Реферат «Шетел тілдерін білу адамның кәсіби және тұлғалық өмір сүруінің қажетті бөлігі ретінде»


Шетел тілдерін білудің кәсіби маңызы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата11.11.2022
өлшемі147,71 Kb.
#157724
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Педдеят
05.04.2021 Тіл мәдениеті және стилистика, 05.04.2021 Тіл мәдениеті және стилистика, Документ (5), Тапсырма 1 (2), Тапсырма 3
Шетел тілдерін білудің кәсіби маңызы. 
Көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда 
қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі бар екені рас. Кәсіби шет 
тілін оқыту сатысында белгілі бір ақпаратты іздеу, өңдеу немесе оны 
ағылшын тілінде серіктесіне жеткізу үшін болашақ маман иесінің кәсіби 
қызметін ойдағыдай атқаруда қажетті – коммуникативтік біліктіліктері 
мен дағдыларын қалыптастыру және оны әрі қарай дамытудың негізі 
қаланады. 
Кәсіби шет тілі сабағында тек мамандыққа байланысты тақырыпты ғана 
оқып үйренбей, сонымен қатар тілдік құралдар туралы білімін кеңейту; 
дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, 
стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; сөз әрекетінің 
түрлері бойынша ауызша және жазбаша дағдыларын дамытады.
Қазіргі
уақытта заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі 
күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық
ғылыми техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы
фактор болуда. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пән ретінде 
оқытудың мәртебесін жоғарылатады. 
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың басты мақсаты- 
оқушыларға шетел тілінде қарым қатынас жасауды базалық деңгейде
игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым комуникативтік 
біліктілі, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша
сөз тыңдап түсіну, оқу, жазу, өзара мәдени қарым қатынас процесінде
қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік,
дағдылар енеді.Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт
бойынша белгіленеді. 
Танымдық бағыт бойынша: 
-Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; 
-Тілдік қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсіру. 
-Оқушының тілін дамыту,тілдік шығармашылық қабілетін жетілдіру 


-Сөз мәдениетін таныту; 
-Пікір талас мәдениетін жетілдіру
- Ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төсілдіру; 
-Мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру; 
-Сөйлеу түрін , сөйлеу тәсілін меңгерту; 
-Өмір түрлі ғылымдар саласынан оқушылардың танымын кеңейту; 
-Оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру. 
Комуникативтік, практикалык бағыт бойынша: 
-Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
-Тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым- қатынас жасаудың амал- 
тәсілдерін үйрету; 
-Оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру; 
-Оқушылардың тілдік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; 
-Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Мұның қай - қайсыда тіл арқылы баланың логикалық ойлауын
дамытуға, қарым- қатынастың дағдыларын жетілдіруге, яғни сөз
әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шындауға септігін
тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет