Реферат Тақырыбы: «Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны»



Дата17.04.2020
өлшемі42,8 Kb.
#62940
түріРеферат
Байланысты:
12 п

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

«Агрономия» кафедрасы



Реферат

Тақырыбы: «Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны»

Орындаған: Айбын Ақпейіл

17-600-72

Тексерген: Аубакирова Н. Қ.

Қостанай, 2020 ж.

Мазмұны:

Кіріспе.......................................................................................................................3



  1. Психология ғылымының кезеңдері мен тарихи аспектілері.....................4

  2. Жоғары мектеп психологиясы дамуының теориялық негіздері ..............6

  3. Қазақстандағы жоғары мектеп психологиясы............................................6

Қорытынды..............................................................................................................8

Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................9



Кіріспе

Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген.

Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді,жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.

1. ХІХ-ғасырдың соңы ХХ-ғасырдың бас кезін психологияның ашық дағдарыс кезеңі деп атайды. Бұл кезеңде қазіргі психологиялық ғылым салалары теориялық кана емес, практикалық бағытта калыптаса бастады.

Психологияның ашық дағдарысында пйда болған негізгі ағымдар:


  • психоанализ (фрейдизм);

  • бихевиоризм;

  • гештальтсихология;

  • гуманистік психология;

  • трансперсональді психология;

  • генетикалық психология;

  • жеке-дара психология;

  • трансактілі талдау тұжырымдамасы;

  • дифференциалды психология;

  • сыни психология;

  • парапсихология;

  • феномендік психология.

 Психоанализ негізін австриялық психолог және психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939) калаған. Алғашында жүйке жүйесі жұқарған, истерияға шалдыққан адамдарды емдеу әдісі ретінде пайда болған психоанализ кейіннен аса танымал психологиялық теорияға айналады. Психонализдің зерттеу пәні – бейсаналық пен сана арасындағы қатынастар динамикасы. Психанализ негізіне адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы санамен емес, түпсанаға орныққан ниет, тілек, күйзеліс, кұмарлық арқылы анықталады деген идея алынған. Фрейдизм бойынша туа біткен биологиялық инстинктік құмарлықтар қаншама табиғи болғанмен, сыртқы ортадағы қалыптасқан ережелерге, идеалдарға сәйкес келмейтіндіктен, олар тұншықтырылып тасталады да, санаға жетпей қалған немесе ұмытылып кеткен сиякты болады. Фрейд пікірінше, сыртқы ортада моральді саналатын биологиялық негіздегі ниет, тілек, күйзеліс, құмарлық адамның көптеген психологиялық проблемаларына, тіпті, жүйке ауруына шалдығуына себепкер болады. Олардың жасаған тұжырымдамаларының Фрейд теориясынан көп айырмашылығы бар. Психикалық әрекеттерге бейсаналық қүбылыстардың рөлі, ішкі қақтыгыс мәселесі, ересектермен қарым-қатынас жасаудағы баланың тәжірибесі, психологиялық қорғаныстардың қалыптасуы кез келген психоаналитикалық теорияға тән.
ХХ ғасырдың бас кезінде американдық зерттеуші Джон Уотсон (1878-1958) еңбектері арқасында бихевиоризм (Веһаvier деген ағылшын сөзінен аударғанда - мінез-кұлық, жүріс-тұрыс) бағыты дүниеге келеді. Жаратылыстану негізіндегі бихевиоризм психикалык құбылыстарды объективті тұрғыдан түсіндіруге талпынды. Бихевиористер «саналы түрде аңғару», «күйзелу», «сезіну» деген сияқты ұғымдарды объективті құралдармен байқап-көруге болмайтын, ғылыми емес, субъективті, сондықтан психологияда қолданылмауы керек деп санаған. Бихевиоризм бойынша психологияда белсенділікті, мінез-кұлықты, жүріс-тұрысты зерттеу керек.

Гештальтпсихология (немісшеден аударғанда форма психологиясы деген мағынаны білдіреді) Макс Вертгеймер (1880-1943) Курт Коффка (1886-1941) Вольфганг Келер (1887-1967) сынды неміс зерттеушілерінің есімімен байланысты. Гештальтпсихология бейненің тұтастығы жайлы, бейненің қасиеттерін оның жеке бөлшектерінің қасиеттерінің қосындысы деп қарастырудың жөн еместігі жайлы идеяны алға шығарған. Сонда, қабылдау түйсіктердің косындысы емес. Танымдық процестерді зерттеу негізінде пайда болған гештальтпсихологияның зерттеу пәні тұтас құрылымдар, яғни гешталылар болды. Гештальтпсихологияның көрнекті өкілдері - К. Левин (1890- 1947) Ф. Перлс (1883-1970).

Қазіргі психологиядағы жетекші бағыттардың бірі - гуманистік психология. Оның атауы мен басты қағидалары американдык психолог Абрахам Маслоу (1908-1970) есімімен байланысты. 1950-1960 жылдары тұжырымдалған гуманистік психология тұлғаның жетілуі, нағыз психикалық денсаулықты айғақтайтын шығармашылық іс-әрекет арқылы тұлғаның барынша өзін-өзі жүзеге асыра алуы жайлы мәселелерді қарастырады. А. Маслоу бойынша, адам баласы жоғары қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін алдымен төменгі сатыдағы қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек. Тек сонда ғана тұлғалық даму мүмкін болмақ. Ол қажеттіліктер сатысымен жоғарылаған сайын, адам баласының денсаулығы соншама мықты болады, ізгіліктік танытады, барынша дара тұлға ретінде болады деп санаған. А. Маслоу өзін-өзі актуалдандыруды тіршілігінде мүмкін болатынның бәріне адам баласының қол жеткіземін деген ниеті, тілегі; өзін-өзі жетілдіруге, өз әлеуетін жүзеге асыруга деген қажеттіліктері деп анықтаған. Карл Роджерс (1902-1987) бойынша, өзін-өзі актуалдандыру деген адамды әр түрлі деңгейде дамуға мәжбүр ететін күшті білдіреді. Ол адамның биологиялық қажеттіліктері оңтайлы даму мақсатында қанағаттандырылуы керек дейді. К. Роджерс адам баласы коғам тарапынан бақылауды қажет етпейді; бақылау адамды жамандыққа баруға ықпал етеді деп санаған. Адамның бақытсыздыққа ұшыратын мінез-құлқы, жүріс-тұрысы адамзат табиғатына сәйкес келмейді. Қатігездік, таяздық, жат қылықтар және т.с.с. – қорқыныш пен психологиялық қорғаныс нәтижелері. Сондықтан психолог міндеті - кез келген адамның жан-дүниесінің түкпіріне ұялаған позитивті қасиеттерді өзінің көріп, саналы аңғаруына көмек беру. К. Роджерс үшін ең бастысы кез келген жағдайда адамға деген шартсыз позитивті қатынас арқылы толымды әрекет ететін тұлға болуына мүмкіндік беру керек. Гуманистік психологияға Виктор Франклдің (1905 ж.д.к.) позициясы жақын келеді. Оның жасаған тұрғысы «өмір мағыналы» деуге бағдарланған терапия, яғни «логотерапия» деп аталады. Логотерапияның негізіне үш ұғым алынған - еріктілік, мағына таңдаудағы еріктілік және өмір мағынасы. В. Франкл бойынша өмірде мағына бар деп санау үшін адам өзімен-өзі бола бермей, «өзінен шығып», басқа адамдарға немесе мағынаға ұмтылуы тиіс.

Жан Пиаже (1896-1980) мен оның ізбасарлары генетикалық психология ілімін жасаған. Женевадағы психологиялық мектепте адамның, әсіресе, бала кезде зияттылығының (интеллектінің) пайда болуы мен дамуын анықтау мақсатымен зерттеулер жүргізілген. Генетикалық психологияның тұжырымдамасы: зияттылықтың дамуы эгоцентризмнен децентрация арқылы объективті позицияға экстерио- және интериоризация жолымен өту процесінде болады.

Альфред Адлер (1870-1937) еңбектері негізінде 1920-жылдары жеке-дара психология пайда болған. А. Адлер тұжырымдамасы бойынша, тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрыс мотивациясының негізгі қайнар көзі ретінде оның бойында кеңістіктер кешені мен оларды жеңуге ұмтылыстың болуы жатады.

2. Жоғары мектеп психологиясы ХХ-ғасырдың екінші жартысында ғана дербес ғылым саласы ретінде танылды. Дегенмен, жоғары мектеп психологиясы жоғарыда айтылғандай, педагогикалық психологияның бір саласы болып табылады. Сондықтан, педагогикалық психологияның даму жолы жоғары мектеп психологиясының тарихын анықтайды. Педагогикалық психологияның дамуында негізгі 3 саты ажыратылады: Бірінші саты - ХVІ-ғасырдың ортасынан басталып ХІХ-ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші саты ХІХ-ғасырдың орта кезінен ХХ-ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыды. Үшінші саты педагогикалық психологияның қазіргі кезеңін сипаттайды. Ал, оның басталуы шамамен ХХ-ғасырдың орта кезіне сәйкес келеді.

3. Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының жеке ғылыми сала болып шығуына негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы ХХ-ғасырдың екінші жартысында болды. Бұған республикада 1946-жылы тұңғыш психология кафедрасының қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылуы; жоғары мектеп оқытушыларының психология-педагогика ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуі, оқулық, оқу-әдістемелік кұралдар дайындауы орасан ықпалын тигізді. Республикада педагогикалық психологияның дамуына академик Төлеген Тәжібайүлы Тәжібаев (1910-1964) елеулі үлес қосты. Ол түрлі деңгейдегі аса жауапты басшылық қызметтер атқара жүріп, Қазақстанда алғаш рет психолог-педагог маман дайындау ісіне бастамашы болған. Т. Т. Тәжібаев білім беруде психология мен педагогиканы үйлестіре отырып, педагогикалық психология аясында зерттеу жүргізген.

Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының дамуына академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың (1920-1985) қосқан үлесі зор болды. М. М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М. М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты «Педагогикалық психология очерктері» (1962 ж.); «Жас және педагогикалық психология» (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М. М. Мұқанов студенттердің тұлға және маман ретінде дамуын зерттеген немесе жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған. Қазақстанда психология ғылымының әрқашан көкейтесті болатын мәселелерін зерттеу арқылы республика аумағында ғана емес, әлемдік психология-педагогика ғылымдарының қордалануына себепкер болған ғалым-тұлғалар баршылық. Мәселен, педагогикалық эмпатия бойынша республикада ең алғаш зерттеу жүргізген, болашақ мұғалімдерде педагогикалық эмпатияның қалыптасу заңдылықтарын тұжырымдаған Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Раиса Башибайқызы Қарамұратова (1946-1998) болды. Бұл оның еңбектеріне жасалатын сілтемелерден, зерттеулеріне Ю. Б. Гиппенрейтер сынды ғалымдардың берген жоғары бағасынан анық көрінеді. М. М. Мұқановтың шәкірті Р. Б. Қарамұратова Грузиядағы белгілі К. Д. Узнадзенің психологиялық ғылыми мектебінде диссертациясын қорғаған қазақ кыздарының біріншісі еді.

Р. Б. Қарамұратова студент кездерінде білім берген, оқытушылық қызмет таңдаған А. Р. Ерментаева, С. С. Хасенов, Ж. Қ. Әубәкірова, Н Д. Унарбекова, М. Д. Ауренова, А. 3. Теңкебаева сияқты шәкірттерінің психологиялық зерттеу жұмыстарына ден қоюына; педагогикалық психология, жоғары мектеп психологиясы бойынша ғылыми-педагогикалық іс-әрекет аясында өз жолын табуына бірден-бір әсер еткен ғалым-ұстаз болды. Қазақстанда педагогикалық психологияның дамуы және жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындау ісінде зор еңбек сіңірген ғалым, ұстаз - Жолмұхан Түрікпен-ұлы. Республикада педагогикалық психологияның қалыптасуы; оның категориялары мен ұғымдарының мемлекеттік тілде дәлме-дәл аударылып, қолдануы; психология мен педагогика ғылымдарының тарихын жасаушы тұлғалардың мұралары бойынша Ж. Түрікпен-ұлы құнды ғылыми еңбектер жариялап келеді.

Қорытынды

Қортындылай келе, психология дегеніміз —адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдықкәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болып табылады.



Пайдаланған әдебиеттер

1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Психология

2. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы «Мектеп» 350б.1980, 350б.

3. Тәжібаев Т. Жалпы психология Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 238б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет