Реферат Инклюзивті білім беру Орындаған: хтипгк-221 тобының студенті Тилеухан Аймерей Тексерген: Зуркарнаева. Ж. А 2023 жыл



Дата20.12.2023
өлшемі61,75 Kb.
#197948
түріРеферат
Байланысты:
Реферат
Әбдісәмет Д пед слайд7 (1) (1), Білім беру мазмұны оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

Реферат
Инклюзивті білім беру


Орындаған: ХТИПГК-221


тобының студенті Тилеухан Аймерей

Тексерген: Зуркарнаева.Ж.А

2023 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Инклюзивті білім беру
2. Инклюзивті оқыту
3. Инклюзивті окытудың принциптері
4. ҚР инклюзивті білім беру
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үдерісіне толық қосылуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:


Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу жене әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті (франц. inclusit - өзіне енгізетін, лат. include - ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру - жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылықты мен ауытқұлары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында, тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнін жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізіледі), уакытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқұлары бар 1-2 бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар керсетеді) болады.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген тендік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Осы бағыт балаларды оқытуда жетістікке жетуге ыкпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазакстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналык-педагогикалық түзетуге ыкпал ету туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазакстан Республикасының Заңдарында, Қазакстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп еміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдын 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тен құқығын аныктайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке алаотырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АКШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесініндамуы туралы ресми дерек Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы онын мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
1. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
2. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
3. Барлық адам бір-біріне қажет.
4. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінін даму аясын кеңейтеді.
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінін дамуы туралы ресми дерек
Қазакстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бүл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санынын 14%-ын құрайды. Бұдан баска, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттаты балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мумкіндігі шектеулі балалар үшін оналту орталыктарында, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету педагогикалық қолдау керсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет керсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық белмелерде арнайы құралдар орнату тұтқалармен арнайы парталармен үстелдермен және басқа да арнайы копэмпенсаторлық құралдармен жабдықтар арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорға олардың қоғамен араласатын қолдан келгенше жағдай жасайтын болады.
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпына білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазакстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медицина педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмы заңда инклюзивті білім берудін негізгі принциптері айқындалды.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет