Реферат Бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі84,19 Kb.
#97634
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жер ресурстары.Топырақ эррозиясы.Жерді рекультивациялау, мелиорациялау.
8 ИСМ И-067-2017 Инструкция по общим требованиям и управлению средствами индивидуальной защиты
I.Негізгі бөлім:
1. Жер ресурстары.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) шеңберінде әзірленген «Жаңа мыңжылдықтағы Қазақстанның жер-су ресурстары» шолу деректеріне сәйкес Қазақстанның республика аумақтарында 39 мыңға жуық өзен мен уақытша су ағындары бар оның ішінде, 7 мыңнан артығының ұзындығы 10 км жоғары. Көлдер өте көп, олардың саны 48 мыңға жуық ал, беткі судың жалпы аудандарының 45 мың км2 құрайды. Негізгі су сақтағыштарының (көктемгі ағысмты ұстап тұруға есептелген тоғандар мен кіші су сақтағыштар есебінсіз) бірлігі 95,5 кмтереңдікте 200 ден көп есептелген. Қазақстанның ауыл шаруашылығы аймақтарының біршама кең көлемін қызғылт қара қоңырлы және қызғылт қоңырлы топырақтың құрғақ далалы аймақтар алып жатыр. Құрғақ далалы аймақтың жалпы ауданы 62,4 млн га немесе республика аймағының 22,9%-ын құрайды.


Ашық қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы қызғылт топырақты аймақтың ең оңтүстік бөлігінен – шығысында Алтай мен Тарбағатай тау бөктерлеріне дейін батысында Каспий маңы ойпатының шегінен солтүстік шөлде сұр-қоңыр топырақпен ауысып ұласуда.
Шөлейтті аймақтың ақшыл-қызыл топырағының жалпы ауданы 31,2 млн га құрайды. Ауыл шаруашылығына белгіленген жерлердің құрамында ашық-қызғылт топырақ 10,0 млн га (32,1% аймақ) құрайды.
Ашық-қызғылт топырақтың шөлді далалы аймағы ауыл шаруалығының қосалқы шаруашылығы мал шаруашылығына (негізінен жем-шөп дақылдарын өндіруге арналған) бейімделген. Барлығы 49,0 мың га оның ішінде, 8,5 мың га суармалы егістіктер бар.
Қоңыр және сұр-қоңыр шөлді аймақтар топырағы Қазақстанның кең биоклиматтық аймақтарының оңтүстік кезеңі болып табылады. Ол батыстан шығысқа қарай кең көлеммен 2800 км және 850 км дейін созылып жатыр. Бұл ауданы бойынша республика аумағының 112,1 млн га немесе 41,1%-ын алып жатқан ең көлемді табиғи аумақ болып табылады.Ауыл шаруашылық санатына берілген жерлердің 86%-ы барлық қара топыраққа ауыл шаруашылыққы қатысты біршама құнды қызғылт қара қоңырлы топыраққа – 76% және қызғылт қоңырлы топыраққа – 58%. Республиканың 85%-дан жоғары бөлігі егістік жері орманды далалы, далалы және қуаң далалы аймақтарда орналасқан. Егістік жер аймақтарының бір пайыздан астамын орман далалы, шөл және шөлейт жерлері құрайды.2016 жылдың соңына қарай бүлінген құрылыс барысында өндірістік объектілерді желілік құрылыстарды және басқа да кәсіпорындарды, кен орындарын игеру кезінде пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 247,7 мың га жер бүлінген деп есептеледі.Аймақтық тұрғыда ең көп бүлінген жерлер саны үш облыста орналасқан, Маңғыстау облысында 78,4 мың га және қалпына келтірілген 3,6 мың га, Қарағанды облысында 45,1 мың га және 10,6 мың га тиісінше және Қостанай облысында 37,8 мың га және 13,7 мың га тиісінше қалпына келтірілген. Жалпы республика аумағында бүлінген жерлері бар өндірістер мен ұйымдардың 3527-сі есептелінеді.2016 жылы өзендер мен бастаулардың аудандары 0,5 мың га ұлғайды ал, көлдердің астында 0,9 мың га, жасанды су қоймалар астында 0,2 мың га азайды. Бұл өзгерістер аудандарды нақтылау нәтижесінде жүзеге асырылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет