Реферат пән : "История права зарубежных стран"


Классикалық құқықтан кейінгі кезең



бет3/4
Дата20.11.2023
өлшемі30,05 Kb.
#192387
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат Рим жеке құқығы дамуының негізгі кезеңдері.

6. Классикалық құқықтан кейінгі кезең
Классикалық құқықтан кейінгі кезең – б.з. 230-527 ж.ж.;
Бұл кезеңнің заңын көбінесе Рим құқығының классикалық кезеңі. Осы кезеңдегі заңгерлердің әдеби және практикалық жетістіктері Рим құқығына өзінің ерекше формасын берді. Құқықтанушылар әр түрлі функцияларда жұмыс істеді: олар жеке тараптардың өтініштері бойынша заңды қорытындылар берді. ... Сондықтан жарлық кейінгі классикалық заңгерлердің кең құқықтық түсіндірмелеріне негіз болды Паулус және Ульпиан. Классикалыққа дейінгі және классикалық заңгерлер жасаған жаңа тұжырымдамалар мен құқықтық институттар бұл жерде өте көп. Мұнда тек бірнеше мысалдар келтірілген: Рим заңгерлері затты пайдалану (иелік ету) заңды құқығын затты пайдалану мен иелену (иелену) фактілік қабілетінен нақты бөлді.
7. Юстиниан дәуіріндегі құқық
Юстиниан дәуіріндегі құқық – б.з. 527-565 ж.ж.
Империяны нығайтуда Юстиниан кезінде Рим заңдарының бір тұтас бірігуінің (кодификация жасалынуының) зор маңызы болды. Қоғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер, өнім өндірудің құл иелену-шілік дәуірдегі әдістерінің іріп-шіруі және VI ғасырда империяда феодалдық құрылыстың пайда бола бастауы — ежелгі праволық нормалардың қайта қаралуын қажет етті. Аса кернекті юристерден құралған комиссия қысқа мерзім ішінде (528—534 жылдар аралығында) Римнің заң ғылымдары жиынтығының (юриспруденциясының) аса бай мұрасын қайта қарау жөнінде ұшан-теңіз жұмыстар істеді және «Азаматтық праволар жинағын» жасап шығарды. Ол алғашында үш бөлімнен тұратын: 1 Юстинианның «Кодексі—Рим императорларының (Адрианнан бастап Юстинианға дейін) түрлі азаматтық істер жөнінде қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық жинағы. 2. «Дигестер» немесе «Пандекттер»— Римнің атақты юристердің ең бір құнды пікірлері топтастырылған 50 кітаптық жинақ. 3. «Институциялар» — бүкіл Римдік азаматтық праволар жөніндегі осынау заңдар жиынтығына кіріспе сөз тәрізді қысқа ғана жетекші құрал іспесті. /4/

534 пен 565 жылдар арасында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы «Азаматтық праволар жиынтығының» төртінші өлімі ретінде құралды да, ол «Новеллалар» деп («Жаңа ар» деген мағынаны береді) аталды. «Новеллаларда» заңдық ойлар классикалық Рим праволарының шеңберіндегідей қысымның аздау болған сол кезеңнің қажетін ескеріп


алғаны байқалады. УI ғасыр заңдарында, сол кезеңдегі бүкіл қоғамдық өмірде-тәрізді ежелгі құл иеленушілік дүние мен жаңадан туындап келе
жатқан феодалдық құрылыс арасындағы тартыс айқын аңғарады. VI ғасырда Византияда құл иеленушілік құрылыс әлі жойылып бітпегендіктен, «Азаматтық праволар жинағына» есік правоның арқау болуы орынды еді. Юстиниан заңдарының консерватизмдігіне басты себеп те осы еді. Алайда сонымен бірге бұған коғамдық өмірдегі түбегейлі өзгерістер де өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Юстиниан заңдарының әлеуметтік саяси идеяларының негізгі арқауы — патшаның — «құдайдың жердегі өкілінің»— үстемдігіне шек қойылмау идеясы және мемлекет пен христиан шіркеуінің одағын сақтау, олардың артық-
шылығын қорғау, дінге еріктіліктен бас тарту және пұтқа табынушылар мен діннен безгендерді дудалау идеялары болатын.
Юстиниан заңының (әсіресе «Кодекс» пен «Новеллаларда») әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар саласында жаңадан енгізген өзгерістері заң күшіне енді: латифундиялық (ірі иелері) шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауына байланысты құлдарға пекулия беру ісіне кеңшілік туды, құлдардың басына еркіндік алуы жеңілдеді. Құлдардың заң бойынша қожасының келісімінсіз-ақ бас бостандығын алу жағдайлары көбейді. Юстиниан заңында колонат тәрізді институттардың заңға айналуының зор мәнісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет