Реферат пәні: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Тақырыбы: Операциялық жүйелер



бет2/8
Дата04.11.2023
өлшемі62,9 Kb.
#189658
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ðåôåðàò ï?í³ À?ïàðàòòû?-êîììóíèêàöèÿëû? òåõíîëîãèÿëàð Òà?ûðûáû

2.2. Операциялық жүйенің құрамына мына компоненттер кіреді: аксесуарлар (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программалар (графикалық, мәтіндік редактор, кестелік редактор, ойындар).
• Драйвер - компьютер құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар.
• Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
• Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне ауыстырғанда аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.


2.3. ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.
1. ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ—Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.
2. ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.
3. ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.
Ескерту, командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.
ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), процессор типі (негізінде белгілі компьютерлер фирмасы), сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында (сыртқы және жедел жады көлемінің өсуіне, процессор ресурстарының өсуіне және сыртқы құрылғылардың типтерінің көптігіне байланысты және т.с.с.) пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:
- каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;
- компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плот­терлер, модемдер және т.б.);
- пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.
Операциялық жүйе бір жағынан BIOS жүйесіне енетін компьютердің базалық қамсыздануына сүйенеді, екінші жағынан өзінен жоғары деңгейдегі қолданбалы программаларға тірек болады. Операциялық жүйе қосымшалары осы жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге арналған программалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет