Реферат Тақырыбы: «Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, шарттары»


Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы



бет3/6
Дата15.02.2022
өлшемі25,87 Kb.
#131872
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-86794
8 билет тарих, b559f2a7e1a1fdbf79509471fdffcfb4dc029e37, Ас-Сунна, Глава 2, Урок 69., Документ Microsoft Word, ҒТФ жауаптар 4, Археология лек-1
2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.


Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
-денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
-қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
-қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
-әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген режиммен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну, т.б.) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық жаттығулар – осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшнрде жаттықандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет