Реферат Пәннің атауы: Қазақстан тарихының тарихнамасы Тақырыбы: В. П юдин еңбектеріне шолу



бет7/7
Дата15.12.2022
өлшемі61,36 Kb.
#162940
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Юдин 12 -14 ғ ғ қазақстан туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстандық шығыстанушы-ғалым В.Л.Юдин (1928-1983) отандық шығыстану, жалпы тарих ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым. Оның әрбір ғылыми еңбегі саяси тарих және материалдық мәдениет мәселелерін оларды шешу жолдарын көрсете білді.


Әсіресе В.П.Юдиннің ерекше атап өтер еңбегі ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша жазба деректердің мәліметтерінің ғылыми айналымға қосуы болып табылады. Ол 1969 жылы жарық көрген ҚХТМ жинағына басшылық жасады, әрі осы жинақтың орасан зор ғылыми жұмыстарының басым бөлігін орындады. Осы жинаққа арнап 17 ғылыми мақала жазды. Сондай-ақ жинаққа енген деректердің аудармаларын қол жазба мәтінімен сәйкестігін қарастырды. Осы жинаққа арнап «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы бойынша парсы, түркі деректері» атты ғылыми мақаласын дайындады. Бұл ғылым біраз ғылымға қол сұғушылығы мен оның этикетін бұзу салдарынан бұл енген ұзақ жылдар бойы ғылыми көпшілікке белгісіз күйінде жарияланбастан қала берді.
Сондай-ақ XIV ғасырдағы Қазақстан тарихының аса маңызды мәселесіне арналған «Шыңғыс наме» қол жазбасы ғылыми айналымға енгізді. Қол жазба толық болмаса да В.Л. Юдин бірден осы шығарманың өзіндік ерекшеліктерін, оның басқа еңбектерінің арасындағы оқшау орнын бағалай білді «Шыңғыс намені» зерттеуде ол таза тарихи материалдардың үлкен тобын көтерді, тарихи хронологиялық, гениологиялық және қазақ мәдениетінің кейбір деректелмеген мәселелерін анықтады.
Ендігі жерде В. П. Юдиннің көпжылдық еңбегі Алтын Орда мен ортағасырлық Казақстанның тарихын зерттеушілердің баршасының игілігіне аспақ. Біз жазып отырған бітіру жұмысында қарастырылған В.П. Юдиннің дайындауымен шыққан еңбекте "Шыңғыс-наменің" тарихи-мәдени зерттелуі, шығарманың аудармасы, мәтіннамалык, ескертпелері және Шығыс мәтінінің транскрипциясы, сондай-ақ "Шыңғыс-наменің" түпнүсқа мәтінінің факсимилесі қамтылған. Түсіндірмелері мен көрсеткіштерін құрастырған М.Қ. Әбусейітова. Осы басылымды дайындауға В. П. Юдиннің жұбайы — Ю. Г. Баранова белсене қатысты. Ол, атап айтқанда, зерттеу бөліміне кіріспе жазды және еңбекті баспаға дайындады.
Жалпы В.Л.Юдиннің еңбектерінде теориялық қолданбалы және теориялық деректанудың қолданбалы және теориялық мәселелері қойылды. Мәселен шыңғыснаменің далалық ауыз тарихнамасына жатуы жайлы ой-пікір тұңғыш туынды бір қатары оларды сақтаушы жазба ескерткіштерге де кірген. Олар Дешті Қыпшақ тұрғындарының ауызша тарихнамасына негізделген және қазақ мәдениетін жазуда қажет, себебі ол Қазақстан тұрғындарының тілін бейнелейтін түрік тілінде жазылған В.Л.Юдин көтерген мәселені әрі қарай дамыту, қазақ даласындағы тарихи процестерінің мәніне терең бойлау үшін аса қажет.
Қорыта айтқанда В.Л.Юдин тек қана ғалым ғана емес, ұстаз, қадірлі дос, адал жар бола білген адам. Бүгінде Юдин шәкірттері қазақстанның тарих ғылымында жемісті еңбек етіп отыр. Олардың көпшілігі ғылыми атақ дәрежесі жағынан өз ұстаздарынан алға кетсе де, ұстаз алдында қарыздарын адал атқаруда. Оның бір дәлелі В.Л.Юдин қайтыс болған болғаннан кейін оның еңбектер жинағының шығарылуы, жыл сайын дәстүрлі «Юдин оқуларының» өткізіліп тұрылуы болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет