Реферат пән: Мейіргерлік істегі жұқпалы ауру Студенттің аты жөні: Сағидоллаева Аяжан



бет17/17
Дата22.12.2023
өлшемі101,83 Kb.
#198504
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
реферат Сағидоллаева 4 сд С
3 сабак для студ
Зоонозды инфекциялар - бұл жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулар. Көбінесе зоонозды инфекцияларды адамдарға жұқтырудың көзі мен факторы үй жануарлары мен олардың өнімдері болып табылады. Зоонозды инфекцияларға бруцеллез, листериоз, лептоспироз, иерсиниоз, токсоплазмоз, эхинококкоз, құтыру және т.б. жатады. Зоонозды инфекциялар науқастан сау адамға жұқпайды.
Алматы қаласында жыл сайын тұрғындар арасында бруцеллез, листериоз, иерсиниоз жағдайлары тіркеледі. Зоонозды инфекциялармен ауыратын адамдардың негізгі жұқтыру себептері - жануарлардан алынатын өнімдерді, әсіресе шикі сүт, сондай-ақ пастерленбеген ашытылған сүт өнімдері (қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт, май) болып табылады.
Бруцеллез тұмауға ұқсас симптомдармен басталатын ауру. Ауру асқынған кезде артрит, жүрек аурулары және мидың зақымдалуына әкеледі. Ауруды анықтау үшін міндетті түрде зертханалық зерттелуі қажет.
Бруцеллездің берілу негізгі жолдары мен факторлары стихиялық сауда кезінде қолдан сатып алынған шикі сүттен және пастерленбеген қышқыл-сүт өнімдерін тұтыну болып табылады. Халықтан сүт және сүт қышқылы өнімдерін пастерлеуден өткен сүт зауыттарынан шыққан қоғамдық тамақтану орындары және дүкендерден сатып алуды сұраймыз. 
Листериоз және иерсениоз инфекцияларын жұқтырудың негізгі берілу жолдары - жануарлармен байланыс, нашар термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, сонымен қатар үй шаруашылығында кеміргіштердің болуы болып табылады. 
Зооноздық инфекциялардың алдын алу мақсатында Алматы қаласының эпидемиологтары тұрғындарға сатып алынған мал шаруашылығы азық-түлік өнімдерін сапалы термиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият жуу керектігін ескертеді.
Үй жануарлары да сізді жұқтыру мүмкін. Өте үлкен қауіпті рептилиялар төндіреді. Тасбақалар, жыланда және игуаналар өздерінің қожайындарын сальмонелла бактериясымен жұқтыру мүмкін. Сіз инфицирленген иттен құтыруды, ал мысық дәретханасын тазалағанда токсоплазмозды жұқтырып алуыңыз мүмкін. Сіздің итіңіз немесе мысығыңыз сізді жұқтырады деген қауіп, өте төмен. Егер сіз гигена ережелерін сақтап жүрсеңіз, онда инфицирлену қаупі төмендейді. Бруцеллез гриппке ұқсас симптомдармен басталатын ауру. Оның асқынулары: артрит, жүрек аурулары және ми зақымдалуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет