Реферат Пән: Ғылыми зерттеудің әдістерімен ұйымдастырылуы Тақырыбы: «Ғылым таным теориясы, эволюциясы»



бет1/5
Дата18.10.2022
өлшемі40,34 Kb.
#153565
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 жұмыс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат

Пән: Ғылыми зерттеудің әдістерімен ұйымдастырылуы


Тақырыбы: «Ғылым таным теориясы, эволюциясы»
Орындаған: Жунисбекова А.Б
Тексерген: Батырбаева Н.Б.
2022 ж
Жоспар:
1.1.Кіріспе
1.2 Ғылыми эволюциясы
1.3 Ғылыми танымның құрылымы
1.4 Ғылыми танымның әдістері
1.5 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
Қортынды

    1. Кіріспе

Ғылыми танымның теориялық деңгейі ұғымдардың, теориялардың, заңдар мен ойлау операцияларының кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Мұнда сезімдік таным бағынышты рөл атқарады.
Құбылыстар мен процестер олардың әмбебап ішкі байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынын зерттелетін болғандықтан эмпириялық мәліметтер топталады, қорытындыланады.
Теориялық білім сананың конструктивті бөлігі - ақылдың іс-əрекетінің нəтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдың қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұнын ашуға бағытталады.
Ғалым өзі іздеген ақиқатты үнемі ойлайды, толғанады, торығады, тіпті қажет уақытында сары уайымға салынып кетуі де мүмкін. Осындай аса үлкен жауапкершіліктің, ізденімпаздықтың, ұдайы еңбектенудің нәтижесінде ғылыми теориялар пайда болады. Ой түбінде жататын таза мінсіз асыл сөз ғылыми теорияға барабар.
Ғылыми теория – ғылыми білімнің ең жоғарғы деңгейі. Оған жету өте қиын. Кез келген ғалым оған бірден көтеріле алмаған.
1.2 Ғылым эволюциясы
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет