Реферат Тақырыбы: Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы Орындаған: 206-топ студенті Оспан Марина



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі47,62 Kb.
#85247
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Оспан Марина206. Реферат.саясаттану

Қорытындылай келгенде,саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың қатысуының көрінісі болып табылады.Ол фактілерді,оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды,керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларында ,ұғымдарымен ойларында белгілейді және жүйелі түрде зерттейді.Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:

  • Біріншіден,ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтар мен елдердің саяси тәжірибесін көрсетеді.

  • Екіншіден,бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси білімдер жүйесінің категорияларында,ұғымдарында,түсініктерінде белгілейді.

  • Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікті , саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды.

Саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді.
Сонымен,саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының және даму тарихындағы саяси ойлардың қысқаша тарихы осындай.Оны білмей,адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып білу – қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге,онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам , құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абсаттаров Р.Б. «Саясаттану негіздері» Алматы, 2011ж
2. Зұлфұхар Гаипов, Шолпан Жандосова. «САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ» Оқу құралы. Алматы, 2015ж. - 41б.
3. Б. Өтемісов, Қ.Қарабала. «САЯСАТТАНУ» Ақтөбе, 2011 ж.
4.Өзбекұлы С. «Қазақстанның саяси - құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері». Алматы, 2004ж. -128б.
5.Махамбет. Жыр семсер. Алматы, 1979ж. -152б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет