Реферат тақырыбы: «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы.»



бет1/3
Дата14.12.2021
өлшемі30,5 Kb.
#127127
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
13апта сөж
14апта семинар, 13апта, 1тоқсан Есебі, Administrative Chart

Орындаған: Рахымбаев Ж.С.

Реферат тақырыбы: «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы.»

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс- тəсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі таңда қозғалып жатқан ең өзекті мəселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу əдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің əр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің білім жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық ұстанымдарын анықтау жəне айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Дəстүрлі əдістемелік жүйеде оқу үрдісіндегі бөліктер бірдей жəне бір уақытта қатысады. Ал классикалық оқу үрдісінде əдістемелік тəсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары, əдістері мен оқыту құралдары қолданылуы мүмкін. Электрондық оқытудың əдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, əдістерін жəне оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту əдістемелері мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың əдістеріне топтық əдіс жəне жеке дара оқыту əдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады [1].

«Педагогикалық технология» деген ұғымының эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең XX ғасырдың 40–50-жылдарын қамтиды. Мұнда «білім беру технологиясы» термині, негізінен, оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдіреді. Екінші кезең — XX ғасырдың 50– 60-жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі білім беру технологиясы дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең — XX ғасырдың 70-жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болады. Төртінші кезең — ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап, осы кездегі білім беру технология дегеніміз оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады. Педагогикалық технология деп оқыту процесінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару, диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысында танылады. Біздің ұсынатын бағытымыз осы соңғы айтылғанымен тығыз байланысты. Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану жəне нақты білім оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді. Бұл жерде білім берудің екі жақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып, жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы берілетін білім мазмұнынының теориялық деңгейде оқу мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы соны оқыту үдерісін жүйелеп тану болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет