Реферат «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет3/9
Дата01.05.2020
өлшемі25,63 Kb.
#65266
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат-Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі Астанада

Тарихи күн

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парижде сөйлеген сөзінде бұл күнді «тарихи күн» деп атаған болатын. Сол уақытқа тағы бір оралсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ол күндері Францияда сапармен болды. ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда өтетіндігі жөнінде шешім қабылданғанған сәтте Президент ел халқына құттықтауын Парижден жолдады. Елбасы барша қазақ­стандықтарды зор жеңіспен құттықтап, енді біздің алдымызда ЭКС­ПО-2017 көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұрғанын жеткізді. «Бұл еліміз үшін сынақ қана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді. ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлық­тың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптас­қаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшін­шіден, біздің «Болашақтың энер­гиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз же­ңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі», деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабыл­дауына қатысты. Мемлекет басшысы іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылданғаны үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын айтты. Президент келем деу­шілердің барлығын қазақ қонақжайлылығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет