«Қазақ тілі» пәні бойынша «Жаңа сөз ойла»



бет1/5
Дата04.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#156520
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
дидактикалык ойын
Есж дискретка

Әр баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы әрекеті бұл – ойын. Ойын арқылы бала өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп, білдіруге мүмкіндік алып, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Оқыту барысында балалардың жеке басының қасиеттерін, мінез-құлқын, ойлау қабілеттерін ойын арқылы түзетуге, дамытуға болады. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындарды қолдана білу керек. Дидактикалық ойындар тәрбиелеудің аса маңызды құралының бірі болғандықтан, ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс-әрекетте пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік дағдыларымен қарулануға, ақыл-ойының дамуына, танымдық белсенділігінің арттыруына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.
Төменде арнайы түзету мектебінің бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Дидактикалық ойындар балалардың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай жас шамасына лайықты түрде, жүйемен топтастырылды. Әр пән бойынша ойын түрлері көрсетілді. Дидактикалық ойындардың жинағы оқыту нәтижесі ұтымды болуы үшін және балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында жинақталды.


«Қазақ тілі» пәні бойынша


«Жаңа сөз ойла»
Мақсаты: «А» дыбысы бар сөз ойлату, сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: қоржын, асықтар.
Ойынның барысы: Балалар «А» дыбысынан басталатын сөздер ойлайды.
«А» дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, соған асық беріледі. Асығы көп бала жеңімпаз атанады.


«Орамал тастамақ»
Мақсаты: өткен дыбыстарды қайталау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Көрнекіліктер: орамал, кеспе әріптер.
Ойынның барысы: Ойын кезінде өтілген дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта мұғалімге лақтыру керек. Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет