Реферат «Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі»



бет3/3
Дата26.09.2022
өлшемі120,84 Kb.
#150848
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
1. БОӨЖ биофиз
ҚМЖ, Exam Question Template (копия) (копия), Дәріс â„–14, 4-топ
Иондық каналдар
Иондық каналдар – клетканың мембранасындағы ірі ақуыздық молекулар және молекула үстінде орналасқан липопротеидты құрылымдар. Олар мембрана арқылы иондардың клеткадан сыртқы ортаға және кері қарай өтуін қамтамасыз етеді.
1972 жылы Синджер мен Николсон биологиялық мембрананың моделіне сәйкес биологиялық мембрана сұйықтық– мозаикалық құрылымды. Сұйық фосфолипидты мембраналық қабатта ақуыз молекулалары жүзіп жүреді. Иондарды каналдар арқылы трансмембранды тасу –организмде болатын барлық биоэлектрлі құбылыстардың бастауы.
Мембрананың өтімділігі әртүрлі заттар үшін липидтердің зарядталған бастарында туындайтын, мембранаға көбінесе теріс заряд беретін беттік зарядқа тәуелді. Бұдан мембрана-су шекарасында сол белгідегі фазааралық потенциал, мембранадағы заряд туындайды. Потенциалдың бұл шамасы мембрана мен ионды байланыстыратын үрдістерде үлкен роль атқарады.
Егер мембранада иондық каналдар бар болса, иондардың тасымал жыдамдығы анағұрлым артады. Әсіресе калий, натрий, кальций каналдары кең таралған. Сонымен қатар иондық каналдар селективті қасиетке ие болады, яғни әртүрлі иондар үшін өтімділігінің шамасы әртүрлі болады. Әрбір канал ионның тек бір түрін ғана тасымалдайды, мысалы, натрий каналы– натрий иондарын, калий каналы– калий иондарын. Катионды канал арқылы аниондар өте алмайды немесе керісінше. Негізгі ион сияқты сол белгідегі иондар үшін канал абсолютті селективтілікке ие бола алмайды, өзі сияқты белгідегі басқа иондар үшін каналдың өткізгіштігі төмен, бірақ нолден өзгеше болады.

Пайдаланған әдебиет
КөшеновБ. Медициналық биофизика: оқулық Алматы 2008 ж
Канкожа М.К Қозғағыш ұлпалар физиологиясы. Алматы,2004.
Арызханов Б. Биологиялық физика,Алматы, 1990






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет