Реферат СӨж тақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата21.12.2022
өлшемі246,93 Kb.
#163867
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221027-WA0009
Жузя реферат-1, Силлабус КТ, debiet-teoriyasy-krspe 6 lecture, ТӨЛ,ТӨЛЕУ,АВТОР СӨЗІ БАЗА, Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ
Жұмыстың мақсаты:
Андронов, Беғазы-Дәндібай сияқты ірі мәдениеттер
жататын және адамзат тарихының археологиялық кезеңдерінің бірі болып



табылатын қола дәуірін тереңірек түсіну. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне
тереңірек сипаттама беру, және бұл мәдениетке қатысты маңызды деректер
жинау, бұл мәдениеттің басқа мәдениеттен ерекшелігін анықтау,сондай-ақ
өзіндік артықшылықтарын айта кету, және нақтылау болып табылады. 
Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды 
қамтиды: 
Деректік шолу.
Ғалымдардың адамзат тарихын кезеңдерге бөлуі, оның ішінде 
қола дәуірін, Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеуде жүргізген ғылыми
зерттеулері оның ішінде айрықша ғалым, археолог,Әлкей Хақанұлы
Марғұланның жүргізген ғылыми зерттеулері жеткілікті болып табылады.
Сондай-ақ, Беғазы-Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің
дамуындағы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге яғни, өтпелі, дамыған, және
соңғы кезеңдеріне тереңірек айта кету қәжет болып табылады. 
Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. 
Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді 
қарастырумен шектелеміз. 
Жұмыста қола дәуірін, Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген
зерттеушілер, тарихшылар, археологтардың ғылыми еңбектерін шама-
шарқымызша қарастыра отырып, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне кеңінен ақпарат 
беруге тырысамыз. 
 
1. Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштері. 



Адамзат тарихы тас, қола, темір дәуірлеріне бөлінеді. Ал, тас ғасырынан 
кейін қола дәуірі келеді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта 
басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде 
адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек 
өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп 
болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Қола дәуірінде 
Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі 
болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты 
пайдаланған.Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен 
сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. 
Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. 
Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс болды. Адамдар 
алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған.Осындай 
энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, 
жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан 
мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды. Қола табиғатта таза күйде
кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан 
жасалады. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы 
төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау 
үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті 
металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың 
жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары 
шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. 
Қола дәуіріндегі экономикалық басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы 
мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. 
Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық 
рудың орнына аталық ру-патриархат- пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі 
өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, 
патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп 
оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі 
көрініс бере бастады. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық – 
некелік қатынастарында елеулі өзгерістер болды. Қазақстан жерінде қола 
дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте 
көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда, Орталық Қазақстанда 
болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде 
металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді.
Қола дәуірінің кезеңдері:
1.Ерте қола дәуірі- феодоров кезеңі-б.з.б XVIII—ХV ғасырлар аралығын
қамтиды.
2.Орта қола дәуірі- алакөл кезеңі- б.з.б ХV – ХIII ғасырлар. 
3.Кейінгі қола дәуірі-замареев кезеңі-б.з.б ХIII-VI ғасырлар.
Қола дәуірі адамдар арасында рулық қатынастар ыдырап, оның орнына
өнім өндіретін шаруашылықты біржола орнығуымен тура келді. Қола дәуірі
қоғамының ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі – жаңа



дәуірді белгілеген фактор – палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі
болды. Қоланың өзі бұйімнің неге арналуына қарай, әртүрлі пропорцияда
мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы
болып табылады. Мыспен салыстыпғанда қоланың бірсыпыра
артықшылықтары бар: оның өзгешелігі - өзі қатты, балқу температурасы
төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін
қолданылатын негізгі шикізат бола бастады.
Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын 
мәдениетке тоқталайық.Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген 
адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп 
аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның 
жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қ аласының жанында 
орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола 
заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық 
өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс 
Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына 
дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі 
сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен
кіреді. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. 
Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге 
Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар 
жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін -б.з.б. XVIII-XVI 
ғасырлар;
және орта кезеңін -б.з.б. XV-X ғасырлар; түгелдей қамтиды. 
1927 ж археолог Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерін Батыс
Қазақстаннан тапты. 
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі 
мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті болса, ал б.з.д. XII—VIII 
ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан. 
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы 
зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір 
сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, 
Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, тағыда басқа кішігірім таулар болды. Бұл 
таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып 
жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін 
Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. 
Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған 
археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде 
Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды 
шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз. Қазақстанның андронов мәдениетіне 
тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс 
техникасының жетіле түскендігі болып табылады.Орталық Қазақстанды 
археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық 
Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны 



ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін басқарған Әлкей Хақанұлы 
Марғүлан 
болатын. 
Ә.Х.Марғүланның 
кезеңдеуі 
бойынша, 
Орталық 
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-
Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді:
а) алдыңғысы—Нұра кезеңі;
б) ортаңғысы—Атасу кезеңі.
Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай 
мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. 
XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы 
қола 
дәуіріне 
жатады. 
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне 
қорымдар құрайды. Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге 
жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Бұл дәуірде көбінесе 
өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс 
жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені 
адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-
жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп 
зерттелген ескерткіштері — жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, 
Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей 
дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің 
көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде 
жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Қазақстан аумағындағы
Андронов мәдениетінен кейінгі екінші мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет