Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №2 13. 09. 12



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5775
1   2   3

Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі. Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы - берілген топқа немесе нысаналы әсер етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдсрі мен құралдары қолданылады: "Былай істеу керек", "Барлығы осылай істейді" т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады: а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін; б) болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орныктыру үшін.

Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.



Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың (беседа) әңгімеден айырмашылығы - сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты - адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға "ізінше" немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.

Этикалы сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:

1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.

2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

3. Сұхбатты дәрісбаянға айналдыруға болмайды.

4. Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

5. Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік — тәрбиеленушінің оңды шешімге өзбетімен келуіне арқау.

Тәрбиеленушілермен өткізілетін жеке этикалы сұхбат тәрбиешінің жоғары кәсіптік деңгейін керек етеді. Мұндай сұхбат кезінде психикалы тосқауыл туып кетпеуі лазым. Егер тәрбиеші жеке сұхбаттасуға жан-тәнімен мән берсе, онда оның үлкен табысқа жететіні сөзсіз.



Пікірталастар - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.

Пікірталас негізі - бұл пікір сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді. Пікірталас мақсаты — белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы - балаларды процеске қосу әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, логикалы дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете білуге көмектеседі.

Пікірталас - қиын әдістердің бірі және ол педагогтан жоғары кәсіби біліктілікті, білімділікті талап етеді. Басқаларды үйрету үшін тәрбиешінің өзі алдымен, шебер ұйымдастырылған пікір сайыстар мектебінен өтуі керек.

Өнеге-өрнек — өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.

Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды. Еліктеу - жеке адам әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады.

Өмірде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылардың назарын адамдар өміріндегі теріс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және орынды келтірілген мысалдар тәрбиеленушінің теріс қылықтардан аулақ болуына көмектеседі.

Әрине, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Тәрбиеші өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін мысал етудің оңды әсері ұлғая түседі.


13 Отбасы тәрбиесінің негіздері.

1. Отбасы тәрбиесіне сипаттама.

2. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері.

Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.

Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.

Отбасының негізгі міндеттері:



  • баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;

  • балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

  • өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;

  • баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

  • өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;

  • балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;

  • балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;

  • талап қоюда жүйелік жасау;

  • өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.

Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.

Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:



  • еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;

  • еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;

  • еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

  • шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;

  • еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;

  • еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;

  • еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;

  • баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;

  • еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;

  • күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.

Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл-мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие - әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту.

Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.


14 Оқушылардың ғылыми дүниетанымның мәні.

1. Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні.

2. Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

Дүниетаным – адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы.

Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын пәндер негізінде таниды.

Дүниетанымында адамның сенімі мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім деп – терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан да адам өмірін тұтас түгел қамтиды, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптастыру оларды осы замаңғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мекпеттің оқу-тәжірибе учаскелерінде оқушылардың өңдірістік бригадасында жұмыс істеп жүріп өсімдіктердің даму процесін меңгереді.

Физика, химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың сырын танып біледі.

Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге болады; әдебиет – адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, жаңа өмірге табанды тәрбиелейді.

Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар:

1. Адамның материалдық жағдайы.

2. Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары жатады.

3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.

Бұлар жас өспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.


15 Сынып жетекшісінің қызметі.

1. Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі.

2. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу маңыздылығы және оның жолдары.

3. Сынып жетекшісінің тәрбие жолдары

4. Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:

1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жаңұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс әралуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.


  1. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қаоастыру.

Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие процесіндегісынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі.

Сынып жетекшісі сыныпты тұнғыш рет қабылдай отырып, оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуді жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында олардың таным процестерін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшеліктерін, белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық климаттың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды.

Сыныпты жаңадан қабылдап қалғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысқаннан кейін, өзінен бұрынғы жетекші немесе бастауыш сынып мұғаліммен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының қандай нәрсеге қызыға қарайтының, қандай нәрсеге икемі барлығын зерттеп біледі.

Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, жанұядағы туыстармен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.

Ендегі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылы бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып, талдап отырады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.

Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінекн ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басың қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбіршілігі, белсенділігі, жауапкершілігі т.б.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйеді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезені. Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар – ұжымның ұйтқысы.

Сыныпта қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеунің маңызы. Ерекше өзін-өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.




    1. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

1. Тәрбие теориясы мен әдістемесінің пәніне кіріспе.

2. Ұстаз тұлғасы.

3. Тәрбие процесіне түсінік.

4. Тәрбие процесінің заңдылықтары.

5. Тәрбие процесінің әдістері.

6. Тәрбие процесінің принциптері.

7. Ұжым және тұлға.

8.Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.

9. Ұстаз бен оқушылар арасындағы тартыстың туындау себептері.

10.Этикалық тәрбие.

11.Эстетикалық тәрбие.

12.Дене тәрбиесі.

13.Отбасы тәрбиесі.

14.Адамгершілік тәрбиесі.



15. Сынып жетекшісінің қызметі.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет