық, Г.Н. Поспе-
лов, Н. А. Гуляев, В. Е. Хализев Гегельге, Белинскийге 
жақын. Қысқасы, үш тек бар екенін түсіну керек. Тека-
ралық формалар (лиро-эпикалық, лиро-драмалық) тек 
болып есептелмейді. Тектен тыс (дәстүрлі емес) фор-
маларға очерк, эссеистика, әдебиеттегі «сана ағынын» 
жатқызуға болады. Әр тектің өзіне тән доминанты, 
мысалы: субъективті-эмоциональдық толғаныс лирика 
тегіне тән доминант, эпос тегіне тән доминант оқиға 
туралы баяндау, драма тегіне тән доминант оқиғалар-
дың диалогта бейнеленуі болып табылады. Жанр типо-
логиясын зерттеушілер әдебиеттің текке бөліну проб-
лемасына қатысты теориялық тұжырымдарды жіктей 
түсіндіруден бастауды жөн деп санайды. Дегенмен, тек 
пен түр жайлы пайымдардың үндестігі де байқалады. 
Халық прозасын сөз еткен С. А. Қасқабасов жанр – шы-
ғармадағы сюжеттің берілу, өрілу тәсілі дей келіп, сю-
жет ауыз әдебиетінде тұрақталу керек, содан соң ғана 
шығармаға айналып, жанры айқындалады деген пікір 
айтады./7, 11/. Ал, әдеби жанрлардың үздіксіз дамуы, 
жаңғыруы, сабақтастығы туралы «жанрлық жад» тура-
лы ой түйген орыс ғалымы М.М. Бахтин: «Литератур-
ный жанр по самой своей природе отражает наиболее 
устойчивые, «вековечные» тенденции развития литера-
туры. В жанре всегда сохраняются неумирающие эле-
менты архаики» /8,121/.
Жанр мәселесін әлеуметтік тарихи тұрғыдан қарас-
тыру қажеттігі белгілі. Орыс ғалымы Л.В. Чернец «Ли-
тературные жанры» деген еңбегінде жанрлық жіктеу 
жасаудағы мақсат – жанрлар арасындағы сәйкестікті 
табу екенін, жанрлық типологияда ең маңызды мәсе-
ле – әртүрлі әдеби кезеңдердегі жанрлық жүйе арасын-
дағы байланысты табу, әдеби процестегі қалыптасқан 
әдеби белгілерді айқындау екенін көрсетеді /9, 132/. 
Романтизм мен реализм дәуіріндегі жанрлық жүйенің 
қайта құрылуы – әдеби сабақтастықтың көрінісі. Әсі-
ресе, реализм жанрлық нормалардың өзгеруіне әке-
леді. Жанрлардың дамуындағы сабақтастық мәсе-
лесін, типологиялық белгілердің тарихи қайталанып 
отыруын әдебиеттанушылар қоғам өмірімен байла-
ныстыра қарастырады. Зерттеушілер Аристотельдің 
ой-толғауларын, Гегель мен В.Г.Белинскийдің, А.Н.Ве-
селовскийдің жанрлық типологиясына тарихи тұрғы-
дан қараған. Зерттеуші А. Ісімақова: «Методологией 
исследования жанровых предыстоков прозы явились 
работы теоретиков историко-генетического направле-
ния русского литературоведения – А. Н. Веселовского, 
О. М. Фрейденберг, В. Я. Проппа, М. М. Бахтина, Е.М. 
Мелетинского и др.» – деп жазады/10,155/. Олардың ең-
бектеріндегі құндылықтар пайымдалады. Гегель мен А. 
Н. Веселовскийдің концепцияларындағы басты проб-
лема – көркемдік форманың жанрлық ерекшелігі. Л.В. 
Чернецтің еңбегінде бұл мәселе ары қарай марксистік 
негізде қалай дамытылғаны кеңес әдебиеттануындағы 
жанр теориясын терең сабақтау негізінде түсіндіріледі. 
Кеңес әдебиеттануындағы жанр теориясының мәні мен 
маңызы Ю.Н.Тынянов, М.М.Бахтин, В.Д.Сквозников, 
Г.Н.Поспелов т.б. еңбектері мен көзқарастары негізін-
де айқындалады. Автор батыс әдебиеттануында жанр 
мәселесіне қатысты концепциялар әрқилы екенін айта 
келіп, бұл әртүрлі концепцияларды салыстыра қарау 
мәселені түсіндіруде пайдалы ғана емес, методология-
лық көзқарас тұрғысынан кеңірек зерттеуге жол ашаты-
нын тұжырымдайды. Жанр мәселесі сөз болғанда әдеби 


8
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет