Ұйым, кәсіпорын, мекеме атынан кәсіптік практика жетекшісінің қорытындысы



Дата02.05.2023
өлшемі14,4 Kb.
#175812
Байланысты:
Гүлмира мінездеме студентке
esimova, топочка полный , 3010 n 1201 s 1179 a 1200 TO 2018, Тақырып 2

Ұйым, кәсіпорын, мекеме атынан кәсіптік практика жетекшісінің
қорытындысы
Мамрепова Гүлмира Сәкенқызы Ә.Бөкейханов атындағы Binom school мектеп-лицейінде 16.01.2023 - 22.04.2023ж. аралығында педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практикадан өту кезінде Гүлмира өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Гүлмира тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Бүкіл тәжірибе барысында студент педагогикалық іс-әрекетке, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке және тәуелсіздікке жауапкершілікпен қарады. Сондай-ақ ол балаларға деген жоғары деңгейдегі педагогикалық такт пен сүйіспеншілікті көрсетті.
Бағдарламалар мен оқу материалының мазмұны туралы білім оңтайлы болып табылады. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мүмкіндігі жақсы дамыған. Гүлмира оқыту әдістемесін толық меңгерген.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті.
Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Гүлмира болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.

Кәсіптік практика жетекшісінің қолы (ұйым, кәсіпорын, мекеме атынан)


Туленов Б.А.
Қолы Т.А.Ә.
«22» сәуір 2023 ж.
МӨР

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет