Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу


Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі



бет2/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: В.П.Юдиннің өмірі мен шығармашылығы нақты ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырылған. Ғалымның шығармашылығы, өмірі мен қызметі туралы естелік-зерттеулер соңғы жылдары ғана жариялана бастады. Бұл жұмыстың көшбасында ғалымның шәкірттері мен жұбайы Ю.Г.Баранова тұр деп айтсақ болады. Ғалымның рухы алдында белгілі бір дәрежеде тағзым ретінде жарық көрген «Центральная азия XIV-XVIII веках глазами востоковеда» атты В.П.Юдиннің әр жылдары жарияланған және жарияланбаған ғылыми мұралары енген жинақта қосымша ретінде В.П.Юдинге арналған жариялымдар берілген [2].Осы еңбекке алғысөз жазған әрі оның құрастырушы редакторы Ю.Г.Баранова «Екінші өмір» деп аталатын естелік Шаранасында В.П.Юдиннің өмірі мен ғылыми-шығармашылық мұрасы туралы айтады [2, 3-16 бб] .Алексей Бронин өз естелігінде ғалыммен жүздесу сәттерін еке ала отырып, оның адами қасиеттерін жоғары бағалайды [2, 304-316 бб]. Сондай-ақ Өзбекстан Ғылым Академиясының мүше коррсепонденті Б.А.Ахмедовтың В.Л.Юдиннің жетекшілігемен жарық көрген Өтеміс қажының «Чингизнаме» шығармасына жазған еңбегі келтірілген [2, 317-324 бб].Бұл еңбегінде Б.А.Ахмедов В.Л.Юдиннің орасан зор еңбегіне, және оның орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін қарастырудан алатын орнын лайықты бағалайды. Бұл мақала мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көре бастаған. Шығыстану секциясы бойынша жарияланған жазбаша деректемелер топтамасының «Қазақстан тарихы бойынша түркі деректемелері» атты жинақтар сериясының І-ші томына еңгізілген[3]. Себебі, бұл жинаққа да түркі деректері ішінен алғаш рет В.Л.Юдиннің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде ғана ғылыми айналымға енген Өтеміс қажының «Шыңғыс наме» еңбегі қазақ тіліне аударылып жарияланып отыр. Ал, еңбектің өзі В.Л.Юдин қайтыс болғаннан кейін 1992 жылы оның шәкірті М.Қ.Абусейітова мен жұбайы Ю.Б.Баранованың дайындауымен жарық көрген еді[4].Осы еңбектің соңғы сөзін жазған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Р.Б.Сүлейменов те В.Л.Юдиннің ғылыми қызметіне жоғары баға береді[4, 220-224 бб]. Сондай ақ белгілі зерттеушілер, В.Л.Юдиннің замандастары Б.Ермуханов, Халел Карпык, Валентина Дудковалар да өздерінің естелік-пікірлерімен бөліскен[2, 334-348 бб].
Белгілі зерттеуші ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу, қайта басып шығару, жарияланбаған еңбектерін жариялау, оның қайтыс болуының 10 жылдығы қарсаңынан бастап қолға алына бастады. 1993 жылы В.Л.Юдиннің қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Шығыстану орталығының бастамасымен В.Л.Юдинге арналған алғашқы ғылыми семинар өткізілді. Міне осы дәстүр осы күнге дейін жалғасып келеді. Бұған бір шетінен ғалымның шәкірті, бұл күнде өзі шығыстану институтын басқарып отырған Меруерт Қуатқызы да айрықша үлес қосып келеді[1, 359-366 бб].
Орта ғасырлық Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін кеңейту мен оның көптеген проблемаларын шешу жолдарын ұсынып, оларды талдаған шығыстанушы ғалым В.Л.Юдин мұрасы Отандық тарих ғылымында лайықты бағасын алды. Ғалымның ғылыми ізденістерінің нәтижелері орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыруда ерекше құнды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет