Реферат тақырыбы: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы Орындаған : Бәкір Г. А



бет4/4
Дата21.11.2023
өлшемі73,77 Kb.
#192607
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
философия 12 срс Бәкір Г.А
жас ерекшелік, Служебная документация для внутреннего и внешнего пользования, Студенттерге арналған жазбаша емтихан тапсыру бойынша Пайдаланушы нұсқаулығы
Философиядағы қоғам мәселесі
Философия қоғам мәселесін басты назарға қоятын әлеуметтік ғылымдардың бірі.Философия ұғымы грек тілінен аударғанда «даналыққа деген сүйіспеншілікті» білдіреді екен («филиа» - сүю, «софиа» - даналық). Бұл сөзді ең алғаш қолданысқа енгізген ежелгі грек ғалымы Пифагор болатын. Алғашқы уақытта ел арасында кейбір ақша құмарлардың әсерінен мазаққа айналып, кейінірек даналықтың символына айналған философтардың ықпалымен жаңа сатыға көтерілген философия ұғымы адам мен қоршап жатқан ортаны терең зерттеп, зерделеуге баса назар аударды. Соның ішінде әлеуметтік философия қоғамды етене зерттеумен айналысады.
«Қоғам» ұғымы екі мағыналы болып келеді. Кең мағынада бұл ұғым жануарлар әлеміне де, және адамдарға да қатысты. Егер, бұл ұғым тек адамдарға ғана қатысты болса ол да әр түрлі мағынаға ие болады:
қоғам – ауқымды мағынада адамзат, әлемдік қауымдастық;
қоғам – тар мағынада этникалық, ұлттық-мемлекеттік бірлестік; шығу тегімен, ұстанымымыен, кәсіптерімен, мүдде-мақсаттарымен байланысты адамдар тобы.
ХІХ-ХХ ғғ. Философтары мен социологтарының пікіріне қарайтын болсақ, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам – ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э.Дюркгейм), қоғам – әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын индивидтердің өзара әрекеті (М.Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндірген Карл Маркс, қоғамның индивидтерден тұрмайтынын, бірақ осы индивидтердің бір-бірімен байланысының және қатынасының жиынтығын білдіретіндігін алға тартты.Осылайша, қоғам – адамдардың бірге жай ғана өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлесіп жасаған қызметтері, саналы түрде қойылған мақсат-мүдделерін іске асыруы. «Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы».Кез-келген қоғам адам индивидтерінен құрылады, және ол индивидтер өзара қарым-қатынас жасап, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста болуы қажет. Яғни, адамдардың белгілі бір жиынтығы өзінің қызметімен бірге өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға қабілетті болған кезде әлеуметтік топқа, қоғамға айналады. Қоғамдық өмір - бұл адамдардың бірлескен іс-әрекеті.


Қорытынды
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том

  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

  3. Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) қазақ философиясының қалыптасуы: ежелгі түркілік дәуір. Шәукенова З.К., Нұрмұратов С.Е., 2017. ЦБ Aknurpress / https://aknurpress.kz/login

  4. https://bilim-all.kz/article/14881-Filosofiyadagy-qogam-maselesi

  5. https://osken-onir.kz/kogam/4946-pragmatizm-degen-ne.html

  6. https://turkystan-kz.

  7. https://kk.warbletoncouncil.org/pragmatismo-657


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет