Реферат Тақырыбы: " 18ғ ортасы мен 20ғ-дың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы "



бет4/4
Дата18.12.2023
өлшемі199,73 Kb.
#197513
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
тарих реферат

Григорий Николаевич Потанин
Қазақстан тақырыбы әйгілі орыс зерттеушісі Г.Н. Потанин еңбектерінде де маңызды орын алды. Оның зерттеулерінде қазақтардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ-орыс қатынастары, Ертіс өңіріндегі қазақ тұрғындары жан-жақты суреттеледі. 1862 жылы ол алғаш рет Жайық даласына ғылыми экспедицияға аттанады. Келесі жылы Зайсандағы экспедицияға қатысып, Көкпектіде, Марқакөлде өлкенің тұрмысын, шаруашылығын және географиясын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар кептірілген өсімдіктер топтамасын жинады. Кейін ол біраз жылдар бойы Омбы генерал-губернаторлығында татар және қазақ тілінен тілмаш болып қызмет жасады. Одан кейін Томскіде статистикалық комитетте хатшы міндетін атқарды. Ол бұл жерде Орыс географиялық қоғамының Шығыс бөлімін басқарды. Егде жасқа келгенде «Сібір өлкесін және тұрмысын оңалту» қоғамын құрды.
ХІХ ғасырдың 70–90-жылдары Потанин Сібір өлкесі, Қазақстан, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап, олардың тарихы, этнографиясы, географиясы, ботаникасы мен экономикасына байланысты құнды деректер жинады. Ол Алаш қайраткерлерінің қолдау көрсетуімен Семей облысы Қарқаралы уезі ауылдарын аралады. Г.Н. Потанин алғашқылардың бірі болып қоныс аударушы орыстар мен жергілікті қазақтар арасындағы өзара түсіністік жайлы айтқан. «Сібір әскерлері туралы жазбаларында» орыс казактардың арасында қазақ тілі ауызекі сөйлеу құралы ретінде кең таралғанын жеткізеді. Сонымен бірге орыс казактары қазақ дәстүрінің көбісін үйренгенін баяндайды. Олардың әсіресе Коряков және Жәмішев станицалары өңірінде өзара тығыз қарым-қатынас жасайтындығына тоқталған.
Оның «Қазақ-қырғыз және Алтай аңыздары мен ертегілері», «Қазақ ханзадасының киіз үйінде», «Шоқан Уәлиханов туралы биографиялық мәліметтер» атты еңбектерінде Қазақстан мен қазақ халқы туралы көптеген мәліметтер жазылған. Ол жан-тәнімен қазақ даласын және оның халқын жақсы көрді. Олардың өткені мен бүгінін белсенді түрде зерделеумен айналысты. Жергілікті халықпен тығыз араласа отырып, орыс қоғамын қазақ халқымен жан-жақты таныстырды. Далалықтарға менсінбей қарайтын оқымыстыларға көңілі толмайтын. Ол көшпелі халықтың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық қоғамы елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шегаралас аумақтарда – Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды.


ХІХ ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинастырды. Материалдар облыстарда жыл сайын шығып тұратын «Шолуларда» және «Естелік кітапшаларда» жарияланып тұрды.
Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттық дереккөздері негізінде әзірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланып тұрды.
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедиция зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен көптомдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әртүрлі уездеріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Сонымен қатар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген алғашқы Бүкілресейлік халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениеті, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса маңызды мәліметтер жинақталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет