Реферат тақырыбы : Тәжірибелік сабақтар №4 Қазақстан Республикасының және Ресей бейнелеу өнеріне жаңа буын оқулықтарына және бағдарламарына тереңірек анализдік талдау жасау. Орындаған: Тынымбек д тексерген


«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасының мақсаты



бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі123,18 Kb.
#109368
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
7 Тәжірибелік сабақ бейнелеу

«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасының мақсаты – оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде өз ойын білдіруі және қалыптасуы негізінде рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, кеңістік-бейнелі көркем ойлауы мен білім негіздерін қалыптастыру.

«Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасы:

  • Өнер түрлерін кіріктіру арқылы пәндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;

  • Ұлттық және әлемдік көркем мәдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

  • Көркем-шығармашылық пен кеңістік ойлау, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін визуалды және тактильді өнер тілдері арқылы қоршаған әлемге өз көзқарасын білдіру қажеттігін қалыптастыруға;

  • Еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;

  • Сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;

  • Оқушылардың визуалдық және эстетикалық қабылдаудың дамуы, көркем жұмыстарды сын тұрғысынан түсінуі үшін өнер жанрлары, стильдері туралы білімдерін қолдану;

  • Танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тәжірибесінің қалыптастыруға ;

  • Өзінің көркем жұмысын орындау үшін, ақпараттың әртүрімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;

  • Бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен және топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;

  • Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді:

  • Ұлттық және әлемдік мәдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу және талдау;

  • Өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нәтижесін бақылау және бағалай алу;

  • Көлемді және жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады ;

  • Зерттеу, эксперимент жүргізу барысында әртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;

  • Шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес және сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;

  • Алған тәжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тәсілдерді дербес қолдану;

  • Өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру және конструктивті ұсыныс қабылдау;

  • Әртүрлі жағдаяттарда тиімді және бірегей шешім таба білу;

  • Әртүрлі материалдарды және құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсіну және түсіну.

Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуы, 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педпгогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдерін дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы, көшбасшы қызметін атқарып, көлемді әдістемелік іс – шараларды атқаруымен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.

Бұл оқу орнының алғашқы түлектері, Қазақстанның басқа қалаларындағы педагогикалық институттарынан «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау үшін арнайы кафедра ашудың инициаторлары болып, бейнелеу өнері мен сызу пәнінің болашақ мұғалімдерін дайындауға кең көлемде үлес қосты.

Мұнан соң 1969 жылдардан бастап Шымкент, Семей, Тараз педагогикалық институтарынан ашылған көркемсурет және графика факультеттерінің түлектері Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына мол ықпал етті.

21 ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда қолдану, ұлттық өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беру идеясы қалыптаса бастады. 1970 жылдардан бастап республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне байланысты Х.Канның, Ж.Балкеновтың, Қ.Ералиннің, Ә.Қамақовтың мақалалары жариялана бастады. Бұл еңбектерде қазақ бейнелеу өнері шығармалары мен сәндік қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері сабақтарында қолдану арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және көркемдік білім беру әдістері бойынша талдаулар берілді.

Х.Канның, Ж.Балкеновтың еңбектерінде қазақ халқының «түйе табан», «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін бейнелеу өнерінің сәндік сурет салу сабақтарында қолдану жолдары айқындалды, оларды салу кезеңдері көрсетіледі. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жасаған, тұрмыста қолданылатын бұйымдарын оқушыларға таныстырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды.

70 жылдары жарық көрген Қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде Қазақстанның халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаеваның, Х.Наурызбаевтың, Г.Исмайлованың, С.Мамбеевтің, М.Шаяхметовтың, С.Романовтың, Е.Сидоркиннің, Н.Нурмухамбетовтың, К,Барановтың шығармаларын сабақта оқушыларға таныстыру барысында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырудың әдістері ашып көрсетілді. Бейнелеу өнерінің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, заңдылықтарын оқыту мәселелері қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларына Қазақстанның даңықты суретшілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу – тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырудың мазмұны, формасы мен әдіс тәсілдері берілді.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда дамуындағы елеулі кезең Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев, Б.А.Әлмұхамбетов, З.Ш.Айдаровалардың авторлық тобының жазған тұңғыш рет «Бейнелеу өнерінің» 1 сыныпқа арналған оқулығы Қазақстан Республикасы, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде бекітіліп, «Атамұра» баспасынан 1997 жылы жарық көруі болды. Осы авторлар тобы жазған 2-4 сыныптарға арналған «Бейнелеу өнерінің» оқулықтары 1998-2000 жылдар аралығында жарыққа шықты.

1997 жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің» бірінші сыныпқа арналған оқулығы төрт тараудан тұрады. «Сурет салып үйренейік» деп аталатын бірінші тарауында бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтармен оқушыларды таныстыру заттар мен бұйымдарды бейнелеуде қажетті жарық пен көлеңкенің мәнін түсіндіру, қарындашты ұстау үлгілері, сызық түрлері, заттардың әр түрлі пішіндері, бояу түстері, композиция элементтері, өрнектермен таныстыру, өрнек түрлері, бейнелеу өнерінің түрлері мәселелерін қарастырады. Екінші тарауда табиғат құбылыстары ертегі бойынша сурет салу, натюрморт салу, өрнек құрастыру, құстарды мүсіндеу, қағаздан әр түрлі бұйымдарды құрастыру, жаңа жыл ойыншықтарын бейнелеу көзделеді. Үшінші тарау «Байқайық, талдайық, бейнелейік» деп аталады. Онда қыс туралы сурет салу, халық өнерімен танысу, үй жануарларын мүсіндеу, адам келбетін салу жолдарымен танысу, ертегі бойынша сурет салу, натюрморт суретін салу жолдарымен танысу қарастырылады. Төртінші тарауда «Сезейік, білейік, бейнелейік» деп аталады. Бұл тарауда оқушылар көктем көріністері, ғарыш, сәулет өнері туралы түсініктер алып, табиғат аясында сурет салумен танысады. Жалпы алғанда бірінші сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері» оқулығы бейнелеу өнеріне кіріспе міндетін атқарып, өнердің ерекшеліктерін, айқындауға көмектеседі.

Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Бейнелеу өнерінің» 1998 жылы жарық көрген оқулығы (авторлары Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев, Б.А.Әлмұханбетов, З.Ш.Айдарова); кіріспеден, төрт тараудан тұрады.Бірінші тарауда жазғы табиғатты бейнелеу, мультфильм суретшісі болайық, мүсіндеу, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу, дизайн материалдары берілген.

Екінші тарауда күзгі табиғи көріністерін бейнелеу, кітап суретін салу, акварель бояуымен танысу, көркем жазу,халық шеберлері бұйымдарымен танысу, жаңа жыл тақырыптары бойынша оқу материалдары берілген.

Үшінші тарауда қыс көрінісі, жануарлар өрнегі, жабыстыру, натюроморт, гризайл, монотипия, қыс және суретші, қағаздан силық құрастыру, қоңызды, көбелекті салу, қағаздан маска құрстыру, наурыз тойы тақырыптары бойынша оқу материалдары беріліп, соған қатысты суреттер салу әдістері мен тәсілдері көрсетілген. Төртінші тарауда көктемді қарсы алу, көктем гүлдерін бейнелеу, аспан әлеміне саяхат, біз бейбітшілікті қалаймыз, икебана өнерімен танысу, мүсін, рельеф салуға үйрену, әрқашан күн сөнбесін тақырыбына сурет салу көрме ұйымдастыру тақырыптары беріліп, балалардың бейнелеу ептейліктері мен дағдыралын онан ары дамыту көзделген.

2002-2004 жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға арналған бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен бейнелеу өнерінің жұмыс дәптерлері шығарыла бастады. Аталған оқулықтар, оқыту әдістемесі, жұмыс дәптерлері, оқушылар мен мұғалімдерге арналған танымдық, әдістемелік көмек болды. Бұл эәістемелік құралдар Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беруде жетекші орын алды.

ХХІ ғағсырдың соңғы 80-90 жылдары бірқатар авторлардың оқу-әдістемелік құралдары жарық көре бастады. Бұлардың ішінде Ж.Балкеновтың, Б.Әлмұхамедовтың, Б.Төлебидің, Т.Мұсалимовтың, К.Ералиннің бейнелеу өнерін оқытуға байланысты, Қ.Әмірғазиннің ,Д.Кемешовтың,С.Бейсенбаевтың,Ж.Бейсенбековтың, М.Тәңірбергеновтың сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға арналған еңбектері көркемдік білім мен әсемдік тәрбиесін беруге мұғалімге жәрдемдесетін еңбектер болды.

Ж.Балкенов пен Ж.Әлұхамбетовтың «Сурет сала біл» атты еңбегі Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша жазылған алғашқы еңбектердің бірі болды. Еңбекте сурет пен кескіндеме өнеріне оқушыларды үйретудің негіздері көрсетіледі. Орналастыру, заттың құрылымын салу, жарық пен көлеңкенің мүмкіндіктері арқылы заттың формасын шығару әдістері берілген.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда даму барысында мерзімді баспасөз маңызды роль атқарды. Республикалық педагогикалық әдістемелік басылымдар «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің түрлі мәселелері бойынша мақалалар жарияланып тұрды.

2004 жылдан бастап бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты мақалаларды шығаратын «Мектепте арнаулы және жоғары оқу орнында бейнелеу өнерін оқыту» атты арнайы мерзімдік басылым жарық көрді. Бұл басылымдағы мақалаларда мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың мәселелеріне журналда қомақты орын берілді. Бұл мерзімдік басылым мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы ерекше бетбұрыс болды.

Бейнелеу өнері» пәні оқыту тілінде (қазақ/орыс тілі) жүргізіледі. Мектептердегі үштілдік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. Тілдік саясатты жүзеге асыру «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының келесі бөлімдерінен көрініс табады:


  • «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің «Бейнелеу өнері» пәні арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.

  • «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері ббелгіленген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет