Реферат тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» және «Маса» шығармалары



Pdf көрінісі
Дата03.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#156340
түріРеферат
Байланысты:
ех омырай
Жаднама

Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігі 


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет 
 
 
Факультеті:География және табиғатты пайдалану
Кафедра:Картография және Геодезия 

РЕФЕРАТ 
 
Тақырыбы:Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» және «Маса» 
шығармалары 
 

Орындаған:Аймухамет Бакытжан 
Тексерген:Сагинаева А.Н. 
 



Алматы, 2022ж 
Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы 
- А. Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл 
молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891 
- 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 
Ағартушылық жол А. Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді.
Қазақтың 
қараңғы түнін жарык кылган санаулы жұлдыздарымыздын бiрi - Ахмет 
Байтурсынов. Ахмет Байтурсынов казак халкынын әлеуметтiк өмiрi мен 
мәдениетіне аянбай адал кызмет еткен iрi кайраткер, үлкен талант иесі, 
тарихта орны айрықша зор тұлға.Әрбiр кезі ашық адамға А. Байтұрсыновтын 
кiм екенiн таныту ушiн осы сөздер де жеткiлiктi болар еді. Дегенмен, сәл 
аныгырак айтсак, А. Байтұрсынов ағартушы галым болу үшін елеулі 
еңбектер аткарып, мемлекет кайраткерлiгiне жету ушiн киын да күрделi 
жолдардан өтті. 1905 жылы педагогикалык училищені бітірген А. 
Байтурсынов Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, 
ұстаздык кызмет еттi, жатпай-тұрмай еңбек етіп, кайткенде казак халкынын 
көзін ашуға, санасын оятуға барын салды. Яғни,Ыбырай Алтынсариннің 
казакты сауатсыздыктан куткару ушін калаган сара жолын әрi карай 
жалғады. 
А. Байтурсынов XX ғасырдың басында демократиялык бағыттағы 
зиялылардын кешiн бастаушылардын бiрi, сондай-ақ Алаш партиясы мен 
Алаш автономиясын құруда басты рольд аткарушылардын бiрегейi болды 
десек артық айтқанымыз болмас. Казак халкынын мандай жаркырап өзге 
елдермен катар болуы үшiн ен алдымен оку-ағарту ісін аягына кою керек 
екендiгiн түсiнген А. Байтурсыновтын осы оку-агарту идеясы когамдык 
кызметiнiн аркауы, азаматтык борышынын негiзi болып табылды. Әрине, А. 
Байтурсыновтын енбегi жанып, арманы орындалды десек әбден болады.Бір 
сөзбен айтканда, ол өзiнiң барлык саналы гумырын казаккогамында бiлiм 
мен ғылымнын дамуына, ағартушылық iсiне арнады Ол өлең жазып, 
аудармамен айналысады. И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде 
өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте 
«Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер 
жинағы жарық көреді. 
А. Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А. Затаевичке бірнеше әндер 
жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, 
күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. 

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерiнiн дамуына айрыкша 


енбек сiңiрдi. 1909 және 1911 жылдары онын көпке белгiлi "Кырык мысал" 
және "Маса" жинактары жарияланды. Ахан халыктык көркем сөз өнерiнiн 
корын жинаушы, зерттеп, бастырушы ретiнде де көптеген кунды жумыстар 
iстедi.
"Кырык мысалды" Мухтар Әуезов "Калын казак журтынын алгашкы 
естіген, төңкеріс рухындагы сөзi" деп бағалады. Ал "Маса" казак окушысына 
естiлген екiншi елшілдік ұран болды" деп жазды.
Алаш рухты әдеиеттік 
іргетасын калаган акынның бiрi Ахмет Байтұрсынов 1905-1911 жылдары 
жазган олендері 1911 жылы Орынбор каласында жарык корген "Маса" атты 
жинагында басылды. 
Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы 
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 
1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк 
артқан деуге болады. 
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, 
Сап - сары, аяқтары ұзын маса. 
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, 
Дегенмен, қара яки қызыл маса. 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Сұрақ: - Маса жинағының мақсаты не? - Ақын маса жинағы арқылы не 
айтқысы келді? 
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, 
қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені 
көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, 
ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа 
да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. 
“Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты 
шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып 
ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. 
«Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер - білімге, 
рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге 
үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес. 
Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан 
өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық 
бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлының " Maca жинағындағы өлеңдерiнiң дені азаттықты 


аңсаған, күрес идеясына толы."Қазақ қалпы", "Қазақ салты",Досыма 
хат","Көк есектерге","Жұртыма", "Жұбату" сияқты шығармалары ел қамы 
үшін арпалысқан ақынның жан айқайы десек те болады. Ақынның осы 
өлейдерiнiң көпшiлiгi жылдардағы отарлық саясатка наразылық танытқан 
Алаш қозғалысының алғашқы белгiлерiнен хабардар етеді.
"Масаның" негізгі 
идеясы-жұртшылықты оқуға,өнер-білімге,рухани көтерілуге 
шақыру,адамгершілікті мәдениетті уағыздау,еңбек етуге үңдеу.Бұл кітапқа 
енген өлеңдерінде ақын қараңғылық,надандық,енжарлық сияқты 
кемшіліктерді сынайды.
Сонымен, бұл арада "аяктары узын маса" түснігінің 
сап-сары болуы жинақтағы өлеңдердің идеялық мазмұнын бедерлеп 
тургандай,яғни ақынның ұлт мүддесін ойлаған сарыуайымы десек те болады. 
Сондыктан болар олардың "өздерінің түсі" өзгермейтіндігі де. Ал 
"біздің"дегені өз үнінің "оян қазақ"деп жар салған Алаш азаматтарымен 
ортақтасып жатқандығын да білдірсе керек. Сонымен қатар, жинактағы 
өлеңдерінің өзгерiлмес "өзіне бікен түсі" бар екенін айқындағанда акын 
"кара, яки қызыл"тустi де ұмытпайды.Яғни бұл жинаққа ішінара 
адамгершiлiктi уагыздайтын тәрбиелік мәні бар мысал және аудармалары 
бар екенін аңғартады. Қанша жерден адамдардың"қақысын жеп,қанаттары 
бұзылса" да ызылдауын доғарылайтыны туралы баяндайды."Кырык мысал" 
орыстын атакты мысалшысы И. Крыловтан аударылған және сонын iзiмен, 
идеясымен жазылган елендер. Ол женiнде акын замандастарына арнаган 
бастау сөзінде:Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын. Әзірге колдан келген 
осы барым.Қанағат әзге деген, жоққа сабыр. Комсынып, қоңырайма, 
құрбылырым, -деп өзі айтып береді. А. Байтурсыновтын әдеби шыгарманын 
дал осы жанрын тандауында және нағыз халыктык Крыловты алуында улкен 
мән бар. Мысал жанры казак халкына да жакын, таныс дуние, гибрат айтып 
дұрыстыкка, жаксылыкка шакырудын ен бiр түсiнiктi амалы. Мунда әрбiр 
мысалдын сонгы шумактары алдынгы айтылғаннан шыгатын ой туйiнi, акыл-
насихат болып бiтедi де, ол казактын жалпак тiлiмен жеткiзiледi.Қырық 
мысал өлеңінде айтылған міндерді түсінген адам өз мінін дүзер,ал түсінбеген 
адам біреудің мініндей қарқ-қарқ күлер.Крыловтан аударған сондай 
аудармаларының бірі - «Қырық мысал» шығармасы.Бұл шығарма мысал 
түрінде жазылған. Мысал дегеніміз не?Мысал-эпостық шығармалардың 
ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң, 
хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, 
әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. 
Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр 
келеді. 

Шығармада автордың айтпақ ойы-мақтанға салынбау. Шыбынның образы 


арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді 
сынайды.Ахметтің «Қырық мысалдағы» өлеңдерін мына жүйелерге бөлуге 
болады: 1– Бірлік «Аққу, шортан, шаян» деген өлең былай келеді: «Жүк алды 
шаян, шортан, аққу бір күн Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады: 
ақку көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін» үшеуі үш жаққа 
тартқасын, жүк орнынан қозғалмағандығын айта кеп Ахмет, аяғында: 
«Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас, 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас!», — 
дейді.Бұл өлеңді жазғандағы Крыловтың «Аққуы» – дворян, «Шортаны» – 
саудагерлер, «Шаяны» – қара шекпен болуға тиіс. Крылов соларға біріңе-
бірің жәрдемдес, бірлік ет десе, Ахмет те қазаққа соны айтып отыр. «Ат пен 
есек» деген өлеңінде, біреу аты мен есегіне жүк салып қалаға шығады. Есек 
жүгін ауырлап, атқа жүгімді ауыс десе ат алмайды. Ақырында есек зорығып 
өледі де, иесі есектің жүгін, терісін атқа артып, мана тіл алмағанына ат 
өкінеді. Ахмет өлеңінің аяғында – «Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ 
керек,мысалы еткен қайыр бір бәйтерек. Қайырың біреуге еткен болып 
терек,көресің рахатын көлеңкелеп», — дейді.«Қырық мысалдың» біраз 
өлендері осы сықылды татулыққа, бірлікке шақыратын нәрселер. 








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет