Реферат Тақырыбы: " 18ғ ортасы мен 20ғ-дың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы "



бет3/4
Дата18.12.2023
өлшемі199,73 Kb.
#197513
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
тарих реферат

Василий Васильевич Радлов
Ресей шығыстанушысы, этнограф В. Радлов қазақ өлкесі тұрғындарының мәдениеті, тілі, тарихына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізді. Оның «Сібір қазақтарының этнографиясы туралы» іргелі еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал етті.Қазақ өлкесі туралы құнды деректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі, географ П.П. Семенов-Тян-Шанский. Ол Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция ұйымдастырып, «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.
Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді:
Алтай
Қазан
Петербург.
Алтай кезеңінде (1859 — 71) Батыс Сібір, қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты.
Қазан кезеңінде (1871 — 84) “Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” және “Сібірден” (екеуі де неміс тілінде) aтты екі еңбегі жарық көрді.
Петербург кезеңінде (1884 — 1918) “Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі” атты көп томдығы баспадан шыға бастады (әлі күнге дейін толық жарық көрмеген, 4 жинағы шыққан). 1891 ж. ол Ресей ҒА экспедициясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 10-нан астам әріп таңбаларын оқып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің фонет.-грамматикалық ерекшеліктері туралы жазды, мәтіндердің орыс тіліндегі транскрипциясын жасады. Әр жылдары “Құтты білік” (1891 — 1910), “Тоныкөк” (1899) ескерткіштерінің аудармасы мен транскрипциясын жариялады. Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Құнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері:
а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын;
ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын;
б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды.
Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет