Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ
РЕФЕРАТ
Пәні: Инклюзивті білім беру
Тақырыбы: «Ерекше балалардың» ата-аналарымен қарым-қатынаста «қарапайым»балалардың ата-аналарына арналған жадынама
Орындаған : Қалихан Бекзат
Топ : Ф – 201
Тексерген : Айдана Мұхтарқызы
Ерекше балалардың» ата-аналарымен қарым-қатынаста «қарапайым» балалардың ата-аналарына арналған
Жадынама
Мүмкіндігі шектеулі балалар — кейбір салада психофизикалық дамуы бұзылған балалар мен жасөспірімдер. Әлем бойынша 240 млн мүмкіндігі шектеулі балалар бар.
Біздің қарастыратын сұрақтарымыз осындай ерекше балалардың ата-аналары мен қарапайым баланың ата-аналары арасындағы қарым-қатынаста қандай сөздерді қолданған дұрыс немесе қандай әрекеттерді орындамау керек.
-
Кейбір ата-аналар баласының кемшілігінен ыңғайсыздау мүмкін.
Сондықтан олармен сөйлескенде балалар жайлы әңгіме айтқанда абайлап сөйлеген дұрыс.
-
Ерекше балалардың ата-аналарына өз балаңыздың жетістіктері жайлы немесе артықшылығы жайлы айтпаған дұрыс.
Себебі мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата ана баласының кемшіліктерінің салдарынан оның қабілеттерінің дамымауына көңіл күйі құлазуы мүмкін.
-
Әңгімелескенде баладан басқа тақырыптада сөйлескен абзал.
-
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналарға баласы жайлы орынсыз сұрақтар қоймау қажет.
-
Аяушылық танытуға болмайды.
«Сіздерге жаным ашиды, балаңызға обал,сіздерге қиын ,мен сіздерге алаңдаймын» бұл сөздің барлығы керісінше кемсітушілік болып табылады .
-
Мүмкіндігі шектеулі баланың оңалуы үшін әртүрлі кеңес бермеу керек.
Сіз арнайы маман емессіз бұл бір, екіншіден баланы қалай бар солай қабылдау қажет, баланың дамығаны әрине жақсы, бірақ бұл пікір ата-анасына ауыр естілуі мүмкін
-
Әрбір ата-ана баласын жақсы көреді және әрдайым қолдайды.
Мүмкін ол бала сізге ерекше немесе кемшіліктері бар бала шығар,бірақ ата-анасы үшін қашанда қымбат және қарапайым бала. Сондықтан балалар жайында сөйлескенде баланың кемшіліктері жайлы сөз қозғалмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |