Реферат тақырыбы: «Дене тәрбиесінің қағидалары»



бет1/9
Дата06.12.2022
өлшемі75,53 Kb.
#161516
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат Дене тәрбиесінің қағидалары
12-тақырып

«Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі» КММ


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Дене тәрбиесінің қағидалары»

Орындаған: Каргулов М.


Тексерген: Абугалиев Б.

Қарағанды 2022ж.


Кіріспе
Қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар деп аталады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді. Дене тәрбиесі үрдісіне мынандай әдістемелік қағидалар тән:
Саналылық және белсенділік Көрнекілік.


Жүйелілік. Біртіндеушілік. Реттілік. Даралық.

  1. Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты жаттығушылардың санасында дене тәрбиесі мен әрекеттеріне деген саналы терең ой, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және олардың осы әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру. Саналылық және белсенділік қағидасы міндеттерін орындау кезінде оқытушы, жаттықтырушы мынандай талаптарды негізге алып орындауы қажет:

  2. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндетін орындауға жаттығушылардың ынтасын саналы түрде қалыптастыру. Жаттығушылардың алдына кезекті (жақын) және болашақ (алыс) мақсаттар қойылады. Кезекті мақсаттар: бір күрделі жаттығудың тәсілін меңгеру, кейбір дене қуаты қасиетін дамыту т.с.с. Болашақ мақсаттар: спорттық разряд алу, құрама командаға мүше болу.

  3. Сабаққа, я жаттығуға барлық зейінімен қызыға қатысу, іздене білу, жаттығуға берілу.

  4. Жаттығушылардың өз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту.Бұл талапты орындау үшін жаттығушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне талдау жасай білуі, орындау тәсілінен қателерін таба алуы және оларды қалай түзету керек екенін үйренулері қажет. Өз көңіл күйін, қашықтылығын бақылау, жаттықтыру күнделігін жүргізе

білу, объективті және субъективті мәліметтерге талдау жасау спортшының қабілетін жетілдіреді.
Көрнекілік қағидасы Көрнекілік дегеніміз – адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Көрнекілік қағидасын іске қосу мынандай жолдармен пайдаланылады:

  1. Үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсету.

  2. Әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету арқылы орындау.

  3. Оқытушының немесе бапкердің бейнелі сөздері: баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер т.б.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет